О некоторых вопросах Центра развития государственно-частного партнерства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 1056. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 584.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 14.07.2023 № 584 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьями 1 и 26 Закона Республики Казахстан от 31 октября 2015 года "О государственно-частном партнерстве" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить акционерное общество "Казахстанский центр государственно-частного партнерства" Центром развития государственно-частного партнерства (далее - общество) с целью осуществления деятельности в области государственно-частного партнерства посредством решения следующих задач:

      1) проведение исследований в области государственно-частного партнерства;

      2) обеспечение высокого качества оценки и экспертизы бизнес планов и конкурсной документации проектов государственно-частного партнерства;

      3) обеспечение подготовки и повышения квалификации специалистов в области государственно-частного партнерства.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 17.04.2018 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Для выполнения возложенных задач общество осуществляет следующие виды деятельности:

      1) проведение исследований и выработка рекомендаций по вопросам государственно-частного партнерства;

      2) проведение экспертизы бизнес-планов республиканских проектов государственно-частного партнерства при прямых переговорах по определению частного партнера, в том числе при внесении в них соответствующих изменений и (или) дополнений;

      3) проведение экспертизы конкурсной документации республиканских проектов государственно-частного партнерства, в том числе при внесении в них соответствующих изменений и (или) дополнений;

      4) исключен постановлением Правительства РК от 17.04.2018 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования);

      5) оценка реализации проектов государственно-частного партнерства;

      6) обучение специалистов в области государственно-частного партнерства;

      7) ведение перечня проектов государственно-частного партнерства, планируемых к реализации.

      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлением Правительства РК от 17.04.2018 № 200 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2008 года № 693 "О создании специализированной организации по вопросам концессии" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 33, ст. 343) следующее изменение:

      подпункт 14) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "14) исследований в области бюджетных инвестиций;".

      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и Министерству национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 584 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.07.2023 № 584 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам):

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында зерттеулер жүргізу;

      2) бизнес-жоспарлар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаматтамасын бағалау мен сараптаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласында мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету міндеттерін шешу арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы қызметті жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоғам жүктелген міндеттерді орындау үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу;

      2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарларына сараптама жүргізу;

      3) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;

      4) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруды бағалау;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мамандарды оқыту;

      7) іске асырылуы жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін жүргізу.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 33, 343-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулер;".

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов