Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 октября 1997 г. N 1450. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 7 января 1999 г. N 10 ~P990010.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 21 қазан N 1450. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.07. N 10 қаулысымен.
"1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Заңын және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 қазандағы N 1413
қаулысын
орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн қайта капиталдандыруға республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттың есебiнен және соның шегiнде 2 (екi) млн. АҚШ долларына баламды сомада қаражат бөлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi