Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңарту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге, жартыжылдықтың және жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
р/с
№
|
Іс-шараның атауы
|
Аяқталу нысаны
|
Жауапты орындаушылар
|
Орындалу мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. Жұмыспен қамту
|
1.
|
Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасының қанатқақты кезеңінің іске асырылу қорытындылары бойынша 2015 жылды қоса алғанға дейін іске асырылу тиімділігінің аралық индикаторларын айқындай отырып, оны толық ауқымда іске асыруға көшу және оған қолжеткізуді қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
Еңбекмині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы шілде
|
2. Қолжетімді тұрғын үй
|
2.
|
Құрылыс саласындағы қолданыстағы бағдарламаларға тексеру және талдау жүргізу, олардың негізінде жыл сайын 1 миллион шаршы метрге дейін жалға берілетін тұрғын үй салуды және жалға алу арқылы сатып алу тетігін, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі шаралар кешенін көздейтін бірыңғай «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын әзірлеу және бекіту
|
Үкімет қаулысы
|
ҚТКШІА, ЭДСМ, Қаржымині, Еңбекмині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы маусым
|
3. Өңірлік даму
|
3.
|
Әрбір нақты қалалық экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі шараларды көздей отырып, Қалалық агломерациялар мен шағын қалаларды дамыту бағдарламасын қабылдау
|
Үкімет қаулысы
|
ЭДСМ, ИЖТМ, МГМ, АШМ, БҒМ, Еңбекмині, Қаржымині, ТЖМ Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы маусым
|
4.
|
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасын енгізу
|
Жарлық жобасы
|
ЭДСМ, Әділетмині, Қаржымині
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов
|
2012 жылғы маусым
|
4. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру
|
5.
|
Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру жөніндегі шараларды көздей отырып, 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулердің 60 %-ын, сондай-ақ лицензиялардың барлық түрлерін электрондық форматқа көшіру
|
Президент Әкімшілігіне есеп
|
ККМ, ЭДСМ, Әділетмині, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы желтоқсан
|
6.
|
2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар және неғұрлым талап етілетін рұқсат ету құжаттарын электрондық форматқа көшіру немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беру
|
Президент Әкімшілігіне есеп
|
ЭДСМ, ККМ, Әділетмині, Қаржымині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы желтоқсан
|
7.
|
2012 жылы Ақтау, Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында қанатқақты жобаны іске асырып, автокөлікті тіркеу мен жүргізуші куәліктерін беру мәселелерін халыққа қызмет көрсету орталықтарының қарауына беру
|
Президент Әкімшілігіне есеп
|
ІІМ, ККМ, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы желтоқсан
|
8.
|
Лицензиялар мен рұқсат етулердің барлық түрін үштен бірге төмендетуді қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Заңын қабылдауды қамтамасыз ету
|
Заң жобасы
|
ЭДСМ, Әділетмині, ККМ, ЖРБА
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы маусым
|
9.
|
Рұқсат ету жүйесін одан әрі реформалауды көздейтін Тұжырымдама қабылдау және тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісу
|
Үкімет қаулысы
|
ЭДСМ, Әділетмині, ККМ, ЖРБА
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы шілде
|
5. Мемлекеттік қызмет
|
10.
|
Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия құру және 2012 жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін президенттік кадрлық корпус қалыптастыру
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
МҚІА, ЭДСМ, Әділетмині
Үйлестіруші: Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Е.Мусин
|
2012 жылғы мамыр
|
6. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту
|
11.
|
Судьяларды іріктеудің, оқытудың және тағайындаудың тиімді тетігін енгізу бөлігінде судьялар корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қайта қарау бойынша ұсыныстар әзірлеу
|
Мемлекет басшысына ұсыныстар
|
ЖСК, ЖС, Әділетмині, БП
Үйлестіруші: Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Е.Мусин
|
2012 жылғы маусым
|
12.
|
Сот жүйесін жетілдіру, оның ішінде судьялар корпусының жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ЖС, ЖСК, Әділетмині, БП
Үйлестіруші: Президент Әкімшілігінің Басшысы А.Е.Мусин
|
2012 жылғы маусым
|
13.
|
Төрелік және аралық соттарды нығайтуды, оның ішінде жалпы заң құзырындағы соттарға жүктемені төмендетуді көздейтін Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізу
|
Заң жобасы
|
Әділетмині, ЖС, ЖСК, БП
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы маусым
|
14.
|
Жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасын әзірлеу
|
Кодекс жобасы
|
БП, ЖС, Әділетмині, ЭҚСЖҚКА, ІІМ, ҰҚК
Үйлестіруші: Бас прокурор А.Қ.Дауылбаев
|
2012 жылғы қараша
|
15.
|
«Жеке детективтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу
|
Заң жобасы
|
Әділетмині, ІІМ, БП, ҰҚК, ЭҚСЖҚКА
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы қараша
|
16.
|
«Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жеке құрамына кезектен тыс аттестаттау жүргізу туралы» Жарлық қабылдау және кезектен тыс аттестаттау жүргізу
|
Жарлық
Мемлекет басшысына баяндау
|
ІІМ, ТЖМ, Әділетмині, Қаржымині, БП, ЭҚСЖҚКА
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы ақпан
2012 жылғы шілде
|
17.
|
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай ризығын арттыру мен әлеуметтік дестесін кеңейту, сондай-ақ олардың техникалық жарақтандырылуы жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
ЭДСМ, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, Әділетмині, Еңбекмині, БП, ЭҚСЖҚКА
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов
|
2012 жылғы тамыз
|
18.
|
Еуразия полициясын құру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
БЭК-ге қатысушы мемлекеттерге ұсыныстар
|
ІІМ, БП, ҰҚК, ЭҚСЖҚКА
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы маусым
2012 жылғы тамыз
|
19.
|
Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаға, онда, оның ішінде жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді, жұртшылықты сыбайлас жемқорлық тәртіп бұзушылықтың алдын алуға кеңінен тартуды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің шығыстарына мағлұмдауға көшуді көздей отырып, өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Үкімет қаулысы
|
ЭҚСЖҚКА, ҰҚК, БП, МҚІА, Әділетмині, Қаржымині, ЭДСМ
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы мамыр
|
7. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі
|
20.
|
«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ-ның, «Кәсіпқор» холдингінің тәжірибесін ескере отырып, білім берудің барлық деңгейіндегі оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістер мен технологиялар енгізуді қамтамасыз ету
|
нормативтік құқықтық акті
Мемлекет басшысына баяндау
|
БҒМ, ЭДСМ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, «Кәсіпқор» холдингі, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы мамыр
2012 жылғы маусым
|
21.
|
Педагогикалық білім стандарттарын, біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды жетілдіру және өңірлердегі педагогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар желісін дамыту арқылы педагогтық құрам деңгейін сапалы көтеруді қамтамасыз ету
|
нормативтік құқықтық акті
Мемлекет басшысына баяндау
|
БҒМ, , «Назарбаев Университеті» ДБҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы шілде
|
22.
|
Қанатқақты режимде салалық қауымдастықтар арқауында бірқатар тәуелсіз біліктілікті бекіту орталықтарын құру (бір-екі салаларда)
|
нормативтік құқықтық акті
|
БҒМ, Еңбекмині, Қаржымині, ИЖТМ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы қараша
|
23.
|
Мемлекеттік-жекеше әріптестік арқылы жастар үшін білімге қолжетімділік тетіктерін жетілдіру, ауылдық жерлерден және аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруіне жәрдем ақша бөлу, жоғары оқу орындары мен колледждер жатақханаларының желісін кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
БҒМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҚТКШІА, ДСМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы наурыз
|
24.
|
Жұмыс істейтін жастарға өндірістен қол үзбей кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуға мүмкіндік беру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
БҒМ, ИЖТМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҚТКШІА, ДСМ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы маусым
|
25.
|
Мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту жөнінде Ұлттық іс-қимылдар жоспарын бекіту
|
нормативтік құқықтық акті
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
БҒМ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы маусым
|
26.
|
Патриотизмді, мораль мен парасаттылық нормаларын, ұлтаралық келісім мен толеранттылықты, тәннің де, жанның да дамуын, заңға мойынұсынушылықты сіңіру мақсатында меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық білім беру мекемелерінде үлгілік Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу
|
нормативтік құқықтық акті
Президент Әкімшілігіне ақпарат
|
БҒМ, МАМ, СДШІА, ДІА «Назарбаев Университеті» ДБҰ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы маусым
|
27.
|
Қазақстан Республикасында Онкологиялық жәрдемді дамыту бағдарламасын қабылдау
|
Үкімет қаулысы
|
ДСМ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы наурыз
|
28.
|
Астана қаласында Медициналық холдинг арқауында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
|
ДСМ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы наурыз
|
29.
|
Азаматтардың өз денсаулығы үшін ынтымақтастық жауапкершілігі тетігін енгізуді ескере отырып денсаулық сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Мемлекет басшысына ұсыныстар
|
ДСМ, ЭДСМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҰБ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы маусым
|
30.
|
Халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету тұрғысынан барлық спорттық объектілерге тексеру жүргізу және қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасына өзгерістер енгізу
|
нормативтік құқықтық акті
Мемлекет басшысына баяндау
|
СДШІА, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы маусым
|
8. Зейнетақы жүйесін жетілдіру
|
31.
|
Салымшылардың зейнетақы қорларының инвестициялық саясатына ықпал ету мүмкіндіктерін көздей отырып, зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу
|
Мемлекет басшысына ұсыныстар
|
ЭДСМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҰБ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов
|
2012 жылғы маусым
|
9. Индустриялық-инновациялық жобалар
|
32.
|
2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде инновациялық кластерлердің инфрақұрылымын дамытуға қаражат көздеу
|
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасы
|
ИЖТМ, АШМ, ЭДСМ, Қаржымині, МГМ, БҚА, ҰҒА, ЖРБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ
|
2012 жылғы тамыз
|
33.
|
Қуаты 1320 мегаватт Балқаш ЖЭС-нің бірінші модулінің құрылысын бастауды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині, БҚА, ЖРБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
34.
|
«Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісінің құрылысын бастауды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ККМ, Қаржымині, ЭДСМ, БҚА, ЖРБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
35.
|
«Арқалық-Шұбаркөл» теміржол желісінің құрылысын бастауды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ККМ, Қаржымині, ЭДСМ, БҚА, ЖРБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Қарағанды және Қостанай облыстарының әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
36.
|
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің қазақстандық учаскесінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ККМ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2015 жылдың соңына дейін жартыжылдықта бір рет
|
37.
|
Кешенді минералдық тыңайтқыштар шығару жөніндегі зауыт құрылысын бастау үшін құжаттама әзірлеу
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ИЖТМ, ЭДСМ, МГМ, АШМ, Әділетмині, Қаржымині, Қоршағанортамині, ҚТКШІА, БҚА, ЖРБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Жамбыл облысының әкімі
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
38.
|
Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу жөніндегі кешеннің құрылысын бастауды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
МГМ, ЭДСМ, Қаржымині, ҚТКШІА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
39.
|
Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысын бастауды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
МГМ, ЭДСМ, Қаржымині, ҚТКШІА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Атырау облысының әкімі
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
40.
|
Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ газ өңдеу зауытын жобалауды аяқтау
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
МГМ, ИЖТМ, БҚА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Батыс Қазақстан облысының әкімі
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
41.
|
Астананы қоса алғанда, Орталық Қазақстанды газдандыру үшін «Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана» газ құбырын жобалауды аяқтау
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
МГМ, ЭДСМ, ҚТКШІА, БҚА, ЖРБА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
42.
|
Шикізат ресурстарын қайта өңдеу және оған қызмет көрсететін инфрақұрылым саласындағы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бағытталатын қаржылық қаражаттың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру жөнінде комиссия құруды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
Президент Әкімшілігі, Үкімет, БП, ЭҚСЖҚКА, ҰҚК, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
|
2012 жылғы сәуір
|
43.
|
ҒЗТКЖ-ны қаржыландыру үшін инновациялық гранттарға шығыстар мөлшерін ұлғайту
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ИЖТМ, БҒМ, ЭДСМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы наурыз
|
44.
|
«Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында оны трансферт пен жаңа технологиялар құруға ықпал ететін инновациялық-интеллектуалдық кластер ретінде қалыптастыру мәселесін көздеу
|
стратегия жобасы
|
БҒМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Назарбаев Университеті» ДБҰ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы сәуір
|
45.
|
Ғылым мен инновациялар саласындағы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының әлеуетін өрістету мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне мемлекет-жекеменшік әріптестігінің жаңа пішіндерін енгізуді көздейтін заң жобасына енгізу
|
Заң жобасы
|
ИЖТМ, БҒМ, ИЖТМ, Қаржымині, БҚА
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
46.
|
Туризм саласындағы өсім нүктелері бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
ИЖТМ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы мамыр
|
47.
|
Алматы облысында әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту жоспарын қабылдау
|
Үкімет қаулысы
|
ИЖТМ, ЭДСМ, СДШІА, Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
48.
|
Ақмола облысындағы Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспарын қабылдау
|
Үкімет қаулысы
|
ИЖТМ, ЭДСМ, Ақмола облысының әкімі
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы шілде
|
49.
|
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына инновациялар енгізу үстіндегі ісін жаңа бастаушы және жас кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Үкімет қаулысы
|
ЭДСМ, Алматы, Астана қалаларының, облыстардың әкімдері, «Даму» КДҚ» АҚ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы сәуір
|
50.
|
Жекелеген қаржы-экономикалық, оның ішінде салықтық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыруды көздейтін Заң жобасын әзірлеу
|
Заң жобасы
|
Әділетмині, БП, ЭҚСЖҚКА, Қаржымині, ІІМ
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы тамыз
|
51.
|
Отандық және шетелдік инвесторлармен тұрақты консультациялардың институционалдық тетіктерін әзірлеу және енгізу
|
Үкімет қаулысы
|
ИЖТМ, ЭДСМ, Қаржымині
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы шілде
|
52.
|
ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сәйкес кәсіпорындардың бизнесті жауапкершілікпен жүргізудің ерікті қағидаттарын сақтауын ынталандырудың стратегиясын әзірлеу және іске асыру жөніндегі байланыс орталықтарын құруды қамтамасыз ету
|
Үкімет қаулысы
|
ЭДСМ, Қаржымині, ИЖТМ, МГМ, Еңбекмині, Қоршағанмині
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Е.Т.Орынбаев
|
2012 жылғы шілде
|
53.
|
ДСҰ-ға өту жөніндегі келіссөздер үдерісін аяқтау
|
Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға өтуі туралы хаттамаға қол қою
|
Экономикалық интеграция істері министрі, ЭДСМ
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Н.Келімбетов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
10. Ауыл шаруашылығын дамыту
|
54.
|
Фермерлердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейту, оның ішінде аграрлық өндірістегі жекеше инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін займдарды мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыруды енгізу есебінен кеңейту үшін балама жолдарды қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне есеп
|
АШМ, ЭДСМ, ҰБ, Қаржымині, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы шілдеде ұсыныстар
2012 жылғы желтоқсанда орындау
|
55.
|
Бөлшек сауданы делдалдарсыз жүргізуді мемлекеттік қолдаудың тетігін әзірлеп, енгізу
|
Президент Әкімшілігіне ұсыныстар
Мемлекет басшысына баяндау
|
ЭДСМ, АШМ, Қаржымині, БҚА, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы маусым
2012 жылғы желтоқсан
|
56.
|
Астық саласының компанияларын шоғырландыру арқылы біртұтас астық холдингін құру
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
АШМ, ЭДСМ, Қаржымині, ККМ, БҚА, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
57.
|
«Мүйізді ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыруды қамтамасыз ету
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
АШМ, «ҚазАгро ҰБХ» АҚ, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
58.
|
Қой шаруашылығын, жемшөп өндірісі мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі салалық бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
|
Үкімет қаулысы
|
АШМ, ЭДСМ, Қаржымині, БҚА, ЖРБА, облыстардың әкімдері
Үйлестіруші: Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары С.Н.Ахметов
|
2012 жылғы қазан
|
11. Сыртқы саясат
|
59.
|
Мыналарды:
1) Астана экономикалық форумын;
2) Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезін;
3) Ислам Ынтымақтастығы Ұйымындағы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы төрағалықты аяқтау;
4) «Астана - 2012 жылғы Достастық елордасы» және «Астана - 2012 жылғы Түрік әлемінің мәдени елордасы» жылына арналған әлеуметтік мәні бар және мәдени іс-шаралар кешенін дайындап, өткізу
|
Президент Әкімшілігіне есеп
|
ЭДСМ, СІМ, Астана қаласының әкімі
|
2012 жылғы мамыр
|
Съездің хатшылығы, СІМ, ДІА, Астана қаласының әкімі
|
2012 жылғы маусым
|
СІМ, МАМ, ІІМ, ККМ, ТЖМ, Астана және Алматы қалаларының әкімдері
|
2012 жылғы желтоқсан
|
МАМ, Астана қаласының әкімі
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
жыл бойы
|
60.
|
Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияны және Астананың «Жасыл көпір» бастамасын алға жылжытуды қамтамасыз ету
|
Президент Әкімшілігіне есеп
|
Қоршағанортамині, ИЖТМ, СІМ, БҒМ, Астана қаласының әкімі
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы желтоқсан
|
61.
|
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау
|
нормативтік құқықтық актілер
|
Қаржымині, ЭДСМ, Әділетмині, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері
|
жыл бойы
|
Мемлекет басшысына баяндау
|
Үйлестіруші: Премьер-Министр К.Қ.Мәсімов
|
2012 жылғы желтоқсан
|