Об утверждении Типового положения об организациях образования соответствующих типов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 1999 года № 1839. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2013 года № 499

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.05.2013 № 499 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 7 июня 1999 года "Об образовании" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Типовое положение об организациях образования соответствующих типов.
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня опубликования.
 
       Премьер-Министр
      Республики Казахстан
                                                Утверждено
                                       постановлением Правительства
                                           Республики Казахстан
                                       от 2 декабря 1999 года N 1839

       
 Типовое положение
об организациях образования соответствующего типа

       
      1. Типовое положение об организациях образования соответствующего типа (далее - Положение) является типовым для всех организаций образования соответствующего типа. Положение о деятельности внешкольных организаций утверждается отдельным актом Правительства.
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 22 июня 2001 г. N 849.
      2. Положение разработано в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан (общая часть), Законом Республики Казахстан "Об образовании" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан. Z070319
      3. Организации образования соответствующего типа (далее - Организации образования) осуществляют деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      4. Организации образования могут быть созданы в организационно- правовой форме, предусмотренной законодательством Республики Казахстан.
      5. Учредительные документы Организации образования должны соответствовать требованиям законодательства Республики Казахстан.
      6. Организация образования является юридическим лицом, имеет печать и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, а также в соответствии с законодательством счета в банках.
      7. Основной задачей Организации образования является создание необходимых условий для получения образования, направленных на формирование, развитие и профессиональное становление личности на основе выполнения требований государственных общеобязательных стандартов образования и соответствующих образовательных программ.
      8. Организации образования подразделяются на следующие типы: дошкольные организации, общеобразовательная школа, интернатные организации, специальные (коррекционные) организации образования для обучающихся, воспитанников с ограниченными возможностями в развитии, начальные профессиональные учебные заведения, средние профессиональные учебные заведения, высшие профессиональные учебные заведения, учебные заведения повышения квалификации и переподготовки работников образования.
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 22 июня 2001 г. N 849.
      9. В целях обеспечения доступности и вариативности обучения и воспитания в соответствии со склонностями и способностями обучаемых (воспитанников), а также по условиям обучения могут создаваться различные виды Организаций образования, деятельность которых регулируется соответствующими типовыми положениями, утверждаемыми в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      10. С учетом потребностей и возможностей обучаемых (воспитанников) образовательные программы Организаций образования осваиваются в следующих формах: в очной, заочной (вечерней), дистанционной, экстернате.
      11. Образовательная деятельность Организаций образования, независимо от ведомственной подчиненности и форм собственности, подлежит лицензированию в соответствии с законодательством Республики Казахстан о лицензировании.
      12. Права и обязанности государственных Организаций образования устанавливаются центральным исполнительным органом Республики Казахстан в области образования и должны быть отражены в учредительных документах указанных организаций.
      13. Права и обязанности негосударственной Организации образования, а также учащихся (воспитанников) и (или) родителей (иных законных представителей) определяются указанными организациями, отражаются в учредительных документах или в заключенных договорах между Организациями образования и указанными лицами, определяющих уровень образования, сроки обучения, размер платы.
      14. Общий порядок приема в Организации образования определяется центральным исполнительным органом Республики Казахстан в области образования.
      15. Международная деятельность Организаций образования осуществляется на основе законодательства Республики Казахстан и международных договоров, соглашений и конвенций.
      16. Реорганизация и ликвидация Организаций образования осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан. 

Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1839 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкіметінің 1999 жылғы
                                           2 желтоқсандағы N 1839
                                           қаулысымен бекітілген
 
 
       Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже
 
      1. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы үлгі ереже (бұдан әрі - Ереже) тиісті үлгідегі барлық білім беру ұйымдары үшін үлгі болып табылады. Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже Yкiметтiң жеке кесiмiмен бекiтiледi.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ сөйлеммен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.06.22. N 849 қаулысыменP010849_ 
      2. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (жалпы бөлім), "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. Z070319
      3. Білім беру ұйымдары қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылына алады.
      5. Білім беру ұйымдарының құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      6. Білім беру ұйымдары заңды тұлға болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
      7. Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдарының негізгі міндеті білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттары мен тиісті білім бағдарламаларының талаптарын орындаудың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.
      8. Білім беру ұйымдары мынадай түрлерге: мектепке дейінгі ұйымдарға жалпы білім беретін мектептерге, интернаттық ұйымдарға, даму мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға, тәрбиеленушілерге арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымдарына, бастауыш кәсіптік білім беру оқу орындарына, орта кәсіптік білім беру оқу орындарына, жоғарғы кәсіптік білім беру орындарына, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орындарына бөлінеді.
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
               2001.06.22. N 849 қаулысыменP010849_ 
      9. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) бейімі мен қабілетіне сәйкес оқу мен тәрбиенің қол жетімділігі мен вариативтілігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ оқытудың жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бекітілген тиісті үлгідегі ережелермен реттелетін білім беру ұйымдарының әр алуан түрлері құрылуы мүмкін.
      10. Оқушылардың (тәрбиеленушілердің) сұранысы мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, тиісті үлгідегі білім ұйымдарының білім беру бағдарламалары мынадай нысандарда игеріледі: күндізгі, сырттай (кешкі), арақашықтықтан оқыту, экстернат.
      11. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан білім беру ұйымдарының білім беру қызметі Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензиялауға жатады.
      12. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының құқықтары мен міндеттерін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары белгілейді және ол аталған ұйымдардың құрылтай құжаттарында көрсетілуі тиіс.
      13. Мемлекеттік емес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ оқушылардың (тәрбиеленушілердің) және (немесе) ата-аналардың (өзге де заңды өкілдердің) құқықтары мен міндеттерін көрсетілген ұйымдар айқындайды, құрылтай құжаттарында немесе білім беру ұйымдары мен көрсетілген тұлғалардың арасында жасалған білім беру деңгейін, оқыту мерзімін ақысының мөлшерін айқындайтын шарттара көрсетіледі.
      14. Білім беру ұйымдарына қабылдаудың жалпы тәртібін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары айқындайды.
      15. Білім беру ұйымдарының халықаралық қызметі Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттардың, келісімдердің және конвенциялардың негізінде жүзеге асырылады.
      16. Білім беру ұйымдарын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.