Шымкент кондитер фабрикасын жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1994 жылғы 13 қаңтардағы N 63

      Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ Шымкент кондитер фабрикасын шетелдiк инвесторлардың қатысуымен жеке жоба бойынша жекешелендiру үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Шымкент кондитер фабрикасы үшiн инвесторлар таңдау мақсатымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 388 өкiмiне сәйкес конкурс өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын реттейтiн жекешелендiру комиссиясы әзiрлеген құжаттар негiзiнен мақұлдансын.
      Конкурстың негiзгi шарттары мыналар болып табылады:
      - Шымкент кондитер фабрикасын акционерлiк қоғам етiп қайта құру;
      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бастапқыда инвесторға фабрика акцияларының 49 процентiн сатуын жүзеге асыру;
      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң фабрика акцияларының жалпы мөлшерiнiң 10 процентiн құрайтын атаулы артықшылықты тегiн акциялар шығарып, оны фабриканың бұрынғы және қазiргi қызметкерлерiне беруiн қамтамасыз ету;
      - акциялардың бастапқы 49 процентi сатылған күннен бастап бес жыл бойы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң фабриканың "алтын акциясын" өзiнде сақтауы;
      - акциялардың бастапқы 49 процентiн сату-сатып алу туралы шарт жасалғаннан кейiн бiр жыл iшiнде фабрика акцияларының қалған бөлiгiн сол инвесторға сату мүмкiндiгi.
      2. Жекешелендiруден кейiн:
      - фабрика дәмдi тағам өнеркәсiбiнiң өнiмi үшiн белгiленген рентабельдiлiктiң шектi деңгейiнен, еркiн баға мен тарифтер декларациялаудан, мемлекеттiк тапсырысты орындау жөнiндегi мiндеттемелерден сондай-ақ өнiм шығару үшiн сатып алынатын шикiзат көлемiн Қазақстан Республикасының шегiндегi шектеулерден босатылады;
      - фабрикаға қазiргi кезде орналасқан жер учаскелерiн шаруашылық қызметiн жүзеге асыратын бүкiл кезеңге жалдау құқы берiледi деп белгiленсiн.
      3. Кондитер фабрикасын көлiк шығыны мен делдалдық ақшаны

төлеу жөнiндегi мiндеттемелерден басқа қаржы және басқа да
мiндеттемелерден босату үшiн Шымкент кондитер фабрикасы мен 
"Қазақстан" сыртқыэкономикалық бiрлестiгi олардың арасында
1993 жылғы 28 сәуiрде жасалған печенье өндiретiн "Плазма" желiсiн
жеткiзуге арналған контрактiге қажеттi өзгертулер енгiзсiн.
     4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
  
         
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады