Комментарий к Программе Правительства Республики Казахстан на 2002-2004 годы

Комментарий Канцелярии Премьер-Министра к Указу Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827

      28 марта 2002 года Президентом страны Нурсултаном Назарбаевым подписан U020827_ Указ об утверждении Программы Правительства на 2002-2004 годы.
      Каждое Правительство, становясь у руля управления социально-экономическими процессами, разрабатывает свою программу, которая в соответствии с K951000_ Конституцией Республики Казахстан должна вначале получить одобрение Парламента и затем быть представлена на утверждение Главе государства. Что и сделано Правительством нынешнего состава в довольно короткие сроки.
      Стержневым элементом Программы являются слова Президента: "Новое Правительство должно стать Правительством здравого смысла и конкретной работы". Концептуальные основы Программы одобрены Парламентом, она учитывает предложения и рекомендации не только всех государственных органов, но и депутатов.
      На состоявшемся 28 марта т.г. расширенном заседании Правительства с участием акимов областей, городов Астаны и Алматы Глава государства подчеркнул ее отличие от предыдущих программ, имея в виду более целенаправленный и конкретный характер документа.
      Основные направления Программы, ее приоритеты вытекают из первоочередных задач, поставленных перед Правительством Главой государства, и нацелены на дальнейшую реализацию K972030_ Стратегии-2030 и достижение индикаторов U010735_ Стратегического плана развития до 2010 года. В качестве главной своей цели Программа Правительства ставит рост уровня жизни населения на основе общественно-политической стабильности, устойчивого социально-экономического развития, повышения уровня сбалансированности экономики, активизации движения капитала, укрепления экономической безопасности, снижения системных рисков, развития международного сотрудничества.
      Исходя из этого Правительство определило приоритетное решение задач по следующим направлениям:
      - улучшение благосостояния населения страны и создание предпосылок для его дальнейшего роста;
      - создание новых современных производств, выход на более высокий технико-технологический уровень;
      - повышение эффективности работы государственных органов управления с четким определением их функций, полномочий и ответственности;
      - создание механизмов государственного регулирования экономики, включая адекватное реагирование на изменения социально-экономических процессов и внешних факторов.
      Их реализация позволит добиться среднегодового реального прироста валового внутреннего продукта на 5-7 процентов с его увеличением в 2004 году по сравнению с 2001 годом на 18-20 процентов и довести уровень ВВП на душу населения в 2004 году до суммы, эквивалентной 1600-1700 долларам США.
      Выполнение намеченных Программой мер придаст поступательный и целенаправленный характер развитию экономики для достижения целей, поставленных Главой государства в стратегии K972030_ "Казахстан-2030" и U010735_ Стратегическом плане развития республики до 2010 года.
(Специалисты: Умбетова А.М., Пучкова О.Я.)
 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасына түсініктеме

Премьер-Министрдің Кеңсесінің Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығына түсініктемесі

      2002 жылғы 28 наурызда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
      Әрбір Үкімет әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды қолға алғанда өзінің Бағдарламасын талдап жасайды, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес алдымен ел Парламентінде мақұлданып, одан кейін Мемлекет басшысының бекітуіне берілуі тиіс. Қазіргі құрамдағы Үкімет те осы мәселені айтарлықтай қысқа мерзімде атқарды.
      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: "Жаңа Үкімет салауатты ой мен нақты жұмыстың Үкіметі болуы керек" деген сөзі Бағдарламаға өзек болып тартылған.
      Екі айлық қауырт жұмыстың нәтижесінде Бағдарламаның Парламентте мақұлданған тұжырымдамалық негіздері және барлық мемлекеттік органдардың ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының да сын-ескертпелері мен ұсыныстарын ескерген Бағдарлама әзірленді.
      Мемлекет басшысы 28 наурызда болған облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысқан Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Бағдарламаның әлдеқайда мақсаткерлік және нақты сипатын ескере отырып, оның бұрынғы үкіметтер бағдарламаларынан ерекшелігін атап көрсетті.
      Бағдарламаның негізгі бағыттары, оның басымдықтары мен мақсаттары Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған бірінші кезектегі міндеттерден туындайды және 2030 Стратегиясын одан әрі іске асыруды және 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізуді көздейді.
      Үкіметтің Бағдарламасы қоғамдық-саяси тұрақтылықтың, тұрлаулы әлеуметтік-экономикалық дамудың, экономиканың теңдестірілу деңгейін арттырудың, капитал қозғалысын белсенді етудің, экономикалық қауіпсіздікті нығайтудың, жүйелік тәуекелдерді азайтудың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың негізінде халықтың тұрмыс деңгейін арттыруды өзінің басты мақсаты ретінде қойып отыр.
      Осыны негізге ала отырып Үкімет 2002-2004 жылдарға арналған өзінің Бағдарламасында мына міндеттерді шешуді басым бағыттар деп анықтады:
      - ел халқының әл-ауқатын жақсарту және оны одан әрі арттыруға алғышарттар жасау;
      - осы заманғы жаңа өндірістер құру, қазіргіден жоғары техникалық-технологиялық деңгейге көтерілу;
      - мемлекеттік басқару органдарының функцияларын, өкілеттіктері мен жауапкершілігін нақты анықтай отырып, жұмысының тиімділігін арттыру;
      - әлеуметтік-экономикалық процестер мен сыртқы факторлардың өзгеруіне сайма-сай үндестік танытуды қоса есептегенде экономиканы мемлекеттік реттеу тетіктерін жасау. Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық 5-7 пайыз нақты өсіміне, оны 2004 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 18-20 пайызға ұлғайтуға және оның деңгейін 2004 жылы жан басына шаққанда 1600-1700 АҚШ долларына балама сомаға жеткізуге мүмкіндік береді.
      Тұтастай алғанда Бағдарламада белгіленген шараларды орындау Мемлекет басшысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында алға қойған және Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында анықталған мақсаттарға қол жеткізуге өскелең де мақсатты сипат береді.