О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2013 года № 984 "Об утверждении Пенсионных правил единого накопительного пенсионного фонда"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 2015 года № 476. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 528

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 30.06.2023 № 528 (вводится в действие с 01.07.2023).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2013 года № 984 "Об утверждении Пенсионных правил единого накопительного пенсионного фонда" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 56, ст. 771) следующие изменения и дополнения:

      в Пенсионных правилах единого накопительного пенсионного фонда, утвержденных указанным постановлением:

      дополнить пунктом 12-1 следующего содержания:

      "12-1. в случае заключения вкладчиком (получателем) договора о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов, при наличии ранее заключенного договора о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов, вносятся сведения о новом договоре о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов уполномоченной организацией в единый список физических лиц, заключивших договор о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов.

      Сведения о новом договоре о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов в едином списке физических лиц, заключивших договор о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов, уполномоченная организация отражает в виде дополнительной информации.

      Обязательные профессиональные пенсионные взносы, инвестиционный доход, пеня и иные поступления в соответствии с законодательством Республики Казахстан о пенсионном обеспечении, поступившие по новому договору о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов, учитываются на индивидуальном пенсионном счете вкладчика (получателя), открытом на основании ранее заключенного договора о пенсионном обеспечении за счет обязательных профессиональных пенсионных взносов.";

      Пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Информация о состоянии пенсионных накоплений, представляемая ЕНПФ вкладчику (получателю), включает сведения о:

      1) сумме пенсионных накоплений и сумме начисленного инвестиционного дохода по состоянию на начало запрашиваемого периода;

      2) сумме пенсионных накоплений и сумме начисленного инвестиционного дохода по состоянию на конец запрашиваемого периода;

      3) величине комиссионного вознаграждения от инвестиционного дохода и пенсионных активов, утвержденной правлением Национального Банка Республики Казахстан и действующей на конец запрашиваемого периода;

      4) сумме пенсионных взносов, пени, переводов, выплат пенсионных накоплений и (или) удержанного индивидуального подоходного налога с указанием дат в течение запрашиваемого периода;

      5) сумме иных операций, отражающихся на индивидуальном пенсионном счете вкладчика (получателя), с указанием дат в течение запрашиваемого периода.";

      в пункте 16:

      подпункт 3) изложить в следующей редакции:

      "3) при личном обращении вкладчика (получателя) посредством услуг интернета с использованием электронной цифровой подписи и (или) присвоенного логина пользователя и пароля;";

      дополнить подпунктом 5) следующего содержания:

      "5) посредством услуг почтовой связи.";

      часть первую пункта 17 изложить в следующей редакции:

      "17. Ежегодное обязательное информирование вкладчика (получателя) ЕНПФ о состоянии пенсионных накоплений за истекший год по договорам о пенсионном обеспечении за счет обязательных пенсионных взносов, заключенным до утверждения настоящих Правил, осуществляется способом, указанным в электронных форматах, переданных ЕНПФ в порядке, установленном нормативным правовым актом уполномоченного органа, осуществляющего государственное регулирование, контроль и надзор финансового рынка и финансовых организаций, за исключением информирования посредством платежной карточки. Информация о состоянии пенсионных накоплений в рамках ежегодного информирования включает сведения, указанные в пункте 15 настоящих Правил.";

      Приложения 1 и 2 к Пенсионным правилам единого накопительного пенсионного фонда изложить в редакции согласно приложениям 1 и 2 к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 24 июня 2015 года № 476



  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 24 июня 2015 года № 476



"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 476 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 984 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 56, 771-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:

      "12-1. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған кезде салымшы (алушы) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жағдайда, уәкілетті ұйым міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт туралы мәліметтерді енгізеді.

      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған жеке тұлғалардың бірыңғай тізімінде қосымша ақпарат түрінде көрсетеді.

      Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа шарт бойынша түскен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсімпұл және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер салымшының (алушының) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасаған шарт негізінде ашылған жеке зейнетақы шотында есепке алынады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Салымшыға (алушыға) БЖЗҚ ұсынатын зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта:

      1) сұратылып отырған кезеңнің басындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық табыс сомасы;

      2) сұратылып отырған кезеңнің соңындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы және есептелген инвестициялық табыс сомасы;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы бекіткен және сұратылып отырған кезеңнің соңында қолданыста болған инвестициялық табыстан және зейнетақы активтерінен түсетін комиссиялық сыйақының шамасы;

      4) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, зейнетақы жарналарының, өсімпұлдың, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемдерінің және (немесе) ұсталған жеке табыс салығының сомасы;

      5) сұратылып отырған кезең ішіндегі күндерді көрсете отырып, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотында көрсетілетін өзге де операциялардың сомасы туралы мәліметтер қамтылады.";

      16-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) салымшы (алушы) электрондық цифрлық қолтаңбаны және (немесе) пайдаланушының берілген логині мен паролін пайдалана отырып, интернет қызметтері арқылы өзі өтініш жасаған кезде;";

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) пошта байланысы қызметтерінің көмегімен.";

      17 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Төлем карточкасы арқылы хабардар етуді қоспағанда, БЖЗҚ-ның салымшыны (алушыны) осы Қағидалар бекітілгенге дейін жасалған міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша өткен жылдағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы жыл сайын міндетті хабардар етуі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен БЖЗҚ-ға берілген электрондық форматтарда көрсетілген тәсілмен жүзеге асырылады. Жыл сайынғы хабардар ету шеңберінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратта осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылады.";

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 476 қаулысына
1-қосымша
 

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 24 маусымдағы
№ 476 қаулысына
2-қосымша