Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық
бағдарламасын қолдау және "Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын
жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 қаңтардағы N 25
P940025_
қаулысына сәйкес оны жүзеге асыру барысында шетелдiк инвесторларға
жағдайлар мен кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен "Marga В.V." (Нидерланды) фирмасы
арасындағы қол қойылған Алматыдағы "Маргарин зауыты" акционерлiк
қоғамының және Қарағандыдағы "Маргарин зауыты" акционерлiк қоғамының
акцияларын сатып алу-сату туралы Шарттар, мынадай негiзгi
қағидаларымен қоса:
- Шарттардың құны, сондай-ақ инвестицияларды жүзеге асыру
бағдарламасы;
- әрбiр зауыт акцияларының 90 процентiнiң жоғарыда аталған
фирмаға бiр мезгiлде сатылуы;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi "Marga В.V." фирмасына берген мiндеттемелер
мен кепiлдiктер, сондай-ақ республиканың министрлiктерi мен
ведомстволары Шарттарды жүзеге асыру бөлiгiнде берген мiндеттемелер
мен кепiлдiктер;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi Алматыдағы "Маргарин зауыты" акционерлiк
қоғамының және Қарағандыдағы "Маргарин зауыты" акционерлiк қоғамының
акцияларын сатып алу-сату туралы Шарттың 14,3 бөлiмiнде
көрсетiлгендей өзiнiң дербес иммунитетiнен бас тартуы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi 5 (бес) жыл бойы "Алтын акция" ұстаушы
болып табылатыны, сондай-ақ оның "Алтын акция" жөнiндегi өз
өкiлеттiктерiн Шарттарға сәйкес республикалық министрлiктер
мен ведомстволарға, сондай-ақ "Тағам" мемлекеттiк компаниясына
беру құқы танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жер қатынастары
және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Алматы және Қарағанды
маргарин зауыттарын жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы"
1994 жылғы 5 қаңтардағы N 25 қаулысына және Қазақстан
Республикасының басқа заң актiлерiне сәйкес жердi жалға алу
шарттарын жасасу бойынша қажеттi iс-шаралар жүргiзсiн.
4. Компания орналасқан жерде коммуналдық және соған байланысты
қызмет көрсететiн мемлекеттiк ұйымдар мен Өскемен майэкстракты
зауытына Компанияға және Өскемен майэкстракты зауытына коммуналдық
және соған байланысты қызметтiң шарттары мен бағасын меншiк нысанына
қарамай басқаларға көрсетiлетiн шарттар мен бағадан тиiмдiлiгi кем
болмайтындай етiп көрсету мiндеттелсiн.
5. Мүдделi министрлiктер мен ведомстволар Шартты жүзеге
асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi