Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақcтан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.01.2015 № 12 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
      3. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 1529 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 8,  156-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1598 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі

р/с

Біліктілік талаптары:

Құжаттар

Ескертпе

1

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар,сондай-ақ белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген мемлекеттік рәміздерді дайындау процесін регламенттейтін техникалық құжаттамалар (техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық-технологиялық құжаттама)

Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және техникалық тапсырма, техникалық шарттар, конструкторлық- технологиялық құжаттама, технологиялық процесс туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)



2

Жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы өндірістік-техникалық базаның (өндірістік үй-жайлардың, технологиялық жабдықтың, өлшеу және бақылау құралдарының, оның ішінде қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес дайындалған мемлекеттік рәміздердің сапасын және оларды дайындаудың технологиялық процесін сақтауды қамтамасыз ететін түстер атласының) болуы

Жеке меншік немесе оны жалға алу құқығындағы шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)



3

Пайдаланылатын өлшеу құралдарын және сынау жабдығын тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттың болуы

Сертификатты берген ұйымның атауы, сертификаттың атауы, нөмірі мен күні туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)



4

Мемлекеттік рәміздерді дайындаудың технологиялық процесіне байланысты, лицензияланатын қызмет саласында тиісті біліктілігі және білім деңгейі бар персоналдың болуы

Оқу орнының атауын, мамандығы мен біліктілігін, дипломның берілген күні мен нөмірін, орнын, сондай-ақ куәлікті, сертификатты берген ұйымның атауын, нөмірі мен күнін көрсете отырып, ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (қосымшаға сәйкес)



Қазақстан Республикасының       
Мемлекеттік Туын және         
Қазақстан Республикасының       
Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау  
жөніндегі қызметті жүзеге асыру   
үшін қойылатын біліктілік талаптары және
оларға сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша            

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау
жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік
талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны

      1. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар:
      стандарттың атауы_______________________
      стандарттың нөмірі______________________
      2. Техникалық құжаттаманың болуы:
      1) техникалық тапсырманың атауы_____________
      техникалық тапсырманың қабылданған күні_____________
      келісілді______________
      бекітілді______________
      2) Техникалық шарттардың атауы_____________
      келісілді__________
      бекітілді__________
      3. Өндірістік техникалық база:
      өндірістік үй-жайларды сатып алу/сату/жалға алу келісім шартының нөмірі_______________
      жасалған күні_________________
      кіммен жасалды (заңды тұлғаның және жеке тұлғаның атауы)_______
      технологиялық жабдықтың атауы_______________
      өлшеу және бақылау құралдарының атауы____________
      түстер атласының болуы бар/жоқ___________________
      4. Салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар:
      салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы
      сертификаттың берілген күні____________
      сертификатты берген органның атауы___________
      сертификаттың қолданылу мерзімі______
      5. Персонал:
      тегі, аты, әкесінің аты_______________
      мамандығының және біліктілігінің атауы______________
      дипломның/аттестаттың нөмірі________________________
      дипломның/аттестаттың берілген күні_________________
      дипломды/аттестатты берген оқу орнының атауы_________
      сертификаттың/куәліктің нөмірі_______________________
      сертификаттың/куәліктің берілген күні________________
      сертификатты/куәлікті берген ұйымның атауы___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады