1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы № 653 қаулысы.

      "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 2 қарашадағы
№ 653 қаулысымен
бекітілген

1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу
туралы келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде
алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру
кезінде баға белгілеу қағидалары (әдістемесі)
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде баға белгілеу қағидалары (әдістемесі) (бұдан әрі – Қағидалар) "Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және 1997 жылғы 18 қарашадағы Солтүстiк Каспий бойынша өнiмдi бөлу туралы келiсiм (бұдан әрі – Келісім) бойынша Қазақстан Республикасының үлесі ретінде алынған шикі мұнаймен экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде бағаларды айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер, анықтамалар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

      1) ақпарат көздері (баспагер және баспа елі) – Crude Oil Market Wire Basic Service (The McGraw-Hill Companies (Platts), Ұлыбритания, (бұдан әрі – Platts) және 3000Xtra, RTC Advanced (Thomson Reuters EIKON) (Thomson Reuters, Ұлыбритания (бұдан әрі – Thomson Reuters);

      2) бағыт – тауарды тасымалдау және сату бағыты;

      3) дифференциал – Заңға сәйкес мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;

      4) келісімшарт – тауарды сатып алу-сату шарты;

      5) КҚК – Каспий Құбыржол Консорциумының құбыржол жүйесі – Теңізде (Қазақстан) басталатын және Атырау (Қазақстан), Астрахань, Комсомольск және Кропоткин арқылы Новороссийск ауданындағы Терминалға (Ресей – КҚК-Р) дейін өтетін бірыңғай құбыржол жүйесі;

      6) коносамент – жөнелтілген тауарды кеменің алғанын растайтын оған берілген құжат;

      7) мәміле (сату) бағасы – келісімшарт валютасында көрсетілген және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес есептелген, келісімшарттарға сәйкес бір өлшем бірлік үшін тауар бағасы;

      8) мұнай белгіленімі – ақпарат көздерінде жарияланатын баға белгіленімі;

      9) өкілетті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және өнімді бөлу туралы келісімдерде Қазақстан Республикасының мүддесі үшін әрекет ететін заңды тұлға;

      10) сапа бойынша түзету – шикі мұнайдың сапалық сипаттамалары (тығыздық, күкірттің болуы) бойынша мәміле бағасын түзету;

      11) солтүстік теңіз баға эталоны – Platts-та жарияланатын "Brent (Dated)" немесе "BFOE" мұнайының белгіленімі;

      12) спрэд – ақпарат көздеріндегі түрлі белгіленімдер арасындағы баға айырмашылығы;

      13) тауар – Келісім бойынша Қазақстан Республикасының үлесін заттай нысанда төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындау есебінен пайдалы қазбаларды беру шеңберінде салық төлеуші берген және өкілетті орган алған шикі мұнай;

      14) FOB, CIF, DAP – Инкотермс 2010-ға сәйкес жеткізу базистері;

      15) Platts Dirty Tanker Wire Basic Service – мұнайға жалдау ақысының мөлшерлемелері туралы ресми танылған ақпарат көзі.

2-тарау. КҚК құбыржол жүйесін пайдалана отырып КҚК-Р терминалы
FOB шарттарымен сату кезінде шикі мұнайға мәміле (сату) бағасын
айқындау тәртібі

      3. Мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = B + S – D

      мұндағы:

      P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;

      В – коносамент күнінен кейінгі бес белгіленім күні ішінде қолданыста болатын белгіленімдерді есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге Platts ақпарат көзінде жарияланған, тиісті нарықта келісімшарт талаптарына сәйкес қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташасы;

      S – спрэд (CPC Blend CIF жолында Spread vs Fwd Dated Brent), сатуға арналған келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Platts ақпарат көзінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.

      Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің 1-күніне дейін күнтізбелік 1-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері көлік компаниясынан алынған өтінім бойынша теңіз терминалы шығаратын бекітілген ресми позициялық график негізінде айқындалады;

      D – тауарды сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:

      кемені жалдау бойынша шығыстар;

      жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;

      сатып алушы маржасы;

      порттық алымдар;

      түрік бұғаздарынан өткен кезде танкерлердің нормативтен тыс тұрып қалуы, тіркеп сүйреу және пилотаж бойынша шығыстар;

      көлемі 85 мың тонна танкерлермен (CPC-85-135) жеткізілетін партияларға көлемі 135 мың тонна танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы);

      жүк инспекциясы бойынша шығыстар;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 436 қаулысымен.

3-тарау. Атырау – Самара жүйесі бойынша шикі мұнайды тасымалдау
кезінде мәміле (сату) бағасын айқындау тәртібі

      4. FOB шарттарымен кейіннен сату үшін Атырау – Самара бағыты бойынша Қара теңіз порттарына дейін шикі мұнайды жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = B + S ± К – D

      мұндағы:

      P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;

      В – коносамент күнінен кейінгі бес белгіленім күні ішінде қолданыста болатын белгіленімдерді есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге Platts ақпарат көзінде жарияланған, тиісті нарықта келісімшарт талаптарына сәйкес қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташасы;

      S – спрэд (Urals RCMB жолында Spread vs Fwd Dated Brent), сатуға келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Platts ақпарат көзінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні.

      Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің 1-күніне дейін күнтізбелік 1-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері көлік компаниясынан алынған өтінім бойынша теңіз терминалы шығаратын бекітілген ресми позициялық график негізінде айқындалады;

      K – егер шикі мұнайдың сапасы келісімшарт талаптары бойынша базалық тығыздық шегінің стандартты аралығынан жоғары/төмен болса (мысалы, Urals сұрыпты мұнай үшін 32.00-32.09 API градус), API градусы бойынша бағаны түзету (эскаляция-деэскаляция) сыйлықақы/жеңілдік түрінде есептеледі;

      D – келісімшартта айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен алынған бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:

      кемені жалдау бойынша шығыстар;

      жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;

      порттық алымдар;

      түрік бұғаздарынан өткен кезде танкерлердің нормативтен тыс тұрып қалуы, тіркеп сүйреу және пилотаж бойынша шығыстар;

      көлемі 80 мың тонна танкерлермен (URL-80-135) жеткізілетін партияларға көлемі 140 мың тонна танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы);

      сатып алушы маржасы;

      жүк инспекциясы бойынша шығыстар;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 436 қаулысымен.

      5. FOB шарттарымен кейіннен сату үшін Атырау – Самара бағыты бойынша Балтық теңізі порттарына дейін шикі мұнайды жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = B + S ± К – D

      мұндағы:

      P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;

      В – Platts ақпарат көзінде жарияланған келісімшарт талаптарына сәйкес тиісті нарықта коносамент күнінен кейінгі бес белгіленім күні ішінде қолданыста болатын белгіленімдерді есепке ала отырып, әрбір жөнелтуге қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташа белгіленім.

      S – спрэд (Urals Rotterdam жолында SpreadvsFwdDatedBrent), сатуға келісімшарт талаптарына сәйкес тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен 25-күнге дейінгі кезеңде Platts ақпарат көзінде жарияланатын бірнеше дәйекті орташа белгіленімдердің бірі немесе орташа мәні;

      Айдың бірінші және екінші онкүндіктерінде тиеу терезелері бар жүктер үшін тиеу терезесінің 1-күніне дейін күнтізбелік 1-күннен 25-күнге дейінгі кезеңдегі спрэд (белгіленім) қолданылады. Тиеу портында тиеу терезелері көлік компаниясынан алынған өтінім бойынша теңіз терминалы шығаратын бекітілген ресми позициялық кесте негізінде айқындалады;

      K – егер шикі мұнайдың сапасы келісімшарт талаптары бойынша базалық тығыздық шегінің стандартты аралығынан жоғары/төмен болса (мәселен, Urals сұрыпты мұнай үшін 32.00-32.09 API градус), API градусы бойынша баға белгіленімі (эскаляция-деэскаляция) сыйлықақы/жеңілдік түрінде есептеледі;

      D – тауарды сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:

      кемені жалдау бойынша шығыстар;

      сатып алушы маржасы;

      жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;

      жүк инспекциясы бойынша шығыстар;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар;

      Балтық теңізі порттарындағы порттық алымдар бойынша шығыстар;

      Роттердам портына кеменің кіруі үшін порттық алымдар бойынша шығыстар;

      күкірт шығарындыларын бақылау аймағындағы экологиялық алымдар (ECA);

      мұз алымдары, мұз жиегінде және мұзда күту уақытын/осы акваториядағы қалыпты жылдамдықпен салыстырғанда мұздан өту кезіндегі уақыт айырмашылығын (кідіруді) қоса алғанда, қысқы маусым бойы тіркеп сүйреу үшін қосымша ақы;

      мемлекеттік уәкілетті органдар немесе уәкілетті көлік компаниялары мұнай сапасының әртүрлі екенін растаған жағдайда, ол болған кезде Усть-Луга порты мен Приморск портындағы шикі мұнай сапасының арасындағы айырмашылығы үшін өтемақы.

