Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық
бағдарламасын қолдау және "Шымкент кондитер фабрикасын жеке жоба
бойынша жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 қаңтардағы N 63
P940063_
қаулысына сәйкес
оны жүзеге асыру барысында шетел инвесторларына жағдай жасау мен
кепiлдiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен "РДжР Набиско Холдингс Корпорейшн" (АҚШ)
фирмасы арасында 1994 жылғы 20 мамырда қол қойылған "Меруерт"
акционерлiк қоғамының акцияларын сатып алу туралы Шарт мынадай
негiзгi ережелердi енгiзе отырып, мақұлдансын:
Шарттың құны, сондай-ақ инвестицияларды жүзеге асыру
бағдарламасы;
жоғарыда аталған фирмаға "Меруерт" акционерлiк қоғамы
акцияларының 90 процентiн сату;
инвестициялық конкурс өткiзу барысында "РДжР Набиско Холдингс
Корпорейшн" фирмасына республика министрлiктерi мен ведомстволары
берген мiндеттемелер мен кепiлдiктер;
"РДжР Набиско Холдинг Корпорейшн" фирмасының қазақстандық
корпоративтi-бiрлескен кәсiпорнына темекi өнiмдерiн өндiрумен
айналысу құқы.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi "Алтын акцияны" 5 жыл бойы ұстаушы болып
табылады, сондай-ақ республикалық министрлiктер мен ведомстволарға,
сонымен қатар мемлекеттiк акционерлiк және холдингтiк компанияларға
республикада қолданылып жүрген заңға сәйкес "Алтын акция"
бойынша өздерiнiң өкiлеттiктерiн беруге және табыстауға құқылы
деп саналсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Жер қатынастары
және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жердi пайдалану құқығын беру
жөнiнде қажеттi iс-шаралар өткiзсiн.
4. Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында сигарет және
басқа темекi бұйымдарын өндiрумен айналысатын "РДжР Набиско
Холдингс Корпорейшн" фирмасының Қазақстан корпоративтi-бiрлескен
кәсiпорны осы Шартта көзделген болашақта қабылданатын және тұтас
алғанда темекi бұйымдарын өндiрушiлердiң барлығына қолдануға
болатын, Қазақстан Республикасында келiсiм жасау күнiне дейiн
қолданылып жүрген лицензиялау талаптарынан басқа тұрақты немесе
мәмiле жасалғаннан кейiн белгiлi бiр жағдайларда қолданылып жүрген
Қазақстан заңдарына сәйкес Шартта көзделген темекi өндiрiсiн
лицензиялау талаптарынан туындайтын кез-келген шарттан босатылады.
5. Мүдделi министрлiктер мен ведомстволар Шартты жүзеге
асыру жөнiнде қажеттi iс-шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне тапсырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi