Ескерту. 1 және 3-тармақтарды қоспағанда күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 302 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: |
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған: 1) Агенттік туралы ереже; 2) алынып тасталды енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1814 Қаулысымен;3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1814 Қаулысымен. |
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген таратылатын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Аэроғарыш комитетінің штат санының лимиті мен шығыстары заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттікке беріледі деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі туралы ережеЕскерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1814 Қаулысымен. 1. Жалпы ережелерҚазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) ғарыш қызметі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте ғарыш қызметі саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Агенттіктің ведомстволары жоқ. 3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Егер Агенттікке оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 7. Агенттік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Агенттіктің орналасқан жері: пошталық индексі 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі. 10. Агенттіктің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" мемлекеттік мекемесі. Агенттіктің қысқартылған атауы – "Қазғарыш". 11. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2.Агенттіктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері14. Агенттіктің миссиясы: ел үшiн экономиканың және қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын толыққанды жаңа ғарыш саласын қалыптастыру. 15. Міндеттері: 1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету; 2) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру; 3 ) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту; 4) ғарыштық технологиялар мен қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау; 5) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру; 6) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 7) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 8) өз құзыреті шегінде "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру. 16. Функциялары: 1) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың жай-күйі мен болжамына және ғарыш кеңістігін зерттеу мен пайдалануда әлемдік үрдістерге талдау жүргізеді; 2) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттары, сондай-ақ ғарыш қызметі саласында мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді; 3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобаларды және бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді; 4) ғарыштық орналастыру және қашықтықтан зондтауды бақылау құралдарын (ғарыш мониторингін) пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады; 5) өз құзыреті шегінде ғарыш қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды; 6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен халықаралық шарттар жасасады; 7) ғарыш қызметін қазақстандық қатысушылар жүзеге асырған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлейді; 8) ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін әзірлейді; 9) ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ ол қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін әзірлейді; 10) ғарыш кеңістігін пайдалану саласында лицензиялауды жүзеге асырады; 11) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде ғарыш қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 13) ғарыш қызметінің қатысушылары қызметіне мониторинг жүргізеді; 14) мемлекеттің қатысуымен ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін ұйымдардың басқару органдарында мемлекет мүдделерін білдіруді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады; 15) ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асырады; 16) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн әзірлейді; 17) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады және ғарыш объектілерінің тіркелімін жүргізеді; 18) ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерінің таңбалануын айқындайды; 19) ғарышкерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастыру мен үйлестiрудi жүзеге асырады; 20) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені әзірлейді және бекітеді; 21) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес ғарыш қызметі саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар әзірлеуді ұйымдастырады; 22) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынады; 23) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін әзірлейді; 24) Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн әзірлейді; 25) дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн әзірлейді; 26) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын, сондай-ақ олардың міндеттері мен функцияларын айқындау үшін заңды тұлғалардың тізбесін ұсынады; 27) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзірлейді; 28) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін әзірлейді; 29) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін белгілейді; 30) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде өз құзыреті шегінде іздестіру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тексеруге қатысады; 31) ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді; 32) ғарыш қызметі саласында заңнама талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 33) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады; 34) ғарыш қызметі саласындағы және "Байқоңыр" кешені жөніндегі халықаралық шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 35) ғарыш қызметiнің мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi; 36) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының "Байқоңыр" кешені бойынша халықаралық шарттарды орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 37) жалға алу жағдайында "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша Ресей Федерациясымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 38) Ресей Федерациясы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша жыл сайынғы қорытынды дайындауды және оны іске асыру мониторингін ұйымдастырады; 39) "Байқоңыр" кешенінің ұйымдастыру және өзге де шаруашылық мәселелерін белгіленген тәртіппен шешуді қамтамасыз етеді; 40) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының қарамағындағы "Байқоңыр" кешенінің объектілеріне жеке тұлғалардың кіруін қамтамасыз етеді; 41) "Байқоңыр" кешенінің жалға берілетін объектілері мен мүлкінің сақталу және пайдалану жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға қатысады. 17. Құқықтары мен міндеттері: Агенттіктің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар: 1) орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдауға; 2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға; 3) қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға. Агенттік: 1) Агенттікке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етуге; 2) ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық құқық нормаларын ұстануға міндетті. 3. Агенттіктің қызметін ұйымдастыру18. Агенттікке басшылықты Агенттікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады. 19. Агенттік төрағасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 20. Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. 21. Агенттік төрағасының өкілеттіктері: 1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады; 2) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Агенттікті білдіреді; 3) Агенттіктің жыл сайынғы даму жоспарларын бекітеді; 4) Агенттік алқасының және ғылыми-техникалық кеңесінің жұмысын ұйымдастырады және олардың мәжілістерінде төрағалық етеді; 5) Агенттікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар үшін дербес жауапкершілікте болады; 6) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі және оларға бұрыштама соғады; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Агенттіктің төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 22. Агенттіктің төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. 23. Агенттіктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады. 4. Агенттіктің мүлкі24. Агенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Агенттіктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады. 25. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату27. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі1. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында). 2. "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" (шаруашылық жүргізу құқығында). 3. "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы. 4. "Ғарыштық байланыс республикалық орталығы" акционерлік қоғамы. 5. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы. 6. "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы. 7. "Қазсат" басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіЕскерту. Тізбе алынып тасталды енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2012 № 1814 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 2. "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8 қаңтардағы N 27 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 2, 9-құжат): 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі "Инфракос" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін.". 3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14 N 807 Қаулысымен. 5. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитетіне" деген бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне"; "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 282-1-жолмен толықтырылсын: "282-1. "Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электромагниттік үйлесімділігі республикалық орталығы" АҚ; "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне" деген бөлімдегі реттік нөмірі 278-жол алынып тасталсын. 6. "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулықта: 2-тармақтың төртінші абзацындағы, 3-тармақтың екінші абзацындағы және 4-тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне" және "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіне" және "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын. 7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.29 N 1395 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.8. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29 N 598 Қаулысымен. 9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен. 10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31 N 1339 Қаулысымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі). 11. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында: 12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында: 4 "Әуе көлігі" кіші функциясында: мынадай бюджеттік кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі алынып тасталсын: "225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" 042 "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі" 043 "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау" 047 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"; 9 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында: мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын: "601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" 001 "Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" 001 Орталық органның аппараты 007 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру 008 Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайларын және құрылыстарын күрделі жөндеу 009 Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау 017 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету 003 "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау" 005 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту" 006 "Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу" 008 "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі" 100 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінің есебінен іс-шаралар өткізу" 101 "Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу" 105 "Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау" 109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу"; 13 "Басқалар" функциялық тобында: 9 "Басқалар" кіші функциясында: мынадай бюджеттік бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі алынып тасталсын: "225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" 054 "Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау"; мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын: "601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" 007 "Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау". 12. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.13. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.04.15 N 339 Қаулысымен. 14. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімдегі реттік нөмірі 3-жол алынып тасталсын. 15. "2007 - 2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі N 954 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 36, 406-құжат): 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген "2007 - 2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасында: "Байқоңыр қаласында тұрғын үйлер мен қонақ үй кешенін салу" деген 5.7-кіші бөлімдегі "Білім және ғылым министрлігінің Аэроғарыш комитеті" деген сөздер "Ұлттық ғарыш агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын; "2007 - 2009 жылдарға арналған "Байқоңыр" кешенінің инфрақұрылымын дамыту" бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде: 4-бағандағы "БҒМ" деген аббревиатура "ҰҒА" деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпе (әріптік аббревиатуралардың толық жазылуы) мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "ҰҒА - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі". 16. "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II "Шығындар" бөлімінде: 04 "Білім беру" функционалдық тобында: "127069699" деген сандар "127008821" деген сандармен ауыстырылсын; 09 "Білім беру саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында: 225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша "33374170" деген сандар "33313292" деген сандармен ауыстырылсын; 001 "Білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасындағы "1337862" деген сандар "1277259" деген сандармен ауыстырылсын; 001 "Орталық органның аппараты" бюджеттік кіші бағдарламасындағы "802023" деген сандар "741420" деген сандармен ауыстырылсын; 050 "Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу" бюджеттік бағдарламасындағы "66670" деген сандар "66395" деген сандармен ауыстырылсын; 12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында: "161435371" деген сандар "161496249" деген сандармен ауыстырылсын; 04 "Әуе көлігі" ішкі функциясында: 225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламасының әкімшісі бойынша "591540" деген сандар "565463" деген сандармен ауыстырылсын; мына бюджеттік бағдарламалар алынып тасталсын: 042 "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі 12045" 043 "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау 14032"; 09 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында: мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламаларымен және кіші бағдарламаларымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын: "601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі 86955 001 Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету 60603 001 Орталық органның аппараты 60603 003 Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау 14032 006 Сенім артқан агенттер қызметіне ақы төлеу 275 008 "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі 12045"; 13 "Басқалар" функционалдық тобында: 09 "Басқалар" ішкі функциясында: мынадай бюджеттік бағдарламасымен бірге бюджеттік бағдарламаның әкімшісі алынып тасталсын: "225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 1220000" 054 "Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау 1220000"; мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасымен бірге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен толықтырылсын: "601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі 1220000 007 Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің объектілері мен мүлкін түгендеу және қайта бағалау 1 220 000"; V "Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо"" бөлімінде: 12 "Көлік және коммуникациялар" функционалдық тобында: 04 "Әуе көлігі" ішкі функциясында: мынадай бюджеттік бағдарламасымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшісі алынып тасталсын: "225 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 8224165" 047 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту 8224165"; 09 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" ішкі функциясында: мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламасымен бірге бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын: "601 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі 8224165 005 "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту 8224165". 17. "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 қаулысында: 1-тармақта: он тоғызыншы абзацтағы "279, 280, 283, 289" деген сандар алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы отыз тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: "406-1, 406-2, 406-3, 406-4, 406-5, 406-6-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі"; осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6-қосымшаларға сәйкес 406-1, 406-2, 406-3, 406-4, 406-5, 406-6-қосымшалармен толықтырылсын; көрсетілген қаулыға 240-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Құны: 1277259 мың теңге (бір миллиард екі жүз жетпіс жеті миллион екі жүз елу тоғыз мың теңге); 5-тармақтағы "аэроғарыш қызметі және" деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулыға 285-қосымшада: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Құны: 66395 мың теңге (алпыс алты миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге); 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" 2005 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы;" деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақтағы ", сондай-ақ бюджеттік кредит банк-агентінің қызмет көрсетуі" деген сөздер алынып тасталсын; 5-тармақтағы ", Банк-агентке бюджеттік кредитке агенттік қызмет көрсету үшін комиссиялық сыйақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы "және Банк-агентке "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" республикалық бюджеттік инвестициялық жобаға агенттік қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын; 7-тармақта: Тікелей нәтижедегі "және Банк-агентке "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру" республикалық бюджеттік инвестициялық жобаға агенттік қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу" деген сөздер алынып тасталсын; Түпкі нәтижедегі "Байқоңыр" ғарыш айлағында","Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құруға байланысты іс-шаралардың орындалуы" деген сөздер алынып тасталсын; Қаржылық-экономикалық нәтижедегі", республикалық бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру сапасын көтеру" деген сөздер алынып тасталсын; Сапасындағы "мен кредиторлық шарттың" деген сөздер алынып тасталсын.
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2007 жылға арналған 001 - "Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны : 60 603 мың теңге (алпыс миллион алты жүз үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі : "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3, 21-24-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы" 2007 жылғы 27 наурыздағы N 302 Жарлығы; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру және дамыту; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру; ғарыш қызметі саласында мемлекеттік техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясат қалыптастыру және оның негізгі бағыттарын іске асыру. Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасында ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту. Қаржы-экономикалық тиімділік: бір қызметшіні ұстауға орташа шығын жылына 1 515,07 мың теңгені құрайды. Уақытылы: жасасқан шарттарға және бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес. Сапалығы: кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру.
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2007 жылға арналған 003 - "Қазақстан Республикасының ғарышкерлерін даярлау" деген республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны : 14032 мың теңге (он төрт миллион отыз екі мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкерлеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Федеральды ғарыш агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында топтағы арнайы дайындықтан өту тәртібі мен шарттары туралы хаттамаға қол қою туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 тамыздағы N 819 қаулысы; "Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының ғарышкер-сынаушыларын даярлауға байланысты шығыстардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі N 919 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Халықаралық ғарыш станциясына ұшу және ғарыштық зерттеулер мен эксперименттер жасаудың қазақстандық бағдарламасын орындау үшін Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысын топта даярлауға арнайы дайындық. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : екі ғарышкер-сынаушының Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында (Мәскеу қаласы) болу және арнайы оқу үшін жағдайлармен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының екі ғарышкер-сынаушысының топта Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында арнайы даярлықтан өтуі. Соңғы нәтиже: ғарышкер-сынаушылардың оқу жоспары мен бағдарламаларды толық көлемде игеруі және олардың Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген Халықаралық ғарыш станциясына ұшу кезінде ғарыштық зерттеулер мен эксперименттердің қазақстандық бағдарламаларын орындауға дайындығы. Қаржы-экономикалық тиімділік: топтағы бір ғарышкер-сынаушы арнайы дайындығының құны 7 016,0 мың теңгені құрайды. Уақытылығы: Ю.А.Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығымен жасасқан шартқа сәйкес. Сапа: Ю.А. Гагарин атындағы Ресей ғарышкерлер даярлау мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынау орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерінің арнаулы дайындықтан өту тәртібі және жағдайы туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Ресей авиация-ғарыш агенттігі арасындағы хаттаманы іске асыру.
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2007 жылға арналған 005 - "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту" деген республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны : 8 224 165 мың теңге (сегіз миллиард екі жүз жиырма төрт миллион бір жүз алпыс бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : Қазақстан Республикасы Президентінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" 2005 жылғы 25 қаңтардағы N 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру Жоспарын бекіту туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 352 қаулысы; "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы N 242 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында ағымдағы, ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды іске асыру үшін жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған жоғары тиімді ақпараттық, ғарыштық технологиялар мен жүйелер жасау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : "Байқоңыр" кешенінде "Қазғарыш" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: ғарыш қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдары үшін ақпараттық есептеу орталығы ғимаратына жалғастыра салынған жайды жаңғырту және қызметтік үй ретінде екі тұрғын үйді жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің, жоғары шешімді спутниктің, орта шешімді спутниктің, жер үсті басқару кешенінің, жер үсті мақсатты кешеннің жұмыс құжаттарын әзірлеу. Соңғы нәтиже: ғарыш техникасын дамытудың негізгі бағыттарын негіздеу жөнінде жүйелік зерттеулер және оны құру жөнінде тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, жүргізу үшін инфрақұрылымды дамыту, картография, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру, төтенше жағдайлар зардаптарының мониторингі, алдын алу мен болдырмау, өнеркәсіп пен инфрақұрылым нысандарын салу мен іске қосу, қозғалмайтын мүлікке бақылау (есепке алу және салық салу үшін), жер мен орман пайдалану (есепке алу, жоспарлау және бақылау), ауылшаруашылығын жоспарлау, есепке алу мен бақылау, экологиялық мониторинг саласында Жер бетіндегі объектілер мен процестер туралы шұғыл ақпарат алу есебінен мемлекеттік басқару органдары мен коммерциялық ұйымдарда шешімдер қабылдаудың жылдамдығы мен тиімділігін арттыру, ғарыш қызметі саласындағы қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайлар жасау. Қаржы-экономикалық тиімділік: қосымша үстеме шығындар мен ғарыш түсірілімдерінің құнын 10-20%-ға төмендету, спутниктер пайдалана бастағаннан шығын орнының өтелу мерзімі - 4,2 жыл, Жерді қашықтықтан зондтау технологиясын экономиканың түрлі салаларына енгізудің жоғарғы экономикалық тиімділігі, елдің экспорттық әлеуетін арттыру және диверсификациялау, Қазақстан Республикасы ғарыш саласы мамандарының ғылыми әлеуетін арттыру. Уақытылығы: қызметтік ғимаратты жаңғырту, Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесін құру жөнінде жасаған шарттарға және жұмыс кестесіне сәйкес. Сапа: түсірілімдердің келесі түрлерін жүргізу мүмкіндігі: 1м. және 6,7 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы панхроматикалық, 4 м. және 28 м. шешімдегі көрінетін диапазондағы көп аумақты, 30 м. шешімдегі орташа және алыс ИК диапазондағы инфрақызыл, 30 м. шешімдегі гиперспектралды; 24-тен 3-5 тәулікке дейін сүреттер алу шұғылдығын артады, "2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру кезінде әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу.
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2007 жылға арналған 006 - "Сенім артылған агенттер қызметіне ақы төлеу" республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны : 275 мың теңге (екі жүз жетпіс бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: банк-агенттің бюджеттік несиелеу қызметін көрсету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Банк-агентке бюджеттік несиелеуге қызмет көрсеткені үшін комиссиялық сыйақы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенін құру" республикалық бюджеттік инвестициялық жобасына агенттік қызмет көрсеткені үшін Банк-агентке комиссиялық сыйақы төлеу. Соңғы нәтиже: "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенін құрумен байланысты іс-шаралардың орындалуы. Қаржы-экономикалық тиімділік: республикалық бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру сапасын арттыру. Уақытылығы: Банк-агент алдындағы міндеттерінің уақытылы орындалуы. Сапасы: несиелік шарт жағдайына сәйкес есептілікті және ақпаратты дұрыс, уақытында беру.
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2007 жылға арналған 007 - "Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені объектілерін және кешенін түгендеу және қайта бағалау" деген республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны : 1220000 мың теңге (бір миллиард екі жүз жиырма миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі : Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға алу шартын ратификациялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2195 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері : республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерін пайдалану болашағын және "Байқоңыр" кешеніндегі қазақстандық меншіктің нарықтық құнын белгілеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері : "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүлігінің техникалық жағдайын кешенді бағалаумен және пайдаланумен байланысты зерттеу жұмыстарын аяқтау және 2007 жылғы түгендеу барысында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүлігін қайта бағалау жөнінде жұмыстар жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары :
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер : Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының мүддесінде "Байқоңыр" кешені объектілері мен мүлкінің техникалық жағдайын бағалау мен пайдаланылу болашағын анықтау; нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын "Байқоңыр" кешенінің негізгі қаражатының құнын анықтау. Соңғы нәтиже: "Байқоңыр" кешенінің ғылыми-техникалық әлеуетін бағалау және оның бұдан әрі дамуының техникалық саясатын әзірлеу; ұлттық заңнамаға және бухгалтерлік есеп саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес "Байқоңыр" кешені активтерінің жүйелік есебі. Қаржы-экономикалық нәтиже: ғарыштық бағдарламаларды іске асыру барысында "Байқоңыр" кешенінің құрылымын және ғарыш айлағы объектілерін ұстауға арналған шығыстарды оңтайландыруға мүмкіндік береді; "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген объектілерін пайдалану кезінде келтірілген залалды қалпына келтіру жөнінде ресей тарабының алдына мәселелерді негіздеп қоюға және "Байқоңыр" ғарыш айлағы инфрақұрылымын дамытуға инвестициялар тарту үшін қаржылық құралдар сатып алуға мүмкіндік береді. Уақытылығы: зерттеу жұмыстарының нәтижелері қазіргі уақытта әзірленіп жатқан "Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін 2020 жылға дейін дамыту" Мемлекеттік бағдарламасына негіз болады; "Байқоңыр" кешені объектілерін сақтау және пайдалану жағдайларын Қазақстан Республикасы жағынан бақылау тәртібі туралы 1995 жылғы 18 тамыздағы Келісімге сәйкес "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүліктерін кезекті түгендеу 2007 жылы, ал кейінгісі тек 2011 жылы өтеді. Сапа: "Байқоңыр" ғарыш айлағы жер үсті инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және ғарыштық бағдарламаларды іске асыру үшін ақпараттық негіз алу.
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі 2007 жылға арналған 008 - "Байқоңыр" кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі" деген республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ 1. Құны : 12045 мың теңге (он екі миллион қырық бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақ ССР-і Үкіметінің қарамағына көшуі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1991 жылғы 31 тамыздағы N 410 Жарлығы ; "Байқоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы 1994 жылғы 14 шілдедегі Келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 14 шілдедегі қаулысы; "Заңды тұлғаларға бекітілмеген мемлекеттік мүлікті бекіту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қаңтардағы N 61 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы N 563 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы "Байқоңыр" кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі. Соңғы нәтиже: "Байқоңыр" кешені мүлкінің сақталуы. Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 718,1 мың теңгені құрайды. Уақытылығы: "Байқоңырбаланс" мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес. Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және "Байқоңыр" кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу. |