О создании некоммерческого акционерного общества "Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 января 2024 года № 36

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать некоммерческое акционерное общество "Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря" (далее – НАО) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.

      2. Определить основными предметами деятельности НАО проведение мониторинга окружающей среды и научно-исследовательских работ в казахстанском секторе Каспийского моря на предмет сохранения и воспроизводства природных ресурсов Каспийского моря, укрепление сотрудничества научно-исследовательских институтов и организаций прикаспийских государств.

      3. Министерству водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан обеспечить формирование уставного капитала НАО за счет республиканского имущества, находящегося на балансе республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казводхоз" Комитета водного хозяйства Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан, согласно приложению к настоящему постановлению.

      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Министерством водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) утверждение устава НАО;

      2) избрание лица, уполномоченного на подписание от имени НАО документов для государственной регистрации, осуществление финансово-хозяйственной деятельности и представление его интересов перед третьими лицами до образования органов управления;

      3) государственную регистрацию НАО в органах юстиции;

      4) передачу Министерству водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан прав владения и пользования государственным пакетом акций НАО;

      5) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      5. Утвердить прилагаемые дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 25 января 2024 года № 36

Перечень республиканского имущества, передаваемого в оплату уставного капитала некоммерческого акционерного общества "Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря"

№ п/п

Наименование

Единица измерения

Количество

1

2

3

4

Имущество, находящееся на балансе республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казводхоз"

1

Моноблок Lenovo

штука

4

2

Компьютер в комплекте

штука

21

3

Ноутбук/Laptop Lenovo ThinkBook 15 G2 ITL, Core i5 1135G7/15.6"FHD/256Gb+256Gb/8Gb/W10

штука

12

4

Многофункциональное устройство (цветной)

штука

1

5

Принтер PR Laser HP P1102

штука

1

6

Принтер Xerox

штука

4

7

Судно

штука

1

8

Стол

штука

20

9

Стулья

штука

70

10

Кресло

штука

10

11

Мебель для руководителя

штука

2

      __________________________________________

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
oт 25 января 2024 года № 36

Дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 "О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях":

      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Мангистауская область" дополнить строкой, порядковый номер 236-12, следующего содержания:

      "236-12. Некоммерческое акционерное общество "Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря".".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 "О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности":

      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:

      раздел "Министерству водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан" дополнить строкой, порядковый номер 408-1, следующего содержания:

      "408-1. Некоммерческое акционерное общество "Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря".".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 4 октября 2023 года № 863 "Некоторые вопросы Министерства водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан":

      в Положении о Министерстве водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства и его ведомства:

      пункт 1 дополнить подпунктом 1-1) следующего содержания:

      "1-1) некоммерческое акционерное общество "Казахский научно-исследовательский институт Каспийского моря";".

      _______________________________

"Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КеАҚ) құрылсын.

      2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы Каспий теңізінің қазақстандық секторында Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау және олардың өсімін молайту тұрғысынан қоршаған ортаға мониторинг және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің ғылыми-зеттеу институттары мен ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту болып айқындалсын.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі КеАҚ жарғылық капиталын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

      2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

      3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

      5) осы тармақтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 қаулысына
қосымша

"Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/с №

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

"Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансындағы мүлік

1

Lenovo моноблогы

дана

4

2

Компьютер жиынтығы

дана

21

3

Ноутбук/Laptop Lenovo ThinkBook 15 G2 ITL, Core i5 1135G7/15.6"FHD/256Gb+256Gb/8Gb/W10

дана

12

4

Көпфункционалды кұрылғы (түрлі-түсті)

дана

1

5

PR Laser HP P1102 принтері

дана

1

6

Xerox принтері

дана

4

7

Кеме

дана

1

8

Үстел

дана

20

9

Орындықтар

дана

70

10

Кресло

дана

10

11

Басшыға арналған жиһаз

дана

2

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Маңғыстау облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-12-жолмен толықтырылсын:

      "236-12. "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 408-1-жолмен толықтырылсын:

      "408-1. "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".