Комментарий к Указу Президента Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 120 "О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан"

Комментарий Центра стратегических разработок и анализа Администрации Президента Республики Казахстан.

      Данный Указ направлен на формирование компактной системы государственного планирования в рамках реализации Плана нации "100 шагов".

      Указом вносятся изменения и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 18 июня 2009 года № 827 "О Системе государственного планирования в Республике Казахстан" и от 4 марта 2010 года № 931 "О некоторых вопросах дальнейшего функционирования Системы государственного планирования в Республике Казахстан".

      В частности, предусматривается:

      исключение отраслевых и введение правительственных программ;

      усиление требований к процессу разработки государственных и правительственных программ;

      закрепление ответственности первых руководителей государственных органов за результативность и эффективность реализации государственных и правительственных программ;

      изменение формата программы развития территорий.

      Вносимые изменения и дополнения позволят повысить качество разрабатываемых документов Системы государственного планирования и оптимизировать их количество.

      Центр стратегических разработок и анализа
Администрации Президента Республики Казахстан

"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 120 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының Түсіндірмесі

"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 120 Жарлығына
ТҮСІНДІРМЕ

      Аталған Жарлық "100 қадам" атты Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік жоспарлаудың ықшам жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар осы Жарлықпен енгізіледі.

      Атап айтқанда:

      салалық бағдарламаларды алып тастау және үкіметтік бағдарламаларды енгізу;

      мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеу процесіне талаптарды күшейту;

      мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігін бекіту;

      аумақтарды дамыту бағдарламасының форматын өзгерту көзделген.

      Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің әзірленетін құжаттарының сапасын арттыруға және олардың санын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің
Стратегиялық әзірлемелер
және талдау орталығы