Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 5 қаңтардағы N 25

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары үшiн инвесторлар таңдау мақсатымен конкурс өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын реттейтiн, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 388 өкiмiне сәйкес жекешелендiру комиссиясы әзiрлеген құжаттар тұтасымен мақұлдансын. Конкурстың негiзгi шарттары:
      Алматы және Қарағанды маргарин зауыттарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта құру;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бастапқыда инвесторға фабрика акцияларының 49 процентiн сатуы;
      әрбiр зауыт бойынша акциялардың жалпы санының 10 процентi болатын атаулы артықшылықты тегiн акциялардың шығарылуы мен зауыттардың бұрынғы және қазiргi қызметкерлерiне берiлуiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қамтамасыз етуi;
      акциялардың бастапқы 49 процентi сатылған күннен бастап бес жыл бойы әрбiр зауыт бойынша "Алтын акцияның" Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде сақталуы;
      акциялардың бастапқы 49 процентiн сату-сатып алу туралы шарт жасасылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде зауыттар акцияларының қалған бөлiгiн сол инвесторларға сату мүмкiндiгi.
      2. Жекешелендiруден кейiн:
      екi зауыт та дәмдi тағам өнеркәсiбiнiң өнiмi үшiн белгiленген рентабельдiлiктiң ең жоғары деңгейiнен, еркiн баға мен тарифтер декларациялаудан, мемлекеттiк тапсырысты орындау жөнiндегi мiндеттемелерден, сондай-ақ өнiм шығару үшiн сатып алынатын шикiзат көлемiне Қазақстан Республикасы шебiнде қойылатын шектеулерден босатылады.
      зауыттарға қазiргi кезде орналасқан жер учаскелерiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыратын бүкiл кезеңге жалдау құқы берiледi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 24 маусымдағы N 249 Жарлығының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы шикiзатты алғаннан кейiн бiр жыл iшiнде (тағамдық саломас және темекi материалдары) өтелуiн қамтамасыз етсiн". <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.09.
               N 1272 қаулысымен. P951272_
      4. "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы, Алматы және Қарағанды маргарин зауыттары "Қазтамақөншикiзат" республикалық сыртқыэкономикалық бiрлестiгi мен Алматы және Қарағанды маргарин зауыты арасында 1993 жылғы 15 қарашада жасасылған саломас жеткiзу

жөнiндегi N 9 және 10 контрактыларға осы зауыттарды аталған 
контрактылар бойынша қаржы мiндеттемесi мен басқа да мiндеттемелерден
босату үшiн қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тапсырылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады