Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы" 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 және "Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және "Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 776 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру

Техникалық реттеу саласындағы (сәйкестікті растау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-1-жолмен толықтырылсын:

      "

4-1

Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестатын беру

Сауда қызметін реттеу саласындағы (тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі) сарапшы-аудитор аттестаты

      ";

      реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын;

      2) "Өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау және "Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 296 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қазандағы № 718 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1.

Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ведомствосы

"Темір жол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 001/2011)

Өткізу (оның ішінде тасымалдау және сақтау)

"Жоғары жылдамдықты темір жол көлігінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 002/2011)

"Темір жол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 003/2011)

"Төмен вольтты жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 004/2011)

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011) (азаматтық пиротехникалық бұйымдар бөлігінде)

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)

"Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

"Жарылыс қаупі бар орталарда жұмыс істеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 012/2011)

"Автомобиль мен авиация бензиніне, дизель мен кеме отынына, реактивті қозғалтқышқа арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 013/2011)

"Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) (жол-құрылыс материалдары мен бұйымдары бөлігінде)

"Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 016/2011)

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 018/2011)

"Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 020/2011)

"Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 026/2012)

"Жарылғыш заттардың және олардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 028/2012)

"Жағармай материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 030/2012)

"Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 031/2012)

"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

"Сұйылтылған көмірсутек газдарына отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 036/2016)

"Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 037/2016)

"Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 038/2016)

"Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 039/2016)

"Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 041/2017)

"Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 042/2017)

"Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 043/2017)

"Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған мұнайдың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 045/2017)

"Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 046/2018)

"Энергия тұтынатын құрылғылардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 048/2019)

"Сұйық және газ тәріздес көмірсутегілерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарына қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020)

"Азаматтық қорғаныс және табиғи әрі техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатына арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 050/2021)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 шілдедегі № 731 қаулысымен бекітілген "Көмірдің және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген "Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 348-НҚ бұйрығымен бекітілген "Өнімді таңбалауға қойылатын талаптар" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22836 болып тіркелген)

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 2021 жылғы 27 шілдедегі № 85/қе бұйрығымен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23744 болып тіркелген)



Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 болып тіркелген) (құрылыс материалдары мен бұйымдары бөлігінде)

Өндіру, өткізу (оның ішінде өткізу кезінде тасымалдау және сақтау)

      ";

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган

"Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 006/2011)

Кәдеге жарату

"Шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 026/2012)

"Жағармай материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 030/2012)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1398 қаулысымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығымен бекітілген "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32940 болып тіркелген)

      ";

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Жергілікті атқарушы органдар

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 010/2011)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде)

"Лифтілердің қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 011/2011)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде лифтілерді және лифтілердің қауіпсіздік құрылғыларын)

"Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 014/2011) (облыстық маңызы бар, қалалық, аудандық және ауылдық округтер жолдары бөлігінде)

Жобалау, салу, пайдалану

"Астықтың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 015/2011)

Өткізу (оның ішінде өткізу кезінде сақтау және кәдеге жарату)

"Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 031/2012)

Пайдалану

"Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 038/2016)

"Балалардың ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 042/2017)

"Сұйық және газ тәріздес көмірсутегілерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарына қойылатын талаптар туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 049/2020)

Жобалау, салу

"Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті (КО ТР 032/2013)

Пайдалану (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде артық қысыммен жұмыс істейтін жабдық бөлігінде)

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығымен бекітілген "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы техникалық регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 болып тіркелген)

Жобалау, салу, монтаждау, пайдалану

      ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады