О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2016 года № 653 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования при осуществлении экспортных операций с сырой нефтью, полученной в качестве доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июня 2019 года № 436

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 ноября 2016 года № 653 "Об утверждении Правил (методики) ценообразования при осуществлении экспортных операций с сырой нефтью, полученной в качестве доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года" следующие изменения и дополнение:

      в Правилах (методике) ценообразования при осуществлении экспортных операций с сырой нефтью, полученной в качестве доли Республики Казахстан по Соглашению о разделе продукции по Северному Каспию от 18 ноября 1997 года, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 3 и 4 изложить в следующей редакции:

      "3. Цена сделки (реализации) рассчитывается по следующей формуле:

      P = B + S - D

      где:

      P - цена сделки (реализации) на сырую нефть;

      В - средняя из средних котировок на сырую нефть сорта североморский ценовой эталон за 1 (один) баррель, применяемых на соответствующем рынке в соответствии с условиями контракта, опубликованных в источнике информации Platts, на каждую отгрузку с учетом котировок, действующих в течение пяти котировальных дней, следующих за датой коносамента;

      S - спрэд (Spread vs Fwd Dated Brent в строке CPC Blend CIF), одна или средняя нескольких последовательных средних котировок, публикуемых в источнике информации Platts, в период с 10 по 25 день до 1 дня окна погрузки в соответствии с условиями контракта.

      Для грузов с окнами погрузки в первой и второй декаде месяца применяется спрэд (котировка) в период с 1 по 25 календарный день до 1 дня окна погрузки. Окна погрузки в порту погрузки определяются на основе утвержденного официального позиционного графика, выпускаемого морским терминалом по заявке, полученной от транспортной компании.

      D - дифференциал, учитываемый в зависимости от условий поставки сырой нефти, определенный в контракте, применяемый для приведения в сопоставимые экономические условия цены из источника информации в соответствии с Законом, включающий в себя:

      расходы по фрахту судна;

      расходы по страхованию груза;

      маржу покупателя;

      портовые сборы;

      расходы по сверхнормативному простою танкера, буксировке и пилотажу при прохождении турецких проливов;

      скидку (премию) на партии нефти с поставкой танкерами объемом 135 тысяч тонн к партиям с поставкой танкерами объемом 85 тысяч тонн (CPC-85-135);

      расходы по инспекции груза;

      банковские расходы по открытию и обслуживанию безотзывного аккредитива;

      расходы по потерям при перевозке сырой нефти.

      4. При доставке сырой нефти до портов Черного моря по маршруту Атырау-Самара для последующей продажи на условиях FOB цена сделки (реализации) рассчитывается по следующей формуле:

      P = B + S ± К - D

      где:

      P - цена сделки (реализации) на сырую нефть;

      B - средняя из средних котировок на сырую нефть сорта североморский ценовой эталон за 1 (один) баррель, применяемых на соответствующем рынке в соответствии с условиями контракта, опубликованных в источнике информации Platts, на каждую отгрузку с учетом котировок, действующих в течение пяти котировальных дней, следующих за датой коносамента;

      S - спрэд (Spread vs Fwd Dated Brent в строке Urals RCMB), одна или средняя нескольких последовательных средних котировок, публикуемых в источнике информации Platts, в период с 10 по 25 день до 1 дня окна погрузки в соответствии с условиями контракта.

      Для грузов с окнами погрузки в первой и второй декаде месяца применяется спрэд (котировка) в период с 1 по 25 календарный день до 1 дня окна погрузки. Окна погрузки в порту погрузки определяются на основе утвержденного официального позиционного графика, выпускаемого морским терминалом по заявке, полученной от транспортной компании;

      K - корректировка цены по градусу API (эскаляция-деэскаляция) рассчитывается в виде премии/скидки в случае, если качество сырой нефти выше/ниже стандартного промежутка базовых пределов плотности (например, 32.00-32.09 градусов API для нефти сорта Urals) по условиям контракта;

      D - дифференциал, учитываемый в зависимости от условий поставки сырой нефти, определенный в контракте, применяемый для приведения в сопоставимые экономические условия цены из источника информации в соответствии с Законом, включающий в себя:

      расходы по фрахту судна;

      расходы по страхованию груза;

      портовые сборы;

      расходы по сверхнормативному простою танкера, буксировке и пилотажу при прохождении турецких проливов;

      скидку (премию) на партии нефти с поставкой танкерами объемом 140 тысяч тонн к партиям с поставкой танкерами объемом 80 тысяч тонн (URL-80-135);

      маржу покупателя;

      расходы по инспекции груза;

      банковские расходы по открытию и обслуживанию безотзывного аккредитива;

      расходы по потерям при перевозке сырой нефти.";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. Скидка (премия) на партии нефти с поставкой танкерами объемом 140 тысяч тонн (Suezmax) к партиям с поставкой танкерами объемом 80 тысяч тонн (Afrаmax) определяется как среднее из средних значений котировок URL-80-135, согласно данным Thomson Reuters, в период с 10 по 25 день до 1 дня окна погрузки. При этом, в случае, если котировка имеет отрицательное значение, то данная составляющая дифференциала увеличивает общее значение дифференциала и уменьшает значение цены и, наоборот, в случае положительного значения котировки, уменьшает общее значение дифференциала и увеличивает значение цены. Для судна класса Aframax скидка к танкерным партиям не применяется.";

      дополнить пунктом 19-1 следующего содержания:

      "19-1. Скидка (премия) на партии нефти с поставкой танкерами объемом 135 тысяч тонн (Suezmax) к партиям с поставкой танкерами объемом 85 тысяч тонн (Afrаmax) определяется как среднее из средних значений котировок CPC-85-135, согласно данным Thomson Reuters, в период с 10 по 25 день до 1 дня окна погрузки. При этом, в случае, если котировка имеет отрицательное значение, то данная составляющая дифференциала увеличивает общее значение дифференциала и уменьшает значение цены и, наоборот, в случае положительного значения котировки, уменьшает общее значение дифференциала и увеличивает значение цены. Для судна класса Aframax скидка к танкерным партиям не применяется.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

"1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 653 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 436 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 653 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = B + S – D

      мұндағы:

      P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;

      В – коносамент күнінен кейінгі бес белгіленім күні ішінде қолданыста болатын белгіленімдерді есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге Platts ақпарат көзінде жарияланған, тиісті нарықта келісімшарт талаптарына сәйкес қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташасы;

      S – спрэд (CPC Blend CIF жолында Spread vs Fwd Dated Brent), сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Platts ақпарат көзінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.

      Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің 1-күніне дейін күнтізбелік 1-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері көлік компаниясынан алынған өтінім бойынша теңіз терминалы шығаратын бекітілген ресми позициялық график негізінде айқындалады;

      D – тауарды сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:

      кемені жалдау бойынша шығыстар;

      жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;

      сатып алушы маржасы;

      порттық алымдар;

      түрік бұғаздарынан өткен кезде танкерлердің нормативтен тыс тұрып қалуы, тіркеп сүйреу және пилотаж бойынша шығыстар;

      көлемі 85 мың тонна танкерлермен (CPC-85-135) жеткізілетін партияларға көлемі 135 мың тонна танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы);

      жүк инспекциясы бойынша шығыстар;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар.

      4. FOB шарттарымен кейіннен сату үшін Атырау – Самара бағыты бойынша Қара теңіз порттарына дейін шикі мұнайды жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = B + S ± К – D

      мұндағы:

      P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;

      В – коносамент күнінен кейінгі бес белгіленім күні ішінде қолданыста болатын белгіленімдерді есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге Platts ақпарат көзінде жарияланған, тиісті нарықта келісімшарт талаптарына сәйкес қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташасы;

      S – спрэд (Urals RCMB жолында Spread vs Fwd Dated Brent), сатуға келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Platts ақпарат көзінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.

      Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің 1-күніне дейін күнтізбелік 1-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері көлік компаниясынан алынған өтінім бойынша теңіз терминалы шығаратын бекітілген ресми позициялық график негізінде айқындалады;

      K – егер шикі мұнайдың сапасы келісімшарт талаптары бойынша базалық тығыздық шегінің стандартты аралығынан жоғары/төмен болса (мысалы, Urals сұрыпты мұнай үшін 32.00-32.09 API градус), API градусы бойынша бағаны түзету (эскаляция-деэскаляция) сыйлықақы/жеңілдік түрінде есептеледі;

      D – келісімшартта айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:

      кемені жалдау бойынша шығыстар;

      жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;

      порттық алымдар;

      түрік бұғаздарынан өткен кезде танкерлердің нормативтен тыс тұрып қалуы, тіркеп сүйреу және пилотаж бойынша шығыстар;

      көлемі 80 мың тонна танкерлермен (URL-80-135) жеткізілетін партияларға көлемі 140 мың тонна танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы);

      сатып алушы маржасы;

      жүк инспекциясы бойынша шығыстар;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көлемі 80 мың тонна (Afrаmax) танкерлермен жеткізілетін партияларға қатысты көлемі 140 мың тонна (Suezmax) танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы) тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Thomson Reuters деректеріне сәйкес URL-80-135 белгіленімдерінің орташа мәндерінің орташасы ретінде айқындалады. Бұл ретте, егер белгіленім мәні теріс болса, онда дифференциалдың осы құрамбөлігі дифференциалдың жалпы мәнін арттырып, бағаның мәнін азайтады және, керісінше, белгіленім мәні оң болған жағдайда, дифференциалдың жалпы мәнін азайтып, бағаның мәнін арттырады. Aframax сыныбындағы кеме үшін танкерлік партияларға жеңілдік қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Көлемі 85 мың тонна (Afrаmax) танкерлермен жеткізілетін партияларға қатысты көлемі 135 мың тонна (Suezmax) танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы) тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Thomson Reuters деректеріне сәйкес СРС-85-135 белгіленімдерінің орташа мәндерінің орташасы ретінде айқындалады. Бұл ретте, егер белгіленім мәні теріс болса, онда дифференциалдың осы құрамбөлігі дифференциалдың жалпы мәнін арттырып, баға мәнін азайтады және, керісінше, белгіленім мәні оң болған жағдайда, дифференциалдың жалпы мәнін азайтып, баға мәнін арттырады. Aframax сыныбындағы кеме үшін танкерлік партияларға жеңілдік қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин