Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 маусымдағы
№ 625 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы
бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.05.2014 № 577 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.10.2014 N 1098 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2021 № 831 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 1082 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.02.2023 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.02.2023 № 121 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.10.2023 № 935 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.04.2024 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Президент

      2. Премьер-Министр

      3. Парламент Сенатының Төрағасы

      4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы

      5. Мемлекеттік кеңесші

      6. Президент Әкімшілігінің Басшысы

      7. Конституциялық Соттың Төрағасы

      8. Жоғарғы Соттың Төрағасы

      9. Ұлттық Банк төрағасы

      10. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

      11. Премьер-Министрдің орынбасарлары

      11-1. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары

      12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы

      13. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары

      14. Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы

      15. Бас прокурор

      16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      17. Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасы

      18. Сенат Төрағасының орынбасары

      19. Мәжіліс Төрағасының орынбасары

      20. Президенттің Іс басқарушысы

      20-1. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі

      21. Президенттің көмекшілері

      22. Президент Кеңсесінің басшысы

      23. Президенттің кеңесшілері

      24. Президентке бағынысты және есеп беретін агенттіктердің басшылары

      25. Министрлер

      26. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

      26-1. "Алтын қыран" (Золотой Орел) орденінің және "Халық қаһарманы" (Народный герой), "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының иегерлері

      27. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 16.10.2014 N 1098 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      29. Астананың, Алматы қаласының және облыстардың әкімдері

      30. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитеттерінің төрағалары

      31. Парламент депутаттары

      32. Төтенше және Өкілетті Елшілер

      33. Үкімет Аппаратының Басшысы

      33-1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы

      34. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

      35. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері

      36. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі және Астана мен Алматы архиепископы

      37. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      38. Ұлттық компаниялардың басшылары

      39. Конституциялық Соттың судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары

      40. Парламент палаталары, Конституциялық Сот аппараттарының басшылары

      41. Үкімет Аппараты Басшысының орынбасарлары

      41-2. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының орынбасарлары

      42. Мемлекеттік орталық органдардың аппарат басшылары, министрлердің және мемлекеттік органдар төрағаларының орынбасарлары, Орталық сайлау комиссиясының және Жоғары аудиторлық палатаның мүшелері

      43. Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілері

      44. Қазақстан Республикасының Президенті отбасының мүшелері

      45. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары

      46. Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мәжілісінің төрағалары, Мемлекеттік кеңесшісі, Премьер-Министрінің орынбасарлары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынбасарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері

      47. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасына сапармен немесе жолай келетін делегацияларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын басшылары мен мүшелері

      48. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары

      Ескертпе:* — қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда адамдарға қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында бұған қоса Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады