Об Инструкции по подготовке заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 1999 года N 1996

      В целях реализации положений "Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию по подготовке заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур".
      2. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     П ремьер-Министр
     Республики Казахстан   

                                             Утверждена 
                                постановлением Правительства        
                                      Республики Казахстан
                                от 28 декабря 1999 года N 1996 

Инструкция
по подготовке заключения (согласования) по планам запусков
космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома
"Байконур"

1. Общие положения

      1. Настоящая Инструкция устанавливает особый порядок рассмотрения и подготовки заключения (согласования) государственными органами Республики Казахстан по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" (далее - Планы), представляемым Российской Федерацией на очередной год в соответствии с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и согласования планов запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года (далее - Соглашение).

  2. Порядок рассмотрения Планов в 
государственных органах Республики Казахстан 

      2. Министерство иностранных дел Республики Казахстан в течение суток с момента поступления Планов от Российской Стороны в соответствии со статьей 2 Соглашения направляет их на согласование в следующие государственные органы:
      Министерство охраны окружающей среды Республики Казахстан - по вопросам выполнения Плана реализации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации по экологии и природопользованию и Порядка экологического контроля на территории комплекса "Байконур"; 
      Министерство обороны Республики Казахстан - по вопросам использования воздушного пространства Республики Казахстан и работы радиоэлектронных средств Сил воздушной обороны Вооруженных Сил Республики Казахстан на период подготовки и проведения запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет, а также при реализации совместных космических проектов;
      Национальное космическое агентство Республики Казахстан - для определения соответствия Планов положениям соглашений, договоров и протоколов, подписанных между Республикой Казахстан и Российской Федерацией по комплексу "Байконур"; 
      Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан - для определения необходимых сил и средств, приводимых в состояние готовности к моменту пуска с космодрома "Байконур" и привлекаемых для ликвидации последствий возможных аварий; 
      Комитет национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию) - для определения соответствия Планов интересам безопасности Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 24 января 2003 г.  N 88 ; от 28 апреля 2006 года N  340 ; от 29 мая 2007 года N  438 .
      3. Срок согласования Планов в государственных органах, перечисленных в пункте 2 настоящей Инструкции, не должен превышать трех календарных дней с момента их поступления. 
      По итогам рассмотрения Планов согласующий государственный орган представляет свои предложения в Национальное космическое агентство Республики Казахстан.  <*>
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 24 января 2003 г.  N 88 ; от 29 мая 2007 года N  438
      4. Национальное космическое агентство Республики Казахстан в течение трех календарных дней с момента получения предложений заинтересованных государственных органов сводит их в окончательный вариант проекта Заключения. 
      Данный вариант проекта Заключения и проект постановления Правительства Республики Казахстан об утверждении Заключения в течение пяти календарных дней согласовываются с заинтересованными государственными органами и представляются в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан. При этом срок согласования проектов в заинтересованных государственных органах не должен превышать двух календарных дней.  <*>
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 24 января 2003 г.  N 88 ; от 29 мая 2007 года N  438
      5. Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан в течение двух календарных дней с момента получения указанных проектов проводит их экспертизу и после согласования у соответствующего заместителя Премьер-министра Республики Казахстан, Руководителя Канцелярии Премьер-министра Республики Казахстан вносит на подписание Премьер-Министру Республики Казахстан либо лицу, его замещающему. 
      6. Министерство иностранных дел Республики Казахстан со дня принятия постановления Правительства Республики Казахстан в течение суток, но не позднее 30 декабря предшествующего года направляет Заключение Российской Стороне по дипломатическим каналам. 

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 1999 жылғы 28 желтоқсан N 1996

      1999 жылғы 18 қарашадағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсынудың және алудың тәртібі туралы келісімнің" ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

     Қазақстан Республикасының 
      Премьер-Министрі 

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің 1999 жылғы      
28 желтоқсандағы         
N 1996 қаулысымен         
бекітілген            

       "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру
     және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша
          қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі 
                       Нұсқаулық 

                     1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Нұсқаулық 1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары жөнінде қорытындыны (келісу) ұсынудың және алудың тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) сәйкес Ресей Федерациясының кезекті жылға ұсынатын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары (бұдан әрі - Жоспарлар) жөніндегі қорытындыны (келісуді) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қарауы мен дайындауының ерекше тәртібін белгілейді. 

       2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында 
                 Жоспарларды қараудың тәртібі 

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Тарабынан Жоспарлар келіп түскен сәттен бастап бір тәуліктің ішінде Келісімнің 2-бабына сәйкес оларды келісу үшін мына мемлекеттік органдарға: 
      Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешені аумағындағы экология және табиғатты пайдалану жөніндегі келісімді Іске асыру жоспарын және Экологиялық бақылау тәртібін орындау мәселелері жөнінде; 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне - ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшырудың дайындығы мен жүргізілуі кезеңінде, сондай-ақ бірлескен ғарыштық жобаларды іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің радиоэлектрондық құралдарының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде; 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне - Жоспарлардың Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында қол қойылған "Байқоңыр" кешені жөніндегі келісімдердің, шарттар мен хаттамалардың ережелеріне сәйкестігін айқындау үшін; 
      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгіне - "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру сәтінде дайындық жағдайына келтірілетін және болуы мүмкін авариялардың зардаптарын жою үшін тартылатын қажетті күштер мен қаражатты айқындау үшін; 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (келісім бойынша) - Жоспарлардың Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделеріне сәйкестігін айқындау үшін жібереді.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.24.  N 88 , 2006.04.28. N  340 , 2007.05.29. N  438 қаулыларымен.

      3. Осы Нұсқаулықтың 2-тармағында аталған мемлекеттік органдарда Жоспарларды келісудің мерзімі олар келіп түскен сәттен бастап 3 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. 
      Келісуші мемлекеттік орган Жоспарларды қараудың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне өзінің ұсыныстарын тапсырады. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.24.  N 88 , 2007.05.29. N  438 қаулыларымен.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын алған сәттен бастап үш күнтізбелік күннің ішінде Қорытынды жобасының түпкілікті нұсқасына жинақтайды.
      Қорытынды жобасының аталған нұсқасы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қорытындыны бекіту туралы қаулысының жобасы бес күнтізбелік күннің ішінде мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне ұсынылады. Бұл ретте мүдделі мемлекеттік органдарда жобаларды келісудің мерзімі екі күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.01.24.  N 88 , 2007.05.29. N  438 қаулыларымен.

      5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі көрсетілген жобаларды алған сәттен бастап екі күнтізбелік күннің ішінде оларды сараптаудан өткізеді және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті орынбасарымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысымен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің не оның орнындағы тұлғаның қол қоюына енгізеді.

      6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданған күннен бастап бір тәуліктің ішінде, бірақ өтер жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей тарапына жолдайды.