Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 января 1994 года N 107
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 27 қаңтар 1994 ж. N 107
"Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы
N 1228
Жарлығын орындау үшiн, заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердi, анықтамалық-заңдық материалдарын ресми түрде жариялау, оқулық заң әдебиетiн, кодекстердi, заңдар жинақтарын басып шығару, заң практикасы тәжiрибесiн тарату мен халықтың ол жөнiндегi бiлiмiн арттыра беру, сондай-ақ құқықтық тақырып бойынша көркем әдебиет шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi мен Әдiлет министрлiгiнiң 1994 жылғы қаңтардан бастап акционерлiк қоғам нысанында республикалық заң әдебиетi баспасы мен апталық заң газетiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2-9 ЕСКЕРТУ. 2-9 тармақтар күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.12.29. N 1348 қаулысымен.
P981348_
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi