Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 1031 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 1031 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 401-4-жолмен толықтырылсын:

      "401-4. "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне" деген бөлімде реттік нөмірі 408-1-жол алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "1. Министрлік" деген бөлім мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".

      3. "Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 863 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      4. "Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 36 қаулысында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзінің балансындағы республикалық мүлік есебінен КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

      2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

      3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беруді;

      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымша осы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетін өзгерiстер мен
толықтыруларға
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 25 қаңтардағы
№ 36 қаулысына
қосымша

"Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балансындағы мүлік

1

Ақтау қаласы, 4 "А" шағын ауданы, 19-ғимарат мекенжайы бойынша, ауданы 0,7987 га, кадастрлық нөмірі 13:200:010:230 жер учаскесінде орналасқан әкімшілік ғимарат, жалпы ауданы 1640,5 ш.м, кадастрлық нөмірі 13:200:010:230:19/А

бірлік

1

2

Ауданы 0,7987 га жер учаскесінде орналасқан қоршау, кадастрлық нөмірі 13:200:010:230:19/II

бірлік

1

3

0,7987 га жер учаскесінде орналасқан төсем, кадастрлық нөмірі 13:200:010:230:19/I

бірлік

1

1

2

3

4

4

8 порттың РОЕ коммутаторы

дана

4

5

Ішкі IP камерасы

дана

22

6

Көше IP камерасы

дана

9

7

PTZ камерасы

дана

1

8

CD 245 ішкі күмбезді камерасы

дана

1

9

Барлық ауа райына жарайтын, күндізгі/түнгі 1/3 420 ТВЛ түсті бейнекамерасы

дана

2

10

КРС 132 AV-Tech камерасы

дана

3

11

Ауабаптағыш

дана

1

12

Almacom ACH 018 H1 ауабаптағышы

дана

1

13

Almacom ACH 09 H1 ауабаптағышы

дана

3

14

ACH 09 H1 ауабаптағышы

дана

7

15

ACH 12 H1 ауабаптағышы

дана

13

16

ACH 18 H1 ауабаптағышы

дана

4

17

ACH 24 H1 ауабаптағышы

дана

2

18

Күмбезді камера

дана

4

19

Арнайы циркуляциялық сорғы

дана

1

20

Sanivort 605A сорғы кәріз станциясы

дана

2

21

Тіркеуіш

дана

1

22

CHIGO сплит-жүйесі, 12-ші ALBA сериясы, 36 ш.м (ауабаптағыш)

дана

1

1

2

3

4

23

Фантазия FS-07H сплит-жүйесі (ауа баптағыш)

дана

1

24

Үш фазалы көп тарифті жиынтықтағы Дала электрондық есептегіші

дана

1

25

Турникет

дана

1

26

Кронштейні бар көше камерасы

дана

9

27

COP DVR 162M цифрлық бейнетіркеуіші, 16 арналы, 500 Gb (бейнебақылау жүйесі)

дана

1

28

Экстендер

дана

1

29

Кабинетке арналған перделер (шілтер перде)

дана

1

30

Қабылдау бөлмесіне арналған перделер

дана

1

31

Жалюзи

жиынтық

1

32

Лазерлік принтер

дана

1

33

Көпфункционалды құрылғы (принтер)

дана

1

34

B205NI монохромды көпфункционалды құрылғысы
А4 B205NI (2020) (принтер)

дана

2

35

Ricoh LE SP C360DNw түсті принтері

дана

1

36

XEROX B205NI монохромды көпфункционалды құрылғысы (принтер)

дана

2

37

Pantum P2500w принтері

дана

11


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады