Об определении лицензиара по выдаче лицензии на изготовление Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан и уполномоченного органа на выдачу разрешений второй категории в сфере технического регулирования и метрологии

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2015 года № 12.

      В соответствии с подпунктами 2), 4) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить Комитет технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан:

      1) лицензиаром по осуществлению деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан;

      2) органом, уполномоченным на выдачу разрешений второй категории в сфере технического регулирования, стандартизации и обеспечения единства измерений, согласно приложению к настоящему постановлению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции постановления Правительства РК от 10.07.2019 № 497.

      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 14 декабря 2012 года № 1598 "О некоторых вопросах лицензирования деятельности по изготовлению Государственного Флага Республики Казахстан и Государственного Герба Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 4, ст. 67).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 21 января 2015 года № 12

Разрешения второй категории в сфере технического регулирования и метрологии

      Сноска. Приложение с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 24.09.2024 № 776 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


п/п

Наименование разрешительной процедуры

Наименование разрешения и вида деятельности (действия), для осуществления которой требуется наличие разрешения

1

2

3

Класс 3 – "разовые разрешения"

1.

Метрологическая аттестация методики выполнения измерений в сфере метрологического контроля

Свидетельство о метрологической аттестации методики выполнения измерений

2.

Регистрация в реестре Государственной системы измерений Республики Казахстан методики выполнения измерений, разработанной и аттестованной в странах Содружества Независимых Государств

Оттиск штампа на титульных листах методики выполнения измерений с регистрационными номерами

3.

Регистрация методики поверки средств измерений в реестре государственной системы обеспечения единства измерений

Регистрационный номер

Класс 5 – "разрешения, выдаваемые на профессиональную деятельность физическим лицам"

4

Выдача аттестата эксперта-аудитора в области технического регулирования (по подтверждению соответствия)

Аттестат эксперта-аудитора в области технического регулирования (по подтверждению соответствия)

4-1

Выдача аттестата эксперта-аудитора в области регулирования торговой деятельности (по определению страны происхождения товара, статуса товара Евразийского экономического союза или иностранного товара)

Аттестат эксперта-аудитора в области регулирования торговой деятельности (по определению страны происхождения товара, статуса товара Евразийского экономического союза или иностранного товара)

Класс 6 – "разрешения, выдаваемые на продукцию"

5.

Выдача сертификата об утверждении типа средств измерений

Сертификат об утверждении типа средств измерений

6.

Выдача сертификата о метрологической аттестации средств измерений

Сертификат о метрологической аттестации средств измерений

7.

Исключен постановлением Правительства РК от 24.09.2024 № 776 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

8.

Выдача сертификата о признании утверждения типа средств измерений

Сертификат о признании утверждения типа средств измерений

9.

Допуск к применению стандартного образца зарубежного выпуска

Выдача свидетельства на применение стандартного образца зарубежного выпуска

10.

Утверждение государственного стандартного образца

Сертификат об утверждении государственного стандартного образца


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысы.

      "Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.07.2019 № 497 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
қосымша

Техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.09.2024 № 776 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с№

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

3-сынып – "біржолғы рұқсаттар"

1.

Метрологиялық бақылау саласындағы өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы куәлік

2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу

Тіркеу нөмірлерімен өлшемдерді орындау әдістемесінің мұқаба парақтарындағы мөртабан таңбасы

3.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін тіркеу

Тіркеу нөмірі

5-сынып – "жеке тұлғаларға кәсіптік қызмет үшін берілетін рұқсаттар"

4.

Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру

Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты

4-1.

Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру

Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты

6-сынып – "өнімге берілетін рұқсаттар"

5.

Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат беру

Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат

6.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат

7.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.09.2024 № 776 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

8.

Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат беру

Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат

9.

Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету

Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік беру

10.

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат