Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1213 Қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1213 қаулысымен
бекітілген

Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 666 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес әзірленді және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерінің немесе әскери қызметшісінің (бұдан әрі – қызметкер) денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу қызметкер қызметін өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органын ұстауға көзделген қаражат есебінен жүргізіледі.

      3. Осы Қағидаларға сәйкес залалды өтеу түрінде төленген сома кейіннен залал келтірген адамнан өндіріп алынып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражатынан толық көлемде өтелуге тиіс.

      4. Қызметкердің баянаты, қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының өтініші қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалды өтеу үшін негіз болады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2023 № 1154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Залалды өтеу үшін қызметкер тікелей бастығына ұлттық қауіпсіздік органының бірінші басшысының қаржы және (немесе) экономикалық қызметке жетекшілік ететін орынбасарының атына жазылған залалды өтеу туралы баянат ұсынады.

      Бұл ретте қызметкердің отбасы мүшесінің немесе жақын туысының залалды өтеу туралы өтініші ұлттық қауіпсіздік органына жіберіледі.

      Баянатқа (өтінішке) қызметкердің денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды, сондай-ақ қызметкердің қызметтік міндеттерін орындауына байланысты оның отбасы мүшесі мен жақын туысының денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды өтеу туралы сот шешімінің көшірмесі не одан соттың мөрімен куәландырылған үзінді (судьяның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сот актісінің көшірмесі не одан үзiндi) және (немесе) келтірілген залал туралы маманның (сарапшының) қорытындысы қоса беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2023 № 1154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Өтелетін залалдың мөлшері сот арқылы белгіленеді.

      7. Қызметкер, қызметкердің отбасы мүшесі немесе жақын туысы осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұлттық қауіпсіздік органының уәкілетті басшысы өтелетін залал сомасын көрсетіп, залалды өтеу туралы бұйрықты (бұдан әрі – бұйрық) бекітеді, оны қызметкер қызмет өткеріп жатқан жердегі кадр бөлімшесі дайындайды.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2023 № 1154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Кадр бөлімшесі залалды өтеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде одан үзіндіні төлемдерді қамтамасыз ету үшін ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2023 № 1154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Залалды өтеу бұйрық негізінде алушының ағымдағы шотына:

      1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болған кезде – ұлттық қауіпсіздік органының қаржы бөлімшесіне бұйрық түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Залалды екі рет (мемлекеттің және кінәлі тұлғаның есебінен) өтеуге жол бермеу мақсатында кадр бөлімшесі қызметкерге, қызметкердің отбасы мүшесіне немесе жақын туысына ақшалай қаражат аударылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде шешім шығарған судьяға залалдың мемлекет есебінен өтелгені туралы ақпарат жібереді, ал заң бөлімшесі аударылған соманы заңсыз іс-әрекетінің нәтижесінде қызметкерге, қызметкердің отбасы мүшесіне немесе жақын туысына залал келтірген тұлғадан өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2023 № 1154 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Залал келтірген кінәлі тұлғаның есебінен залал өтелген жағдайларда қызметкер қызмет өткеріп жүрген ұлттық қауіпсіздік органы аталған төлемді жүзеге асырмайды.

      11. Төлемдерді заңсыз алуға бағытталған әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтырады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады