О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2007 года № 314 "О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1152

     Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан «О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2007 года № 314 «О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                   К. Масимов

О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан
от 13 апреля 2007 года № 314 «О мерах по модернизации экономики
Республики Казахстан»

      ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 13 апреля 2007 года № 314 «О мерах по модернизации экономики Республики Казахстан» (CАПП Республики Казахстан, 2007 г., № 11, ст. 120) следующие изменения:
      в Положении о Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики Республики Казахстан, утвержденном вышеназванным Указом:
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Задачей Государственной комиссии является выработка рекомендательных решений по вопросам повышения конкурентоспособности и эффективности экономики Казахстана, разгосударствления и приватизации государственных организаций и дочерних, зависимых организаций национальных управляющих холдингов и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, балансовая стоимость которых составляет более 2 500 000 – кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года, а также дочерних и зависимых организаций акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», подлежащих передаче в конкурентную среду, а также повторного использования антикризисных средств, выделенных из Национального фонда Республики Казахстан.»;
      подпункт 1) пункта 6 изложить в следующей редакции:
      «1) выносит рекомендательные решения по вопросам индустриально-инновационного развития, модернизации экономики Казахстана, повторного использования антикризисных средств, выделенных из Национального фонда Республики Казахстан, а также разгосударствления и приватизации государственных организаций и дочерних, зависимых организаций национальных управляющих холдингов и иных юридических лиц, являющихся аффилированными с ними, балансовая стоимость которых составляет более 2 500 000 – кратного размера месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете и действующего на 1 января соответствующего финансового года, а также дочерних и зависимых организаций акционерного общества «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына», подлежащих передаче в конкурентную среду;».
      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                     Н.Назарбаев

"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1152 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі
шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
13 сәуірдегі № 314 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 314 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 11, 120-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру, теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік ұйымдарды және ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдарын, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге жататын еншілес және тәуелді ұйымдарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты қайта пайдалану мәселелері жөнінде ұсынымдық шешімдер әзірлеу Мемлекеттік комиссияның міндеті болып табылады.»;
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстанның экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту, жаңғырту мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан дағдарысқа қарсы бөлінген қаражатты қайта пайдалану, сондай-ақ теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500000 еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік ұйымдарды және ұлттық басқарушы холдингтердің және олармен үлестес өзге де заңды тұлғалардың еншілес, тәуелді ұйымдардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бәсекелес ортаға беруге жататын еншілес және тәуелді ұйымдарын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мәселелері бойынша ұсынымдық шешімдер шығарады;».
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев