Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 16 маусым N 1228. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Құқықтық реформа - аса маңызды жалпы мемлекеттiк мiндеттердiң бiрi, белгiленiп отырған барлық қоғамдық өзгерiстердiң ойдағыдай iске асуы да соны шешуге байланысты болады.
      Мемлекеттiк құқық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырудың пәрмендi тетiгiн жасау, Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Құқықтық реформаны жүзеге асыру жөнiнде министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың, жергiлiктi атқару органдарының, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрiп отыру Әдiлет министрлiгiне жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң заң шығару инициативасы ретiнде дайындалатын заңдар жобаларының басты әзiрлеушiсi болып Әдiлет министрлiгi белгiленсiн.
      3. Жоғарғы Кеңестегi құқықтық мәселелер бойынша Президент пен Министрлер Кабинетiнiң өкiлдiгi Әдiлет министрiне тапсырылсын.
      4. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволар әзiрлеген азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қозғайтын құқықтық актiлердiң жобалары Министрлер Кабинетiне олар Әдiлет министрлiгiнде құқықтық сараптан өткiзiлгеннен кейiн ғана тапсырылатын болып белгiленсiн.
      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақ күшiн жойған - Қазақстан Республикасы
               Президентiнiң 1995.12.12. N 2679 заң күші бар
               Жарлығымен. U952679_

      6. Әдiлет министрлiгi тиiстi министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволар мен ғылыми мекемелердiң қатысуымен құқықтық реформаның заңдарды жүйеге түсiру, сот реформасының ұйымдық-материалдық әзiрлiгi, нотариат, АХАТ /Азаматтық хал актiлерiн тiркеу/ органдары және өзге заң мекемелерi жүйесiн жетiлдiру мәселелерiн қамтитын мемлекеттiк бағдарлама әзiрленсiн.
      7. Әдiлет министрлiгi жанынан ғылыми-зерттеу заң институты құрылып, оған заң жобалары жұмысын ғылыми және практикалық қамтамасыз ету, нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына құқықтық және криминологиялық сараптау жүргiзу, сондай-ақ қабылданған заңдардың тиiмдiлiгiн болжау функциялары жүктелсiн.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының қызметкерлерi үшiн көзделген тиiстi жеңiлдiктер институттың қызметкерлерiне де қолданылсын.
      8. Әдiлет министрлiгi жанынан Республикалық құқықтық ақпарат орталығы құрылсын және оның негiзiнде тұтынушыларға құқықтық-ақпараттық қызмет көрсету, автоматты жүйелердi пайдалана отырып, оларды анықтамалық-әдiстемелiк материалмен, заң құжаттарының үлгiлерiмен жабдықтау ұйымдастырылсын.
      9. Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, нормативтiк құқықтық актiлердi, анықтамалық-әдiстемелiк материалдарды ресми жариялауға, заң практикасы тәжiрибесiн таратуға, халыққа құқықтық тәрбие беру мен ағартуға маманданған республикалық баспа мен заң газетiн құру туралы ұсынысты 1993 жылғы 1 қарашаға дейiнгi мерзiмде Министрлер Кабинетiне тапсырсын.
      10. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволарының азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар 1993 жылғы 28 қаңтардан кейiн қабылданған нормативтiк актiлерi Әдiлет министрлiгiнде ресми тiркеуден өткiзiлетiн және заңда белгiленген тәртiппен жарияланатын болып белгiленсiн.
      11. Министрлер Кабинетi:
      - республикада заң оқу орындарын ашуын және олардың қызметiнiң қажеттiгiнiң негiздiлiгiне тексеру ұйымдастырсын;
      - республиканың заңгер кадрларға деген қажетiн қанағаттандыру,

заң бiлiмiн дамыту және оның сапасын арттыру үшiн заң институтын
құратын болсын;
     - осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру
шараларын жүзеге асырсын;
     - Жарлықта баяндалған шараларды қаржылық-материалдық
қамтамасыз ету жөнiндегi Әдiлет министрлiгiнiң ұсыныстарын қарасын;
     - осы Жарлыққа сәйкес Әдiлет министрлiгi туралы Ережеге және
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң өзге де шешiмдерiне
өзгерiстер енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады