1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында қант саласын дамыту жөніндегі 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Кешенді жоспарды орындауға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары
(келісу бойынша):
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жартыжылдықта бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасында қантты ішкі тұтыну 2022 жылы 550 мың тонна деңгейінде болады деп бағалануда.
Қазіргі уақытта республикада қант қызылшасын өңдеу бойынша жалпы тәуліктік қуаты 8,7 мың тонна және құрақ қанты шикізатын өңдеу бойынша 2,4 мың тонна болатын 4 қант зауыты жұмыс істейді.
2021 жылы ішкі нарықты отандық шикізатты өңдеу есебінен қантпен қамтамасыз ету 7 %-ды (35,7 мың тонна), құрақ қанты шикізаты мен дайын қанттың импорты есебінен – 93 %-ды құрады (497 мың тонна).
Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қазақстанның ішкі нарығына дәстүрлі қант жеткізушілер болып табылады. Импорттың жалпы көлемінде Ресей Федерациясының үлесі 88,3 %-ды, Беларусь Республикасының үлесі 11,5 %-ды, басқа елдердің үлесі 0,15 %-ды құрайды.
Ішкі нарықтың отандық өндіріспен қамтамасыз етілуінің төмендігі осы дақылдың басқалармен салыстырғанда көп шығынды әрі рентабельділігінің төмен болуы салдарынан қант қызылшасының егіс алаңдарының қысқаруына, қызылша өсіретін шаруашылықтардың ұсақ тауарлы болуына, су ресурстарының тапшылығына, суару желілерінің тозуына, қант қызылшасының импорттық тұқымдары құнының жоғары болуына және басқа да факторларға байланысты болды.
Өткен ғасырдың ортасында салынған қант зауыттарына ішінара жаңғырту жүргізілгеніне қарамастан, технологиялық желілер мен жабдықтардың жоғары дәрежеде тозуы өндірілетін өнім көлемін ұлғайтуды және бағаның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы қант бағасының құбылмалылығы, сондай-ақ ішкі нарықта анағұрлым арзан бағадағы ресейлік қанттың үстемдік етуі бірнеше жылдар бойы отандық қант саласына кері әсерін тигізіп келеді.
Көрсетілген факторлар ішкі қант нарығының импортқа жоғары дәрежеде тәуелді болуына алып келді.
Елімізде саланың табысты дамуы үшін түйінді факторлар бар: суармалы жерлердің болуы, халық санының өсуі және қантты өнеркәсіптік тұтынушылар қуаттарының кеңеюі есебінен 2026 жылы ішкі нарық сыйымдылығының 590 мың тоннаға дейін ұлғаюы, жұмыс істеп тұрған 4 қант зауытының жүктелмеген қуаттары, жұмыс күші.
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында импортқа тәуелділікті едәуір қысқартуға және біртіндеп өзін-өзі қамтамасыз етуге көшуге бағытталған қант саласын дамыту жөніндегі кешенді тәсіл талап етіледі.
қант қызылшасының егіс алаңдарын жыл сайын орта есеппен 6,5 мың гектарға ұлғайтып, 38 мың гектарға дейін жеткізу арқылы зауыттарды шикізатпен қамтамасыз етуді;
суару желілерін салу және реконструкциялау, ылғал үнемдеу технологияларын қолдану, 10 мың гектардан астам жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу, қант қызылшасын өсіру, жинау және тасымалдау бойынша агротехникалық қызметтерді дамыту жолымен инфрақұрылымдық қамтамасыз етуді;
технологиялық жабдықтарды жаңарту, шикізат бойынша өндірістік қуатты тәулігіне 8,7 мың тоннадан 17,7 мың тоннаға дейін кеңейту жолымен жұмыс істеп тұрған қант зауыттарын жаңғыртуды және жаңа инновациялық қант зауытын салуды;
отандық зауыттардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және қант импорттаушы елдер тарапынан демпингті болғызбау үшін бақылау бағаларының ең төмен деңгейін және қанттың бөлшек сауда/шекті бағаларының ең төмен деңгейін белгілеу арқылы ішкі нарықты қорғау жөніндегі шараларды көздейді.
Қазақстан Республикасында қант саласын дамыту жөніндегі 2022 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспардың (бұдан – Кешенді жоспар) іс-шараларын іске асыруға шикізат базасын (тұқым, тыңайтқыш, өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу) дамытуға жеке инвестицияларды тартуға қажеттілік 2026 жылға дейін шамамен 297 млрд теңгені, бюджеттік субсидиялар көлемі 129 млрд теңгені құрайды.
Жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғыртуды және жаңа зауыт салуды ескере отырып, негізгі және айналым қаражатына арналған инвестицияларға қажеттілік шамамен 200 млрд теңгені, бюджеттік субсидиялар көлемі 40 млрд теңгені құрайды.
Мемлекеттік қолдау шаралары қаржы институттарының ("Бәйтерек" ҰБХ" АҚ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы қаражатын тарта отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 732 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобада көзделген қаражат шеңберінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, суару желілерін дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 731 қаулысымен бекітілген "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы шеңберінде көрсетілетін болады.
Салықтық преференциялар беру үшін Қазақстан Республикасының Салық кодексіне тиісті өзгерістер енгізіледі, субсидиялау нормативтерін ұлғайту есебінен шикізат өндірушілерге тұқым сатып алуға және қант қызылшасын өсіруге жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтеу жөніндегі іс-шараларды нормативтік қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Кешенді жоспарды іске асыру алдағы 5 жылда отандық шикізаттан қант өндіру көлемін 250 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 2026 жылға қарай 2021 жылмен салыстырғанда импорт үлесі 58 %-дан 17 %-ға дейін төмендейді, отандық шикізатты өңдеу есебінен қамтамасыз етілу 7 %-дан 43 %-ға дейін артады.
Р/с №
|
Іс-шара атауы
|
Аяқтау нысаны
|
Орындау мерзімі
|
Жауапты орындаушылар
|
Қаржыландыру көлемі
|
Қаржыландыру көздері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
---|
Күтілетін нәтижелер:
1) қант қызылшасының егіс алаңдарын 38 мың гектарға дейін кеңейту;
2) қант қызылшасының жалпы түсімін 1 800 мың тоннаға дейін ұлғайту;
3) отандық шикізаттан қант өндіру көлемін 250 мың тоннаға дейін ұлғайту;
4) отандық шикізатты қайта өңдеу есебінен қамтамасыз етілуді 7 %-дан 43 %-ға дейін ұлғайту;
5) ақ қант импортының үлесін 58 %-дан 17 %-ға дейін төмендету.
|
1. Қант өндірушілерді отандық шикізатпен қамтамасыз ету
|
1.
|
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге кешенді талдау жүргізу және қызылша егетін аудандардағы пайдаланылмайтын жер учаскелерінің тізілімін жасап, жер учаскелерін кейіннен жер заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеп тұрған және жоспарланып отырған жаңа қант зауыттарына, сондай- ақ АШТӨ-ге беру
|
Қазақстан Республикасының
Үкіметіне
ақпарат
|
жыл сайын,
2022 – 2024 жылдар
|
АШМ, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
2.
|
Ауыл шаруашылығы жерлеріне іргелес жатқан суару инфрақұрылымына (каналдар, арықтар, су қоймалары және басқалар) техникалық жай-күйі тұрғысынан кешенді талдау жүргізу және салу (реконструкциялау) бойынша одан әрі жұмысты қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының
Үкіметіне
ақпарат
|
2023 жылғы
2-тоқсан
|
АШМ, ЭГТРМ, Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
3.
|
Жұмыс істеп тұрған және жоспарланып отырған жаңа қант зауыттарының қажеттіліктерін ескере отырып, қант зауыттарымен және АШТӨ-мен кооперативтер құру жөніндегі жоспар-графикті жылдар бойынша бекіту
|
АШМ-ға ақпарат
|
2023 жылғы 2-тоқсан
|
Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
4.
|
Қант қызылшасының егіс алаңдарын ұлғайту:
2023 жылы 16,7 мың га (Алматы – 0,2 мың га, Жетісу – 8,1 мың га, Жамбыл – 8,4 мың га); 2024 жылы 25,6 мың га (Алматы – 0,2 мың га, Жетісу – 10,7 мың га, Жамбыл – 14,7 мың га);
2025 жылы 31,8 мың га (Алматы – 0,2 мың га, Жетісу – 12,2 мың га, Жамбыл – 19,4 мың га);
2026 жылы 38 мың га (Алматы – 0,2 мың га, Жетісу – 15 мың га, Жамбыл – 22,8 мың га)
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын,
2023 – 2026 жылдар
|
Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
жалпы сипаттағы трансферттердің лимиттері шеңберінде
|
2025 жылға дейін АӨК ұлттық жобасында көзделген қаражат шеңберінде, 2026 жылы – бюджетті нақтылау шеңберінде
|
5.
|
АШТӨ-ге қант қызылшасының болашақ түсіміне өткізу үшін қант зауытының қаражаты есебінен қант зауыттарының қант қызылшасы тұқымдарын тікелей тұқым өндірушіден немесе дистрибьютордан импорттауы
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын,
2022 – 2023 жылдар
|
Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
6.
|
Қант қызылшасы тұқымдарының жаңа сорттарын шығару
|
АШМ-ға жылдық есеп
|
жыл сайын, 2024 – 2026 жылдар
|
АШМ, "ҰАҒБО" КеАҚ
|
"Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурстық рәсімдер шеңберінде
|
АӨК ұлттық жобасында көзделген қаражат шеңберінде
|
7.
|
2026 жылға қарай су үнемдеу технологияларына арналған алаңдарды 99,1 мың га-ға дейін жеткізе отырып кеңейту, оның ішінде:
Алматы облысы:
2022 жылы –18,1 мың га;
2023 жылы – 1,9 мың га;
2024 жылы – 1,3 мың га;
2025 жылы – 1,4 мың га;
Жамбыл облысы:
2022 жылы – 50,3 мың га;
2023 жылы – 2,9 мың га;
2024 жылы – 6,7 мың га;
2025 жылы – 7,5 мың га;
Жетісу облысы:
2022 жылы – 3,3 мың га;
2023 жылы – 3,2 мың га;
2024 жылы – 1,3 мың га;
2025 жылы – 1,2 мың га.
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын,
2022 – 2026 жылдар
|
Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)
|
жалпы сипаттағы трансферттердің лимиттері шеңберінде
|
АӨК ұлттық жобасында көзделген қаражат шеңберінде
|
2. Қант қызылшасы өндірісін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
|
8.
|
АӨК субъектілерін суармалы сумен қамтамасыз ету үшін:
суаруда пайдалану үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты сулары орындарын жете барлау;
Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамаларының мерзімін ұлғайту жағына қарай ұзарту;
суаруда пайдалану үшін ұңғымалар қазу бөлігінде жұмыс істеп тұрған коммуналдық кәсіпорындардың функцияларын кеңейту арқылы жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану
|
АШМ-ға ақпарат
|
2023 жылғы 2-тоқсан
|
ЭГТРМ, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
9.
|
Жетісу облысы Ақсу ауданының суару желілерін реконструкциялау есебінен су ресурстарын ұтымды пайдалану және 2025 жылға қарай су шығынын 6 мың гектарға дейін қысқарту
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын,
2023 – 2025 жылдар
|
ЭГТРМ, Жетісу облысының әкімдігі
|
6,9 млрд теңге
|
Ислам Даму банкінің қаражаты шеңберінде
|
10.
|
Жетісу облысы Көксу ауданының суару желілерін реконструкциялау есебінен су ресурстарын ұтымды пайдалану және 2025 жылға қарай су шығынын 13,5 мың гектарға дейін қысқарту
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын, 2024 – 2025 жылдар
|
ЭГТРМ, Жетісу облысының әкімдігі
|
8 млрд теңге
|
|
11.
|
Жетісу облысы Алакөл ауданының суару желілерін реконструкциялауды қаржыландыру мәселесін пысықтау
|
АШМ-ға ақпарат
|
2023 жылғы 2-тоқсан
|
ЭГТРМ, Жетісу облысының әкімдігі
|
талап етілмейді
|
-
|
12.
|
Жетісу облысының Ақсу ауданында Қызылағаш суару алабын салу есебінен су ресурстарын ұтымды пайдалану және 2025 жылға қарай су шығынын 6 мың гектарға дейін қысқарту
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын, 2022 – 2025 жылдар
|
ЭГТРМ, Жетісу облысының әкімдігі
|
8,96 млрд тенге
|
"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасының қаражаты шеңберінде
|
13.
