Хұқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң шекара және iшкi
әскерлердiң жеке адам құрамының дене тәрбиесi мен арнайы даярлығын
жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мүдделi
тараптардың келiсуi бойынша:
Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамының
республикалық және облыстық кеңестерiнiң аппаратындағы "Динамо"
шеберлер командасында iшкi iстер органдарының орта және аға басшы
құрамдағы адамдарымен ауыстыруға жататын лауазымдар тiзбесiн бекiтсiн;
ҚРДСҚ "Динамосының" iшкi iстер органдарының кадрында тұратын және
арнаулы әскери атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын iшкi
iстер органдарының басшы құрамындағы адамдардың тиiстi категорияларына
белгiленген лауазымдық жалақысына қарайлас белгiлейтiн болсын;
ҚРДСҚ "Динамосының" республикалық және облыстық кеңестерi
аппаратында, "Динамо" шеберлерiнiң командаларында iшкi iстер
органдарының орта және басшы құрамдағы адамдарымен ауыстыруға жататын
лауазымдар бойынша шектi арнаулы әскери атақтарды анықтасын.
2. Iшкi iстер органдарының орта және басшы құрамындағы адамдармен
ауыстыруға жататын ҚРДСҚ "Динамосының" қызметкерлерiн iшкi iстер
органдарының кадрына қабылдауды, сондай-ақ оларға бастапқы әскери атақ
берудi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жүргiзедi.
<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.12.27.
N 1644 қаулысымен.
P961644_
3. Iшкi iстер органдарының кадрында тұратын және арнаулы әскери
атағы бар ҚРДСҚ "Динамосының" қызметкерлерiн ақшалай және материалдық
қамтамасыз ету Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт
қоғамының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi