О мерах по повышению качества и дальнейшему развитию юридического образования в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июля 1996 г. N 847

      В целях дальнейшего развития юридического образования и повышения его качества, удовлетворения потребностей республики в высококвалифицированных юристах, эффективного использования бюджетных средств на образование и устранения нарушений Указа Президента Республики Казахстан от 14 марта 1994 г. N 1591 U941591_ "Об образовании Казахского государственного юридического института Министерства юстиции Республики Казахстан" и постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 мая 1994 г. N 564 P940564_ "Вопросы организации Казахского государственного юридического института Министерства юстиции Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству образования Республики Казахстан:
      (абзац третий) начиная с 1996/97 учебного года установить прием на юридические факультеты Кустанайского государственного университета и Восточно-Казахстанского государственного университета с численностью по 50 человек;
      (абзац пятый) вывести из состава Талдыкорганского университета имени И. Джансугурова Талдыкорганский юридический техникум и включить его в состав Казахского государственного юридического института с сохранением прав юридического лица. В связи с этим внести соответствующие изменения в пункт 1 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 июня 1994 г. N 584 "О создании университетов в городах Акмоле, Атырау, Павлодаре, Петропавловске и Талдыкоргане";
      утвердить государственные стандарты юридического образования, единые для государственных и негосударственных (частных) вузов, с учетом особенностей обучения в специализированных юридических вузах и на юридических факультетах университетов;
      разработать и утвердить единые нормативы для лицензирования государственных и негосударственных (частных) вузов и факультетов, установив основным критерием наличие достаточного штатного профессорско-преподавательского состава, способного обеспечить выполнение государственных стандартов юридического образования. <*>
      Сноска. Абзацы второй и четвертый исключены - постановлением Правительства РК от 17 марта 1997 г. N 335 P970335_ .
      2. Министерству образования и Министерству юстиции Республики Казахстан представить предложения о закрытии заочной и вечерней форм юридического образования в государственных и негосударственных (частных) вузах.
      3. (Пункт 3 утратил силу, пункты 4-8 считать пунктами 3-7 - постановлением Правительства РК от 17 марта 1997 г. N 335)
      3. Казахскому государственному юридическому институту Министерства юстиции Республики Казахстан дополнительно осуществить в 1996/97 учебном году прием 180 студентов на 1 курс по дневной форме обучения за счет сокращения и прекращения приема на юридические факультеты и отделения государственных вузов.
      4. Министерству финансов Республики Казахстан в 1997 году увеличить бюджетные ассигнования Казахскому государственному юридическому институту Министерства юстиции Республики Казахстан за счет сокращения и прекращения приемов на юридические факультеты других вузов.
      5. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом, акиму города Алматы, имея в виду предполагаемое увеличение численности студентов Казахского государственного юридического института Министерства юстиции Республики Казахстан и исходя из соответствующих нормативов обеспечения, в течение месяца передать ему здание по адресу: ул. Байзакова, 291, а также предусмотреть в дальнейшем дополнительное выделение для него иных помещений.
      6. Обратиться (повторно) к Генеральной Прокурате Республики Казахстан с предложением предъявления в суд исков о ликвидации юридических лиц, осуществляющих образовательную деятельность без лицензии, и изъятии в бюджет доходов от безлицензионной образовательной деятельности.
      7. Главной налоговой инспекции Министерства финансов Республики Казахстан в месячный срок проверить деятельность всех негосударственных (частных) юридических вузов и факультетов, обратив особое внимание на соблюдение ими требований Гражданского кодекса Республики Казахстан (общая часть), Указов Президента Республики Казахстан, имеющих силу Закона, Z952235_ "О налогах и других обязательных платежах в бюджет", Z952200_ "О лицензировании" и принять соответствующие меры.
     Заместитель Премьер-Министра
        Республики Казахстан


Қазақстан Республикасында заңгерлiк бiлiм берудiң сапасын арттыру және оны одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 шiлдедегі N 847 Қаулысы

      Заңгерлiк бiлiм берудi одан әрi дамыту және оның сапасын арттыру, республиканың жоғары бiлiктi заңгерлерге деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру, бюджеттiк қаражаттарды бiлiм беруге тиiмдi пайдалану және "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 14 наурыздағы N 1591 Жарлығын және "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын ұйымдастыру мәселелерi" атты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 26 мамырдағы N 564 қаулысын орындаудағы кемшiлiктердi жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне:
      1996/97 оқу жылынан бастап Қостанай мемлекеттiк университетi мен Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң заң факультеттерiне саны 50 адамнан студенттер қабылдау белгiленсiн;
      Жансүгiров атындағы Талдықорған университетiнiң құрамынан заң техникумы шығарылсын және ол заңды тұлға құқығы сақталуы арқылы Қазақ мемлекеттiк заң институтының құрамына кiргiзiлсiн. Осыған байланысты "Ақмола, Атырау, Павлодар, Петропавл және Талдықорған қалаларында университеттер құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 2 маусымдағы N 584 қаулысының 1-тармағына тиiстi өзгерту енгiзiлсiн;
      мемлекеттiк және мемлекеттiк емес /жеке/ жоғарғы оқу орындары үшiн мамандандырылған заң жоғарғы оқу орындары мен университеттердiң заң факультеттерiндегi оқытудың ерекшелiктерi ескерiлiп, заңгерлiк бiлiм берудiң бiрыңғай мемлекеттiк стандарттары бекiтiлсiн;
      заңгерлiк бiлiм берудiң мемлекеттiк стандарттарын орындауды қамтамасыз етуге қабiлеттi штаттағы профессор-оқытушы құрамының жеткiлiктi болуын негiзгi өлшем ретiнде белгiлеп, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес /жеке/ жоғары оқу орындары мен факультеттердi лицензиялау үшiн бiрыңғай нормативтер жасалсын және бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармағына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1997.03.17 N 335 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес /жеке/ жоғары оқу орындарында заңгерлiк бiлiм берудiң сырттайғы және кешкi нысандарын жабу туралы ұсыныс ұсынатын болсын.
      3. Күшi жойылды, 4-8-тармақтар тиiсiнше 3-7-тармақтар болып саналады - ҚР Үкіметінiң 1997.03.17 N 335 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институты 1996/97 оқу жылында мемлекет жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерi мен бөлiмдерiне студенттер қабылдауды қысқартудың және тоқтатудың есебiнен күндiзгi оқыту нысаны бойынша 1 курсқа 180 студент қабылдауды қосымша жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылы басқа жоғарғы оқу орындарының заң факультеттерiне студенттер қабылдауды қысқартудың және тоқтатудың есебiнен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтының бюджеттiк қаражаттарын көбейтсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институты студенттерiнiң санының болжамды артуын назарға алып және қамтамасыз етудiң тиiстi нормативтерiнiң негiзiнде бiр айдың iшiнде оған Байзақов көшесiндегi 291-ғимаратты берсiн, сондай-ақ оған арнап келешекте қосымша басқа тұрғын-жай бөлуді қарастыратын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына лицензиясыз бiлiм беру қызметiн жүзеге асырушы заңды тұлғаларды жою және лицензиясыз бiлiм беру қызметiнен түскен кiрiстердi бюджетке алу туралы сотқа талап қоюға ұсыныс /қайталап/ жасасын.
      7. Қазақстан Республикасының Бас салық инспекциясы бiр ай мерзiм iшiнде олардың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң /жалпы бөлiмi/, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы", "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарының талаптарын сақтауына айрықша көңiл бөлiп, барлық мемлекеттiк емес /жеке/ заң жоғары оқу орындары мен факультеттерiнiң қызметiн тексеретiн болсын.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң орынбасары