Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 17 наурыздағы N 227

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Мыналар: 
      Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының екiншi траншы ақшаларының есебiнен ауыл шаруашылығы жобаларына бюджеттiк несие берудiң шарттары мен тәртiбi (2-қосымша); 
      Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық займының уақытша басы бос қаражатын орналастыру туралы Ереже (3-қосымша) бекiтiлсiн. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2-абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 
2000.06.24. N 934   қаулысымен .  
      2. "Шағын кәсiпкерлікті дамыту қоры" акционерлiк қоғамына ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi Бағдарламалық заемының екiншi траншын өз бетiнше немесе екiншi деңгейдегі банктер арқылы игерудi жеделдету ұсынылсын. <*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен .
      3.<*>
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.24. N 934  қаулысымен .
      4. "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң Бағдарламалық займын жүзеге асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 тамыздағы N 1258 
қаулысының 1,3-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң             
1998 жылғы 17 наурыздағы     
N 227 Қаулысына         
1-қосымша <*>          

      ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.24. N 934  қаулысымен .

    Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1998 жылғы 17 наурыздағы     
N 227 Қаулысына         
2-қосымша <*>         

      ЕСКЕРТУ. 2-қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.06.24. N 934  қаулысымен .

            Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi
      Бағдарламалық займының екiншi траншы ақшаларының               есебiнен ауыл шаруашылығы жобаларына бюджеттiк несие                       берудiң шарттары мен тәртiбi

                     1. Жалпы ережелер

       1. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi (бұдан әрi - АДБ) Бағдарламалық займының (бұдан әрi - АДБ займы) екiншi траншы ақшаларының есебiнен берiлетiн бюджеттiк несиелер ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру және өңдеу, машина-технологиялық станциялар үшiн ауыл шаруашылығы техникалары, көтерме азық-түлiк рыноктарының және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатуға арналған басқа да рыноктық инфрақұрылымдардың жүйелерiн құру жөнiндегi жабдықтарды сатып алуға несие беруге, сондай-ақ қажеттi айналым қаражатын қаржыландыруға арналған.<*> 
      Аталған мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi), "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) және екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктер (бұдан әрi - Банктер) арасында тиiстi несиелiк келiсiмдерге қол қойылады. Қор өз бетiнше несие берудi жүзеге асырған кезде несиелiк келiсiмге Қаржыминi мен Қор арасында қол қойылады. <*>
       Ескерту. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.08.11. N 761  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен
      2. Банктер немесе Қор түпкi заем алушыға (бұдан әрi - Заем алушы) тек 5 (бec) жылға дейiнгi мерзiмге қамтамасыз етуге жылдық 11 (он бiр) процентке дейiнгi мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен АҚШ долларымен несие бередi. Бұл ретте 7 (жетi) процентiн Қаржы министрлігінің сыйақысы (мүддесi) құрайды. Банктер арқылы несие беру кезiнде Банктердің сыйақы ставкасы (лизингтiк компаниялардың қызметтерiн қоса алғанда, Банктердiң өз қалауы бойынша) жылдық 3,5 (үш бүтiн оннан бec) процентке дейiнгi және Қордың 0,5 (нөл бүтiн оннан бec) процентiне дейiнгi ставкасын құрайды. Қор өз бетiнше несие берген жағдайда Қордың сыйақы (мүдде) ставкасы жылдық 4 (төрт) процентiне дейiнгi ставканы құрайды. Өз бетiнше несие берген кезде Қордың несие қаражатын қайтару тәртiбi Қаржыминi мен қарыз алушы ретiндегi Қор арасында жасалатын несиелiк келiсiммен белгiленедi. <*>
      Қайтарымның мынадай тәртiбi белгiленедi: 
      бiрiншi жылдан бастап несие үшiн сыйақылар (мүдделер) - жыл сайын 1 сәуiрде және 1 қазанда; 
      негiзгi борыш несиенiң мерзiмiне байланысты екi жылға дейiнгi жеңiлдiк кезеңiн қоса, тең жарты жылдық төлемдермен - жыл сайын 1 сәуiрде және 1 қазанда. 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен .
      3. Заемшы нақты несие сомасының 60 процентiне дейiн аталған жоба бойынша айналыс қаражатын толықтыру үшiн пайдалануы мүмкiн.<*> 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) Қордың арнаулы шотында АҚШ долларында сақтаулы тұрған, уақытша басы бос, жобаларға енгiзiлмеген ақшалар Ұлттық банк пен банктердегi депозиттерге, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырылады 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге. <*> 
      5. Жабдықтар мен берермендердiң фирмаларын iрiктеудi Банктер Заемшылармен бiрлесiп конкурстық негiзде жүзеге асырады. Қажет болса Банк пен Заемшы кеңес сұрап басқа ұйымдарға өтiнiш жасай алады, олардың қызметiне оған АДБ несиесiнiң есебiнен берiлген өз ақшасынан ақы төленедi. 
      6. Заемшылар алатын несиелер бизнес-жоспарларда тиiмдiлiк деректерiн мiндеттi түрде көрсете отырып, шағын және орта бизнестi, шаруа қожалықтарын дамытуға, жұмыс орындарын құруға несиелер берiлуiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Үкiметке 1998 жылға арналған сегiз нақты тапсырмасын iске асыруға тiкелей немесе жанама түрде көмектесетiндей болуы тиiс. 
      7. Несиелердi пайдаланудың салалық (iшкi салалық) бағыттарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен келiсе отырып Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) белгiлейдi және бекiтедi. <*> 
 

                  II. Жобаларды қабылдаудың, қараудың және 
                         мақұлдаудың тәртiбi 
 

       8. Заемшы бюджеттiң алдында өзiнiң қарызы жоқ екенiн немесе Қорға құжатты түрде растауы тиiс. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен .
        9. Заемшылардың немесе Қорларға тапсыратын құжаттарына деген талаптарды немесе Қорлар өздерi қабылдаған несиелiк саясатқа сәйкес белгiлейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен .
         10. Банктер мақұлдаған жобалар Қорлардың қарауына енгiзiледi және олар бойынша шешiм 7 (жетi) күн iшiнде:
     заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан асатын жобалар бойынша - Қордың Директорлар кеңесінің;<*>
     заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын жобалар бойынша - Қор басқармасының. <*>
     11. Несиенiң мақсатты пайдаланылуы және қайтымдылық шарттары сақталмаған жобаларды Қор Банкке тиянақтауға қайтарады.
     12. Қордың Директорлар кеңесінің 10-тармаққа сәйкес оң шешiмiн алған жобалар бойынша Қаржыминi, Қор және Банк арасында Қор өз бетiнше несие берген жағдайда Қаржыминi мен Қор арасында несиенi беру жөнiндегi қажеттi құжаттар рәсiмделедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен .

              III. Займның қаражатын мақсатты пайдалануды
                       және өтеудi бақылау 

      13. Қаржыминi мен Қор АДБ Займдарының қаражаттарын дер уақытында және мақсатты пайдаланылуы жөнiнде Банктерге бақылау жасауды жүзеге асырады.

                  IV. Қорытынды ережелер 

     14. Егер немесе Қор 1 (бiр) айдың iшiнде алдын ала ақы төлеу жүргiзсе, аккредитивтер ашылса, кепiлдiктер немесе вексель берiлсе, берермендермен есеп айырысудың басқа да нысандары келiсiм-шарттардың ережелерiне сәйкес жүзеге асырылса, қаражат игерiлдi деп саналады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен .
       15. Қатысушы банктердiң тiзбесiн Қордың Директорлар кеңесі Ұлттық Банкпен келiсе отырып бекiтедi. <*>

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1998 жылғы 17 наурыздағы      
N 227 Қаулысына           
3-қосымша                

          Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкi
        Бағдарламалық займының уақытша басы бос қаражаттарын
                      орналастыру туралы ереже

      1. Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкiнiң (бұдан әрi - АДБ) АҚШ долларындағы Бағдарламалық займының (бұдан әрi - АДБ займы) уақытша басы бос қаражаттарын (бұдан әрi - Қаражаттар) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" АҚ (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен (бұдан әрi - Қаржыминi) келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) және екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктердегi (бұдан әрi - Банктер) депозиттер мен мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.11.15. N 1199  қаулысымен .
        2. Қаражаттарды орналастыру: 
      Қаржыминi, Қор және Ұлттық Банк; 
      Қаржыминi, Қор және Банктер арасында жасалған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. 
 

                           2. Орналастыру тәртiбi
 

          3. Қаражаттарды Қор Қаржыминiнiң келiсiмi бойынша: 
      жасалатын шартқа сәйкес - Ұлттық Банктегi депозиттерге; 
      жылдық 9 (тоғыз) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен мемлекеттiк бағалы қағаздар кепiлдiгi бойынша - Банктердегi депозиттерге; 
      жылдық 7 (жетi) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен 1 (бiр) айлық мерзiмге - Банктердегi мерзiмдiк депозиттерге орналастырылады. Депозиттердiң бұл түрiне қаражаттар Банктердiң өтiнiштерi бойынша, депозиттiң қолданылуы көрсетiлген мерзiмi iшiнде АДБ Займы бойынша жобалардың портфелiн несиелендiру жолымен, олар игерiлетiн жағдайда орналастырылады. 
      Бұл орайда, егер: 
      көрсетiлген мерзiм бiткен кезде қаражаттар игерiлмесе, онда депозиттер 1 (бiр) жылдық мерзiмге айлық 12 (он екi) проценттiк мөлшердегi сыйақы (мүдде) ставкасымен алғашында орналастырылған деп есептеледi; 
      ал қаражаттар көрсетiлген мерзiм бiткенге дейiн игерiлген болса, онда депозит бойынша сыйақының (мүдденiң) айлық ставкасын шығару жылдық 7 (жетi) проценттiк мөлшердегi есеппен iс жүзiндегi күндердiң санына қарай жүргiзiледi. 
      4. Қор Қаржыминiнiң келiсiмi бойынша уақытша басы бос қаражаттарды орналастырудан түсетiн кiрiстердi жинақтау және кейiн оларды бюджетке аудару үшiн Ұлттық Банктен АҚШ долларында арнаулы шот ашады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады