Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын ұйымдастыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 26 мамыр 1994 ж. N 564

      Заң кадрларын даярлауды жетiлдiру мақсатында, "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институтын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 14 наурыздағы N 1591 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Алматы мемлекеттiк университетiнiң заң факультетi және iшiнара Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң заң факультетi негiзiнде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Қазақ мемлекеттiк заң институты ашылсын.
      Институтқа мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына, сот және құқыққорғау органдарына, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге заңгерлер даярлау және тиiстi заң кадрларының бiлiктiлiгiн көтеру жүктелсiн.
      1994/1995 оқу жылында институттың бiрiншi курсына 260 адам мөлшерiнде студенттер қабылдау белгiленсiн. Оқу нысаны күндiзгi, оқыту мерзiмi - 4 жыл.
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.11.
               N 1246 қаулысымен. P971246_
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi 1994 жылдан бастап, Қарағанды мемлекеттiк университетiн қоспағанда, республиканың барлық мемлекеттiк жоғары оқу орындарының заң факультеттерi мен бөлiмдерiне студенттер қабылдауды тоқтатып, қазiр оларда оқып жүрген студенттердiң оқуын бiтiруiн қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақ мемлекеттiк заң институтының басшылығына республиканың заң факультеттерi мен бөлiмдерiнде екiншi және одан кейiнгi курстарда оқып жүрген студенттердi заң институтының тиiстi курсына ауыстыру тәртiбiмен қабылдауына рұқсат етiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi сырттан оқу нысанында оқып жүрген Алматы мемлекеттiк университетiнiң заң факультетiнiң студенттерiн 1993-1994 оқу жылы аяқталған соң ҚазМУ мен ҚарМу-дың заң факультеттерiнiң тиiстi курстарына ауыстыруды қамтамасыз ететiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi 1994 жылғы наурыздың 14-iндегi жағдай бойынша Алматы мемлекеттiк университетiнiң таратылған заң факультетiнiң иелiгiне жататын профессор-оқытушы құрамның штатын, оқу-қосалқы және әкiмшiлiк қызметкерлерiн, оқу, ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттерiн, материалдық-техникалық базаны және жатақханалардағы орындарды, сондай-ақ оған бекiтiлген қаражатты түгел Қазақ мемлекеттiк заң институтына беретiн болсын.
      7. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi Қазақ мемлекеттiк заң институтына белгiленген нормативтерге сәйкес, тиiстi штаттарды, оқу және ғылыми-әдiстемелiк әдебиеттердi, ұйымдық-есептеу және криминалистiк техниканы, өзге де жабдықтар мен мүкәммалды студенттер қабылдауды қысқарту есебiнен, сондай-ақ студенттер жатақханасын беретiн болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, профессор-оқытушы құрамының, әкiмшiлiк-басқару, қызмет көрсету қызметшiлерiнiң санын, еңбекақы төлеу және стипендия қорын, оқу және кеңсе-шаруашылық шығындарға, жабдықтар, көлiк, мүкәммал сатып алуға, сондай-ақ институттың үйi мен жатақханаларын қайта құруға қажеттi қаржыны анықтайтын болсын.
      <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.01.11.
               N 53 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 2-абзацы күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.04.02.
               N 465 қаулысымен. P970465_
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Алматы қаласының әкiмi жаңадан құрылған Қазақ мемлекеттiк заң институтының қызметкерлерiне 1994-1995 жылдары 4 мың шаршы метр тұрғын алаң бөлiнуiн көздеп отырсын.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуының 1995-2000 жылдарға арналған жоспарында 1000 орындық студенттер жатақханасын және Қазақ мемлекеттiк заң институтының профессор-оқытушы құрамына көлемi 8 мың шаршы метр 80 пәтерлiк тұрғын үй салуды, жобалау-сметалық құжаттама әзiрлеуге қажеттi қаржы бөлудi көздейтiн болсын.
      Алматы қаласының әкiмi оларды салу үшiн бос тұрған жер учаскелерi, сондай-ақ профессор-оқытушы құрамына жеке тұрғын үйлер мен саяжайлар тұрғызуға жер учаскелерi бөлiнуiн ресiмдейтiн болсын.
      11. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Қазақ мемлекеттiк заң институтының өтiнiмi бойынша оған қажеттi телефон нөмiрлерi мен үкiметтiк байланыс нөмiрлерiн бөлсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi екi апта мерзiмде Қазақ мемлекеттiк заң институтының Жарғысын бекiтсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады