Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 маусымдағы N 849 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.05.2013 № 499 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: Z070319
      1. Қоса беріліп отырған Мектептен тыс ұйымдар қызметі туралы ереже бекітілсін. 
      2. "Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1839  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 523-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Тиiстi үлгiдегi бiлiм беру ұйымдары туралы үлгi ережеде: 
     1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже Yкiметтiң жеке кесiмiмен бекiтiледi.";
     8-тармақтағы "мектептен тыс ұйымдарға" деген сөздер алынып тасталсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң              
2001 жылғы 22 маусымдағы       
N 849 қаулысымен          
бекiтiлген              

           Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы ереже

                      1. Жалпы ережелер

      1. Мектептен тыс ұйымдар қызметi туралы осы Ереже мектептен тыс ұйымдардың (бұдан әрi - Ұйым) қызметiн белгiлейдi. 
      2. Ұйым өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының  Конституциясыназаңдарына және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге және Ұйымның Жарғысына сәйкес жүзеге асырады. 
      3. Ұйымдарда азаматтардың, қоғамның мемлекеттiң бiлiмдiк және мәдени қажеттiлiктерiн жан-жақты қанағаттандыру мақсатында бiлiм берудiң қосымша дамыту бағдарламалары iске асырылады. 
      4. Мемлекеттiк Ұйымдардың бiлiм беру қызметтерiне қол жеткiзудi мемлекет қамтамасыз етедi. 
      5. Ұйымның негiзгi мiндеттерi: 
      1) балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуына, кәсiптiк бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегiне, өздерiнiң қабiлеттерiн iске асыруына қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету; 
      2) балаларды қоғам өмiрiне бейiмдеу; 
      3) олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру; 
      4) өскелең ұрпақтың азаматтық сана-сезiмiн, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтын қалыптастыру. 
      6. Ұйымдарға балалар мен жасөспiрiмдердiң шығармашылық сарайлары, үйлерi, орталықтары, кешендерi, студиялары; жас техниктердiң, туристердiң, натуралистердiң станциялары мен базалары; балалар музыка, көркемөнер және спорт мектептерi, өнер мектептерi; ынта-ықыластары бойынша клубтар; спорттық, сауықтыру, туристiк лагерьлер; балалар парктерi, стадиондар, галереялар және басқа да ұйымдар жатады.
      6-1. Мектептен тыс ұйымның әрбiр түрi қызметiнiң тәртiбін Қазақстан Республикасының білiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiтедi. <*>
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.16. N 1208 қаулысымен.

                  2. Қызметтi ұйымдастыру 

       7. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін. 
      8. Ұйымның бiлiм беру қызметi ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
      9. Мемлекеттiк Ұйымның педагог қызметкерлерi Қазақстан Республикасының заңнамасында берiлген жеңiлдiктерге құқылы. 
      10. Ұйым "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы  Заңына сәйкес бес жылда бiр рет мемлекеттiк аттестаттаудан өтедi.

                  3. Қызметiнiң негiздерi 
 

      11. Ұйым өз бетiнше Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы бекiткен мектептен тыс ұйымның әрбір түрi қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдердiң негiзiнде өз қызметiнің бiлiм беру бағдарламасын әзiрлейдi. <*>
       Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.11.16. N  1208 қаулысымен.
      12. Ұйымдағы тәрбие бағдарламалары білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлiгi болып табылады және тәрбиеленушiлердiң елжандылық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және адамгершілiк сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты ынта-ықыластары мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс. 
      13. Ұйымда нәсiлдiк, ұлттық, дiни, әлеуметтiк ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, милитаристiк және халықаралық құқық пен ізгiлiктiң жалпы танылған қағидаттарына қайшы келетiн өзге де идеяларды таратуға тыйым салынады. 
      14. Жастары қатар және әртүрлi жастағы балалар Ұйымда ынта-ықыластары бойынша студияға, ансамбльге, топқа, үйiрмеге, театрға (бұдан әрi - топтар) бiрiктiрiледi. Топтардың құрылуы балалардың өз таңдауларына негiзделедi. 
      15. Топтардың қызметiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттары негiзiнде әзiрленген үлгі оқу жоспарлары мен бағдарламаларын ескере отырып, педагог белгiлейдi. 
      16. Топтарда сабақтар бiрыңғай тақырыптық бағыттағы бағдарламалар немесе кешендi, үйлестiрiлген бағдарламалар бойынша өткiзiлуi мүмкiн. 
      17. Бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң оқу жүктемесi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және бiлiм беру органдарының ұсынымдары негiзiнде дайындалған Ұйым бекiткен ережемен белгiленедi. 
      18. Ұйым топтарының толықтырылуын Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы санитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес белгiлейдi.
      19. Әр баланың бiрнеше топта шұғылдануға құқығы бар. 
      20. Ұйымда оқу-тәрбие процесi тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Ұйымда білім алушыларды тәрбиеленушiлердi аурудан сақтандыру, олардың денсаулығын нығайту, денесiн шынықтыру, салауатты өмiр салтын ынталандыру шараларының орындалуы қамтамасыз етiледi. 
 

                   4. Бiлiм беру процесiне қатысушылар 
 

      21. Ұйымдағы оқу процесiне қатысушылар: балалар, педагог қызметкерлер, бiлiм алушылардың ата-аналары (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкiлдерi) болып табылады. 
      22. Балаларды мектептен тыс ұйымдарға қабылдаудың жалпы тәртiбiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органы белгiлейдi. 
      23. Балаларды Ұйымға қабылдаудың тәртiбiн заңнамамен реттелмеген бөлiкте құрылтайшы белгiлейдi және ол Ұйымның Жарғысында бекiтiледi. 
      24. Балаларды Ұйымға қабылдау кезiнде Ұйым, ата-аналарды немесе өзге де заңды өкiлдердi Ұйымның жарғысымен, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясымен және қабылдау мен оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыруды реттейтiн басқа да құжаттармен таныстырады.
      25. Бiлiм алушылардың, ата-аналардың (кәмелетке толмағандардың өзге де заңды өкiлдерiнiң), қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi Ұйым жарғысымен және бiлiм беру саласындағы өзге де заңнамалық  кесiмдермен  белгiленедi.
      26. Ұйымның педагогикалық қызметiне тиiстi кәсiптiк бiлiмi бар азаматтар жiберiледi.
      27. Қызметкер мен Ұйымның еңбек қатынастары еңбек шартымен реттеледi, оның шарттары Қазақстан Республикасының еңбек     заңнамасына қайшы келмеуi тиiс.     

                        5. Ұйымды басқару 

      28. Ұйымды басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы ережеге және Ұйымның жарғысына сәйкес демократиялық, жариялылық, жалпы адамзаттық құндылықтардың басымдығы, тұлғаның еркiн дамуы қағидаттарында жүзеге асырылады.
     29. Ұйымды алқалы басқару нысаны Ұйым кеңесi, жалпы жиналыс, педагогикалық кеңес және басқа да нысандар болып табылады.
     30. Ұйымға тiкелей басшылықты директор жүзеге асырады.
     31. Ұйым директорын қызметке құрылтайшы тағайындайды және одан босатады.

                     6. Кәсiпкерлiк қызмет

      32. Ұйым жарғыға сәйкес, бiлiм беру және өзге де ақылы қызмет ұсыну есебiнен кiрiс әкелетiн қызметпен айналыса алады.     

                     7. Халықаралық қызмет

      33. Ұйымның халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасының заңнамасы және халықаралық шарттар, келiсiмдер мен конвенциялар негiзінде жүзеге асырылады.     

                     8. Қорытынды ережелер

     34. Ұйымды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
     35. Ұйым қызметiнiң тәртiбiн осы Ережемен реттелмейтiн бөлiкте құрылтайшы белгiлейдi және ол Ұйымның жарғысында бекiтiледi.     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады