О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 502 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2023 года № 113.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 августа 2017 года № 502 "Об утверждении Правил разработки проекта республиканского бюджета" следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с пунктом 3 статьи 64 Бюджетного кодекса Республики Казахстан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах разработки проекта республиканского бюджета, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 6) пункта 21 изложить в следующей редакции:

      "6) пояснительную записку, отражающую направления приоритетного бюджетного финансирования для обеспечения мер по достижению общенациональных приоритетов страны, раскрывающую решения, заложенные в проекте республиканского бюджета, а также информацию, раскрывающую расходы администратора бюджетных программ до бюджетных программ /подпрограмм, по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      В пояснительную записку также включается информация об учете рекомендаций Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан, внесенных в рамках предварительной оценки проекта республиканского бюджета.

      К пояснительной записке прилагается перечень бюджетных инвестиций, в том числе направленных на реализацию проектов государственно-частного партнерства, в разрезе документов Системы государственного планирования.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

"Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 113 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:

      21-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) елдің жалпыұлттық басымдықтарына қол жеткізу жөніндегі шараларды қамтамасыз ету үшін басым бюджеттік қаржыландырудың бағыттарын көрсететін, республикалық бюджет жобасында қамтылған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазба, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларға/кіші бағдарламаларға дейінгі шығыстарын ашып көрсететін ақпарат.

      Түсіндірме жазбаға Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының республикалық бюджет жобасын алдын ала бағалау шеңберінде енгізілген ұсынымдарын ескеру туралы ақпарат та енгізіледі.

      Түсіндірме жазбаға Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары бөлінісінде бюджеттік инвестициялар, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тізбесі қоса беріледі;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Ә. Смайылов