|
Жамбыл облысында су қоймаларын салу жөніндегі жобаларды іске асыру есебінен су ресурстарын ұтымды пайдалану және 26,7 мың гектар суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыру:
1. "Ақмола"
2. "Ырғайты"
3. "Қалғұты"
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын, 2022 – 2025 жылдар
|
ЭГТРМ, Қаржымині,
Жетісу облысының әкімдігі
|
5,811
млрд теңге
8,384
млрд теңге
11,377
млрд теңге
|
14.
|
Жамбыл облысында су қоймаларын реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыру есебінен 6 мың гектар суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін арттыру:
1. "Теріс-Ащыбұлақ"
2. "Қарақоңыз"
3. "Ынталы"
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын, 2022 – 2025 жылдар
|
ЭГТРМ, Қаржымині,
Жетісу облысының әкімдігі
|
1,485
млрд теңге
1,695
млрд теңге
0,702 млрд теңге
|
15.
|
Жетісу облысының Сарқан ауданында Покатилов су қоймасын салу жөніндегі жобаны іске асыру есебінен 10,7 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу:
ЖСҚ әзірлеу;
ЖСҚ бекітілгеннен кейін Покатилов су қоймасының құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтау
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын, 2023 – 2026 жылдар
|
ЭГТРМ, Қаржымині,
Жетісу облысының әкімдігі
|
ЖСҚ әзірлеу –
821 млн теңге
талап етілмейді
|
инвестордың меншікті
қаражаты
-
|
16.
|
Қаржыландыру көлемдері мен көздерін нақтылай отырып, мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесін пысықтау:
Жамбыл облысында "Жасөркен" гидробекетін салу;
Жетісу облысы Ескелді және Сарқан аудандарының суару желілерін реконструкциялау;
Жетісу облысы Алакөл ауданының Жанама ауылдық округінде суару желілерін салу;
Жетісу облысының Сарқан және Ақсу аудандарында суару жүйесінің Басқан суару алабының ЖСҚ әзірлеу және оны салу
|
АШМ-ға ақпарат
|
2023 жылғы 2-тоқсан
|
ЭГТРМ, Қаржымині,
Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
17.
|
Қант қызылшасын өсіру, жинау және тасымалдау бойынша агротехникалық қызметтер көрсету мақсатында шаруа қожалықтары (кооперативтер) базасында сервистік-дайындау орталықтарын құру
|
АШМ-ға ақпарат
|
жыл сайын, 2022 – 2024 жылдар
|
Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
18.
|
"Ақсу Қант" ЖШС-ны және оған іргелес аумақтарды дамыту үшін теміржол жолдарын, оның ішінде Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде салу мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, ИИДМ,
Жетісу облысының әкімдігі
|
талап етілмейді
|
-
|
19.
|
Жетісу облысын газдандыру бағдарламасы шеңберінде "Ақсу Қант" ЖШС-ны газдандыру мәселесін пысықтау (инвестор мен Жетісу облысының әкімдігі арасындағы қолданыстағы меморандумға сәйкес)
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
АШМ, ҰЭМ, ЭМ,
Жетісу облысының әкімдігі
|
талап етілмейді
|
-
|
20.
|
Шикізат пен дайын өнімді жеткізу тізбегінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін көлік-логистика жүйесін дамыту жөніндегі шараларды тұжырымдау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
АШМ, ИИДМ,
СИМ, ҰЭМ,
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
-
|
3. Өңдеу қуаттарын жаңғырту және жаңаларын іске қосу
|
21.
|
Қант зауыттарын жаңғырту жөніндегі жоспарларды ұсыну
|
АШМ-ға ақпарат
|
2022 жылғы 4-тоқсан
|
Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
22.
|
Өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту және өндіріс кезіндегі ысырапты азайту үшін, оның ішінде энергия тиімділігі, ресурс үнемдеу жөніндегі ұлттық стандарттар нормаларына сәйкес қант зауыттарын өндірістік қуаттар мен жанама өнімдерді өңдеу желілерін кеңейту бойынша жаңғырту
|
орындалған жұмыстар актісі
|
жыл сайын, 2024 – 2025 жылдар
|
АШМ, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері, ИИДМ, СИМ, "Байтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), КДҚ
(келісу бойынша)
|
ЖСҚ құнына сәйкес
|
АӨК ұлттық жобасында көзделген қаражат шеңберінде, инвестордың меншікті қаражаты
|
23.
|
Қант зауытын салу жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландыру көздерін айқындау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
АШМ, облыстардың әкімдіктері, "Байтерек" ҰБХ" АҚ
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
-
|
24.
|
Жаңа қант зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
жыл сайын, 2022 – 2025 жылдар
|
АШМ, Павлодар облысының әкімдігі, Қаржымині, ҰЭМ, СІМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)
|
ЖСҚ құнына сәйкес
|
инвестордың меншікті және қарыз қаражаты
|
4. Отандық қант өндірушілерді қорғау және мемлекеттік қолдау
|
25.
|
Өсімдік шаруашылығы өнімінің түсімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына:
қант зауытына тапсырылған қант қызылшасының көлемдері үшін субсидиялау нормативтерін өзгерту;
тұқымдар мен будандар бағасының өсуін ескере отырып, тұқым шаруашылығын субсидиялау нормативтерін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізу
|
АШМ
бұйрығы
|
2023 жылғы 2-тоқсан
|
АШМ, Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының әкімдіктері
|
жалпы сипаттағы трансферттердің лимиттері шеңберінде
|
АӨК ұлттық жобасында көзделген қаражат шеңберінде
|
26.
|
Қант зауыттарына негізгі және айналым қаражатын толықтыру, оның ішінде құрақ қанты шикізаты мен қант қызылшасын сатып алу үшін төмендетілген жеңілдікті кредит және лизинг мөлшерлемесі бойынша қаржылай қаражат беру мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
АШМ, ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ(келісу бойынша), "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
-
|
27.
|
Қант зауыттарының қант қызылшасы мен шикізатын, ақ қантты және негізгі өндірістік материалдарды теміржол және автомобиль көлігімен елдің ішінде тасымалдауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеу мәселесін пысықтау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне
ақпарат
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
АШМ, ҰЭМ, ИИДМ, Қаржымині
|
талап етілмейді
|
-
|
28.
|
Салық кодексіне қызылша қантын өндіру кезінде ҚҚС бойынша 70 % жеңілдік берудің қолданылу мерзімін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізу және тізбені құрақ қантымен толықтыру
|
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
ҰЭМ, АШМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
-
|
29.
|
"Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына Инвестициялар туралы келісімді жасасу үшін қызмет түрлерінің тізбесіне қант өндіру жөніндегі бағытты енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
АШМ, СІМ, ҰЭМ, Қаржымині
|
талап етілмейді
|
-
|
5. Бағаны тежеу және тұрақтандыру жөніндегі шаралар
|
30.
|
Ішкі нарықты тұрақтандыру және қорғау жөніндегі шараларды, оның ішінде:
ақ қант импортына ең төмен бағалар деңгейін (ЕТБД) қолдану;
қанттың бөлшек сауда/шекті бағаларының ең төмен деңгейін белгілеу мәселелерін пысықтау арқылы тұжырымдау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2023 жылғы 1-тоқсан
|
СИМ, АШМ, Қаржымині, ҰЭМ
|
талап етілмейді
|
-
|
31.
|
Тұрақтандыру қорларындағы қант қорын өңірлердің айлық ішкі сұранысын қанағаттандыратын көлемде қалыптастыру
|
АШМ-ға
ақпарат
|
жыл сайын, 2022 – 2023 жылдар
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
-
|
32.
|
Қант бағасын тіркелген бағада тежеу жөнінде қарсы талаптар белгілей отырып, қант зауыттарына "айналым схемасы" шеңберінде жеңілдікті кредиттер беру
|
АШМ-ға
ақпарат
|
2022 жылғы 4-тоқсан
|
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
тұрақтандыру қорлары мен "айналым схемасының" қаражатын қайта бөлу шеңберінде
|
ЖБ
(тұрақтандыру қорлары мен "айналым схемасының" қаражаты шеңберінде)
|
33.
|
Шетелдік шикізат импорты және ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз еткеннен кейін экспортты ілгерілету жөнінде сауда кедергілерін жоюға бағытталған шараларды тұжырымдау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2023 жылғы 2-тоқсан
|
СИМ, АШМ
|
талап етілмейді
|
-
|