1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi ашық акционерлiк қоғам нысанындағы акционерлiк банк (бұдан әрi - Банк) болып құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң, ұсыныстарын, сондай-ақ Халықаралық Қаржы Корпорациясы Директорлар Кеңесiнiң 1997 жылғы 18 сәуiрдегi Ниеттер туралы хаттамасын және 1997 жылғы 22 қыркүйектегi шешiмiн ескере отырып:
Банктiң жарғы капиталы 60 (алпыс) миллион АҚШ долларының мөлшерiнде (теңгелiк баламда);
Банктiң жарғы қорындағы үлестердi бөлу;
Қазақстан Республикасының Үкiметi - 49 процент (Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi жарғылық капиталының төленген сомасы);
"Bank Bumiputra Malaysia Berhad" малайзия банкi - 36 процент;
Халықаралық Қаржы Корпорациясы (International Finance Corporation) - 15 процент болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павлов пен қайта құрылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Басқармасының Төрағасы I.Б.Iзтiлеуовке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан Банктi құру жөнiндегi барлық құжаттарға қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi екi апта мерзiмде шетелдiк қаржы-несие мекемелерiне қайта құрылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң қызмет көрсетуiндегi, олардың берген несиелерiн қайтаруды қамтамасыз ету жөнiндегi қазақстан Республикасы Үкiметiнiң барлық берген кепiлдiктерiнiң күшiнде екендiгiн растасын.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк
мүлiк пен активтердi басқару департаментi осы қаулыны жүзеге асыру жөнiнде шаралар қолдансын. 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Банк акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану жөнiнде өкiлеттiк берiлсiн. 7. Әдiлет министрлiгi Банкпен бiрлесiп бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестiкке келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы