О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 225 "Об утверждении Программы посткризисного восстановления (оздоровление конкурентоспособных предприятий)"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 1417

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан
от 4 марта 2011 года № 225 «Об утверждении Программы посткризисного восстановления (оздоровление конкурентоспособных предприятий)»
следующие изменение и дополнение:
      в Программе посткризисного восстановления (оздоровление конкурентоспособных предприятий), утвержденной указанным
постановлением:
      часть восемнадцатую раздела 2 изложить в следующей редакции:
      «Участниками Программы не могут являться юридические лица с участием государства, национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, а также юридические лица с иностранным участием.»;
      пункт 6 подраздела «Показатели результатов реализации Программы» раздела 4 дополнить частью третьей следующего содержания:
      «Мониторинг реализации планов реабилитаций (оздоровлений) участников Программы в отношении предприятий, с которыми не заключен договор субсидирования процентной ставки вознаграждения по кредитам и (или) лизинговым операциям, купона по облигациям в рамках Программы, не проводится.».
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

"Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасын (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1417 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасын (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру) бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 225 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Дағдарыстан кейін қалпына келтiру бағдарламасында (бәсекеге қабiлеттi кәсiпорындарды сауықтыру):
      2-бөлімнің он сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекет, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер  қатысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ шетелдер қатысатын заңды тұлғалар Бағдарламаға қатысушы бола алмайды.»;
      4-бөлімнің «Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кіші бөлімінің 6-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Бағдарлама шеңберінде кредиттер және (немесе) лизингтік операциялар бойынша сыйақының, облигациялар бойынша купонның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау шарты жасалмаған кәсіпорындарға қатысты бағдарламаға қатысушыларды оңалту (сауықтыру) жоспарларын іске асырудың мониторингi жүргізілмейді.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов