О мерах по выполнению Решения Межгосударственного Совета (высшего органа таможенного союза) Евразийского экономического сообщества "О едином нетарифном регулировании таможенного союза Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации" от 27 ноября 2009 года № 19

Указ Президента Республики Казахстан от 21 июля 2011 года № 120. Утратил силу Указом Президента Республики Казахстан от 12 мая 2016 года № 262

      Сноска. Утратил силу Указом Президента РК от 12.05.2016 № 262.

      Подлежит опубликованию в Собрании
актов Президента и Правительства
Республики Казахстан    

      В целях реализации Решения Межгосударственного Совета (высшего органа таможенного союза) Евразийского экономического сообщества "О едином нетарифном регулировании таможенного союза Республики Беларусь, Республики Казахстан и Российской Федерации" от 27 ноября 2009 года № 19 ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Определить Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан уполномоченным органом по осуществлению государственного контроля при ввозе на территорию Республики Казахстан и вывозе с территории Республики Казахстан драгоценных металлов, драгоценных камней, сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней, а также по контролю за соблюдением Схемы сертификации Кимберлийского процесса (далее - уполномоченный орган).
      2. Наделить Национальный Банк Республики Казахстан функциями:
      1) принимать решения о реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота в виде слитков для пополнения золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан;
      2) осуществлять контроль за экспортными операциями банков второго уровня с аффинированными золотом и серебром в виде слитков;
      3) осуществлять контрольные испытания по заявкам уполномоченного органа проб (образцов) вывозимых с территории Республики Казахстан и ввозимых на территорию Республики Казахстан драгоценных металлов, сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы.
      3. Правительству Республики Казахстан:
      1) разработать и утвердить:
      Правила ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы;
      Правила ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в таможенный союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней;
      Правила ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с территории Республики Казахстан необработанных природных алмазов с учетом Схемы сертификации Кимберлийского процесса;
      Правила клеймения изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней;
      2) определить уполномоченную организацию по проведению экспертизы драгоценных камней, в том числе необработанных природных алмазов и ювелирных изделий из драгоценных металлов и драгоценных камней.
      4. Национальному Банку Республики Казахстан разработать и утвердить:
      1) Правила реализации приоритетного права государства на приобретение аффинированного золота в виде слитков для пополнения золотовалютных активов Национального Банка Республики Казахстан;
      2) форму отчетности для банков второго уровня по экспортным операциям с аффинированными золотом и серебром в виде слитков.
      5. Правительству Республики Казахстан и Национальному Банку Республики Казахстан принять иные меры, необходимые для реализации настоящего Указа.
      6. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.

      Президент
      Республики Казахстан                       Н. Назарбаев

"Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы" Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 120 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 262 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.05.2016 № 262 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс       

      «Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының кеден одағын бірыңғай тарифтік емес реттеу туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы № 19 шешімін іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі, сондай-ақ Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасының сақталуын бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру туралы шешім қабылдау;
      2) екінші деңгейдегі банктердің құйма түріндегі тазартылған алтынмен және күміспен жасалатын экспорттық операцияларын бақылауды жүзеге асыру;
      3) уәкілетті органның өтінімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асыру функциялары берілсін.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) мыналарды:
      Бағалы металдар мен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидасын;
      Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидасын;
      Кимберлий үдерісінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу  және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидасын;
      Бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидасын әзірлесін және бекітсін;
      2) асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюталық активтерін толықтыру үшін құймалар түріндегі тазартылған алтынды сатып алуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру қағидасын;
      2) құймалар түріндегі тазартылған алтынмен және күміспен жасалатын экспорттық операциялар бойынша екінші деңгейдегі банктер үшін есептілік нысанын әзірлесін және бекітсін.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықты іске асыру үшін қажетті өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев