Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 және 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 88 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулық туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 58, 570-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келiсудi) дайындау жөнiндегi нұсқаулықта
      2-тармақтың екiншi абзацындағы "Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне" деген сөздер "Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың төртiншi абзацындағы, 3-тармақтың екiншi абзацындағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне" деген сөздер, 4-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне", "Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен;
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады