Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 584 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 14 шілдедегі
№ 584 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 қаулысы.

      2. "Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, оларға қатысты Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасы қолданылмайтын ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 1342 қаулысы.

      3. "Концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 109 қаулысы.

      4. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 200 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      6. "Дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығымен ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, оларға қатысты "Инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданылмайтын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 858 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 маусымдағы № 430 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады