О некоторых вопросах участия государства в развитии рыночной инфраструктуры сельского хозяйства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 августа 1998 года N 761

      В целях обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей сельскохозяйственной техникой, развития сети машинно-технологических станций, пунктов проката сельскохозяйственной техники, а также для организации системы оптовых продовольственных рынков Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Рекомендовать закрытому акционерному обществу "Фонд развития малого предпринимательства" совместно с уполномоченными банками второго уровня выдавать кредиты из средств второго транша Программного займа Азиатского Банка Развития для сельскохозяйственного сектора на приобретение новой сельскохозяйственной техники и пополнение оборотных средств для создаваемой сети машинно-технологических станций (далее - МТС) и системы оптовых продовольственных рынков по согласованию с Министерством финансов и Министерством сельского хозяйства Республики Казахстан.
      2. Акимам областей организовать работу по созданию и упорядочению сети МТС, а также формированию системы оптовых продовольственных рынков.
      3. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 марта 1998 года N 227 P980227_ "О мерах по реализации Программного займа Азиатского Банка Развития для сельскохозяйственного сектора" следующее дополнение:
      в приложении 2 к указанному постановлению:
      в пункте 1 после слов "переработке сельскохозяйственной продукции" дополнить словами "сельскохозяйственной техники для машинно-технологических станций, создания системы оптовых продовольственных рынков и других рыночных инфраструктур, предназначенных для реализации сельскохозяйственной продукции".
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан



Мемлекеттің ауыл шаруашылығының нарықтық инфрақұрылымын дамытуға қатысуының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Yкіметінің ҚАУЛЫСЫ »1998 жылғы 11 тамыз N 761

     Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз ету, машина-технологиялық станциялардың, ауыл шаруашылығы техникасын жалға беру пункттерінің желілерін дамыту мақсатында, сондай-ақ көтерме азық-түлік рыноктары жүйелерін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамына екінші деңгейдегі уәкілетті банктермен бірлесіп Азия Даму Банкінің ауыл шаруашылығы секторына арналған Бағдарламалық займының екінші траншының қаражатынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісім бойынша құрылатын машина-технологиялық станциялардың желілері мен көтерме азық-түлік рыноктарының жүйелері үшін жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға және айналымдық қаражатты толықтыруға несиелер беру ұсынылсын.
      2. Облыстардың әкімдері машина-технологиялық станциялар желілерін құру және оларды реттеу, сондай-ақ көтерме азық-түлік рыноктары жүйелерін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы наурыздың 17-сіндегі N 227 P980227_ қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

 

     көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

     1-тармақтағы "ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу" деген сөздерден кейін

"машина-технологиялық станциялар үшін ауыл шаруашылығы техникалары,

көтерме азық-түлік рыноктарының және ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуға

арналған басқа да рыноктық инфрақұрылымдардың жүйелерін құру" деген

сөздермен толықтырылсын.


      Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі