О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2019 года № 799.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 24 октября 2019 года № 799

Изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1509 "Об утверждении специального перечня должностных лиц Республики Казахстан, перевозимых на воздушном транспорте, в отношении которых досмотр не производится":

      в специальном перечне должностных лиц Республики Казахстан, перевозимых на воздушном транспорте, в отношении которых досмотр не производится, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 14 исключить.

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 3 июня 2011 года № 625 "Об утверждении перечня лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., № 41, ст. 524):

      в перечне лиц, обслуживаемых в специально отведенных залах аэропортов Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 27 исключить.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 18 сентября 2012 года № 1213 "Об утверждении Правил возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов в связи с выполнением ими служебных обязанностей" (САПП Республики Казахстан, 2012 г., № 71, ст. 1038):

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан от 3 октября 1995 года "О Службе государственной охраны Республики Казахстан" и статьей 18 Закона Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах национальной безопасности Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов в связи с выполнением ими служебных обязанностей, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов, а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов в связи с выполнением ими служебных обязанностей, (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 19 Закона Республики Казахстан от 3 октября 1995 года "О Службе государственной охраны Республики Казахстан", статьей 18 Закона Республики Казахстан от 21 декабря 1995 года "Об органах национальной безопасности Республики Казахстан" и определяют порядок и условия возмещения ущерба, причиненного здоровью и имуществу сотрудника или военнослужащего специальных государственных органов (далее – сотрудника), а также ущерба, причиненного здоровью и имуществу членов семьи и близких родственников сотрудника в связи с выполнением им служебных обязанностей.".

      4. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 21 января 2013 года № 16 "Об утверждении Правил передачи, реализации, утилизации и списания имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) недвижимого имущества специальных государственных органов Республики Казахстан":

      в Правилах передачи, реализации, утилизации и списания имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) недвижимого имущества специальных государственных органов Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункты 9, 10 и 11 изложить в следующей редакции:

      "9. Служба государственной охраны Республики Казахстан (далее – СГО) не позднее 20 января года, следующего за отчетным, направляет сведения о неиспользуемом имуществе в Комитет национальной безопасности Республики Казахстан (далее – КНБ).

      10. На основании полученных сведений КНБ составляет общий перечень неиспользуемого имущества специальных государственных органов и направляет его в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования и СГО для определения потребности в имуществе.

      11. Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования и СГО в месячный срок после получения общего перечня неиспользуемого имущества направляют заявку в КНБ на потребность в имуществе или письменно за подписью заместителя первого руководителя сообщают об отсутствии таковой.

      После получения заявок Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований и СГО окончательный перечень неиспользуемого имущества специальных государственных органов утверждается совместным приказом первых руководителей специальных государственных органов по согласованию с заинтересованными государственными органами Республики Казахстан (далее – утвержденный перечень).".

      5. Утратил силу постановлением Правительства РК от 29.08.2023 № 734 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      6. Утратил силу постановлением Правительства РК от 18.08.2022 № 571 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).

      7. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 16 октября 2017 года № 646дсп "Об утверждении единой системы оплаты труда работников для всех органов, содержащихся за счет государственного бюджета": (с пометкой "Для служебного пользования").

      8. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 "О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей":

      в Правилах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей) за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      абзац четвертый части третьей пункта 3 исключить;

      в Правилах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей) за перевозку до 10 тонн собственного имущества при перемещении по службе и увольнении со службы, утвержденных указанным постановлением:

      абзац четвертый части второй пункта 3 исключить;

      в Правилах возмещения затрат членов семей сотрудников специальных государственных органов (кроме курсантов, слушателей), постоянно совместно проживающих с ними, за проезд на транспорте по территории Республики Казахстан при перемещении сотрудника специального государственного органа, а также увольнении сотрудника специального государственного органа со службы, утвержденных указанным постановлением:

      абзац четвертый части третьей пункта 3 исключить.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 799 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 24 қазандағы
№ 799 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1509 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген әуе көлігімен тасымалданатын, оларға қатысты қарап тексеру жүргізілмейтін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының арнайы тізбесінде:

      14-тармақ алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 41, 524-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесінде:

      27-тармақ алып тасталсын.

      3. "Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1038-құжат):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерiнiң немесе әскери қызметшiсiнiң (бұдан әрі – қызметкерінің) денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды, сондай-ақ қызметкердiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкiне келтiрiлген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.".

      4. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 16 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының мүліктерін беру, өткізу, кәдеге жарату және есептен шығару, сондай-ақ жылжымайтын мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

      9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – МКҚ) есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей пайдаланылмайтын мүлік туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – ҰҚК) жібереді.

      10. Алынған мәліметтердің негізінде ҰҚК арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкінің жалпы тізбесін жасайды және оны мүлікке қажеттілікті айқындау үшін Қарулы Күштерге, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға және МКҚ-ға жібереді.

      11. Қарулы Күштер, басқа әскерлер мен әскери құралымдар және МКҚ пайдаланылмайтын мүліктің жалпы тізбесін алғаннан кейін бір ай мерзімде ҰҚК-ге мүлікке қажеттілік туралы немесе мұндай қажеттіліктің жоқтығы туралы бірінші басшының орынбасарының қолы қойылған жазбаша өтінім жібереді.

      Қарулы Күштердің, басқа әскерлер мен әскери құралымдардың және МКҚ-дан өтінімдер алынғаннан кейін арнаулы мемлекеттік органдардың пайдаланылмайтын мүлкінің түпкілікті тізбесі Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен (бұдан әрі – бекітілген тізбе) бекітіледі.".

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 734 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.08.2022 № 571 қаулысымен.

      7. "Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646қбп қаулысында: ("Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгімен).

      8. "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) шығындарын өтеу қағидаларында:

      3-тармақтың үшінші бөлігінің төртінші абзацы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызмет бойынша ауысқан кезде және қызметтен шығарылғанда арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жеке мүліктерінің 10 тоннаға дейінгі көлемін тасымалдауға кеткен шығындарын өтеу қағидаларында:

      3-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері орын ауыстырған кезде, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қызметтен шығарылған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлiкте жүргені үшін арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа), олармен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің шығындарын өтеу қағидаларында:

      3-тармақтың үшінші бөлігінің төртінші абзацы алып тасталсын.