      6. Шығыс Еуропа елдерінің шекарасына дейін DAP сату шарттарымен Дружба магистральдық мұнай құбыры арқылы шикі мұнайды жеткізген кезде мәміле (сату) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:

      P = B + S – D

      мұндағы:

      P – шикі мұнайға мәміле (сату) бағасы;

      В – Platts ақпарат көзінде жарияланған келісімшарт талаптарына сәйкес тиісті нарықта жеткізу жүзеге асырылатын ай бойы қолданылатын солтүстік теңіз баға эталоны сұрыпты шикі мұнайдың 1 (бір) баррелі үшін орташа белгіленімдердің ішіндегі орташа белгіленім;

      S – жеткізу жүзеге асырылатын ай үшін "Russian Urals/ESPO spot assessments" тақырыбымен Platts Crude Oil Market Wire Basic Service жарияланатын солтүстік теңіз баға эталоны мұнайына Urals Rotterdam дифференциалының орташа күнделікті белгіленімдерінен орташа арифметикалық мән;

      D – тауарды сатып алу-сату келісімшартында айқындалған, Заңға сәйкес ақпарат көзінен бағаны салыстырымды экономикалық шарттарға келтіру үшін қолданылатын, шикі мұнайды жеткізу шарттарына байланысты есепке алынатын дифференциал, ол мыналарды қамтиды:

      мұнай өңдеу зауытына дейін тасымалдау бойынша шығыстар;

      сатып алушы маржасы;

      жүкті сақтандыру бойынша шығыстар;

      жүк инспекциясы бойынша шығыстар;

      қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстары;

      шикі мұнайды тасымалдау кезіндегі ысыраптар бойынша шығыстар.

4-тарау. Дифференциал құрамбөліктерін айқындау

      7. Ақпарат көзінен бағаны салыстырымды экономикалық шарттар ға келтіру мақсатында тауарды жеткізу шарттарына байланысты дифференциалға тауардың межелі (жеткізу) тиісті нарығына дейін тауарды жеткізуге және оны сатуға байланысты сатып алушының негізделген және құжаттамалы түрде және (немесе) ақпарат көздерімен расталған шығыстары қосылады.

      Дифференциал құрамбөліктері бастапқы құжаттармен расталады, бастапқы құжаттар болмаған және (немесе) негізделмеген жағдайда, дифференциал құрамбөліктерінің мөлшері Platts, Thomson Reuters-те жарияланатын нарықтық бағалар диапазонының ең төменгі/орташа мәні ретінде қабылданады.

      8. Теңіз тасымалының құны (жалдау ақысы) жалдау ақысы шарттарының (charter party, time-charter) көшірмелерімен немесе танкерді жалдау шарттарынан үзінділердің көшірмелерімен (CP recap), 1 (бір) нетто баррельге жалдау құнын төлеуге шоттар (invoice) көшірмелерімен және сатып алушының есептесулерінің көшірмелерімен немесе Platts Dirty Tanker Wire Basic Service деректерімен расталады. Бұл ретте кемені жалдау бойынша шығыстар мынадай шығыстардан аспауға тиіс:

      FOB жеткізу шарттарымен Қара теңіз порттары жалдау шартында көрсетілген Worldscale (WS) мөлшерлемесі бойынша есептелген Август портына дейінгі шығыстар құнынан аспайды;

      FOB жеткізу шарттарымен Балтық теңізі порттары жалдау шартында көрсетілген Worldscale (WS) мөлшерлемесі бойынша есептелген Роттердам жүкті түсіру портына дейінгі шығыстар құнынан аспайды, оған Platts Dirty Tanker Wire Basic Service ресми жарияланымдарына сәйкес Роттердам портына кеменің кіруі қосылады.

      Көрсетілген құжаттардың көшірмелерін сатып алушы куәландыруға тиіс.

      9. Кемені жалдау құны кемені жалдау күнінде айқындалады. Кемені жалдау бойынша бастапқы құжаттар болмаған жағдайда, жалдау құны теңіз коносаменті күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнге дейін орташа мәні ретінде айқындалады. Жалдау құнын есептеген кезде тиісті тауар партиясын жөнелту үшін пайдаланылатын танкердің жүк көтергіштігі (Aframax, Suezmax), flat rate базалық мөлшерлемесі және Platts Dirty Tanker Wire Basic Service жарияланатын Worldscale (WS) шамасы ескеріледі.

      10. Қайтарып алынбайтын аккредитивті ашу және оған қызмет көрсету бойынша банк шығыстарының құны мынадай құжаттармен расталады:

      банк аккредитивінің шарттары жазылатын шикі мұнайды сатып алу-сату келісімшарттарының түпнұсқалары;

      аккредитив сатушының пайдасына ашылғанын және аккредитив ашуға банк шығыстарын растайтын банк құжаттарының түпнұсқалары;

      танкердің атауын, тауарды тиеу күнін, баррельдегі көлемдер, банктің пайыздық мөлшерлемесін, аккредитив сомасын және баррель үшін банк шығыстарының сомасын көрсете отырып, әрбір жекелеген жеткізу бойынша сатып алушының белгісі және қолы бар мағынасы ашылып жазылған түпнұсқалары.

      11. Тасымалдау кезіндегі ысыраптар мөлшері тәуелсіз инспекторлық компаниялар есептерінің көшірмелеріне сәйкес есептеледі, ал олар болмаған жағдайда, Thomson Reuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

      12. Сатып алушының маржасы коносамент күніне Thomson Reuters жарияланатын диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

      13. Тасымалдау кезінде жүкті сақтандыру құны шарттардың көшірмелерімен, немесе сақтандыру полистерінің көшірмелерімен, немесе төлемге шоттардың (invoice) көшірмелерімен, сақтандыру құны бойынша сатып алушының есептесу көшірмелерімен расталады, олар болмаған жағдайда, Thomson Reuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

      14. Жүктің сапасы мен санын айқындау бойынша жүк инспекциясының құны инспекторлық қызмет көрсетуге шарттардың көшірмелерімен, төлемге шоттардың (invoice) көшірмелерімен, инспекция құны бойынша сатып алушының есептесу көшірмелерімен, тәуелсіз инспекторлық компаниялар есептерінің көшірмелерімен расталады, олар болмаған жағдайда, Thomson Reuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады. Инспекция құны әрбір өлшеу нүктесінде ескеріледі.

      15. Роттердам портында жүкті түсіру құны Роттердам портына бағытты растайтын бастапқы құжаттармен расталады, олар болмаған жағдайда, ThomsonReuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

      16. Портта порттық алымдардың құны тиісті қызметтерді көрсетуге шарттардың көшірмелерімен, төлемге шоттардың (invoice) көшірмелерімен расталады, олар болмаған жағдайда, Thomson Reuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

      17. Порттарда жүкті ауыстырып тиеу бойынша шығыстардың құны тиісті қызметтерді көрсетуге шарттардың көшірмелерімен, төлемге шоттардың (invoice) көшірмелерімен расталады, олар болмаған жағдайда, Thomson Reuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

      18. Күкірт шығарындыларын бақылау аймағындағы экологиялық алымдар (ECA) charter party (ECA бөлімі) көшірмелерімен, кеме иесінің инвойстары көшірмелерімен, Worldscale деректерімен (бағыттың мөлшерлемесін және оның милядағы бір жаққа және кері жаққа ұзындығын растау) расталады, олар болмаған жағдайда, Thomson Reuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

      19. Көлемі 80 мың тонна (Afrаmax) танкерлермен жеткізілетін партияларға қатысты көлемі 140 мың тонна (Suezmax) танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы) тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Thomson Reuters деректеріне сәйкес URL-80-135 белгіленімдерінің орташа мәндерінің орташасы ретінде айқындалады. Бұл ретте, егер белгіленім мәні теріс болса, онда дифференциалдың осы құрамбөлігі дифференциалдың жалпы мәнін арттырып, бағаның мәнін азайтады және, керісінше, белгіленім мәні оң болған жағдайда, дифференциалдың жалпы мәнін азайтып, бағаның мәнін арттырады. Aframax сыныбындағы кеме үшін танкерлік партияларға жеңілдік қолданылмайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 436 қаулысымен.

      19-1. Көлемі 85 мың тонна (Afrаmax) танкерлермен жеткізілетін партияларға қатысты көлемі 135 мың тонна (Suezmax) танкерлермен жеткізілетін мұнай партияларына жеңілдік (сыйлықақы) тиеу терезесі күнінің 1-күніне дейін 10-күннен бастап 25-күнді қоса алған кезеңде Thomson Reuters деректеріне сәйкес СРС-85-135 белгіленімдерінің орташа мәндерінің орташасы ретінде айқындалады. Бұл ретте, егер белгіленім мәні теріс болса, онда дифференциалдың осы құрамбөлігі дифференциалдың жалпы мәнін арттырып, баға мәнін азайтады және, керісінше, белгіленім мәні оң болған жағдайда, дифференциалдың жалпы мәнін азайтып, баға мәнін арттырады. Aframax сыныбындағы кеме үшін танкерлік партияларға жеңілдік қолданылмайды.

      Ескерту. 4-тарау 19-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 25.06.2019 № 436 қаулысымен.

      20. Усть-Луга портындағы және Приморск портындағы тауар сапасы арасында сападағы айырмашылық үшін өтемақы кіру және шығу орындарында бастапқы құжаттардың көшірмелерімен расталады, олар болмаған жағдайда, Thomson Reuters деректеріне сәйкес диапазондағы ең төменгі мәні қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады