Об утверждении Правил организации деятельности чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан по совместительству и чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан с местом дислокации в Республике Казахстан

Указ Президента Республики Казахстан от 24 ноября 2017 года № 589.

  Подлежит опубликованию
в Собрании актов Президента и
Правительства Республики Казахстан
и республиканской печати

      В соответствии с пунктом 2 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан" ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила организации деятельности чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан по совместительству и чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан с местом дислокации в Республике Казахстан.

      2. Настоящий Указ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев

  УТВЕРЖДЕНЫ
Указом Президента
Республики Казахстан
от 24 ноября 2017 года
№ 589

ПРАВИЛА
организации деятельности чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан по совместительству и чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан с местом дислокации в Республике Казахстан

1. Общие положения

      1. Чрезвычайные и полномочные послы Республики Казахстан по совместительству (далее – послы по совместительству), чрезвычайные и полномочные послы Республики Казахстан с местом дислокации в Республике Казахстан (далее – послы-нерезиденты) назначаются и отзываются Президентом Республики Казахстан.

      2. Послы по совместительству и послы-нерезиденты осуществляют свою деятельность в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, Венской конвенцией о дипломатических сношениях от 18 апреля 1961 года, Венской конвенцией о консульских сношениях от 24 апреля 1963 года, Законом Республики Казахстан от 7 марта 2002 года "О дипломатической службе Республики Казахстан" (далее – Закон), Положением о дипломатическом и приравненном к нему представительстве Республики Казахстан, утвержденным Указом Президента Республики Казахстан от 4 февраля 2004 года № 1287, настоящими Правилами, иными нормативными правовыми актами, международными договорами Республики Казахстан с учетом законодательства государства пребывания (аккредитации) либо правил международной организации, а также общепризнанных норм международного права.

      3. Послы по совместительству, послы-нерезиденты в своей деятельности подотчетны Министру иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Послы-нерезиденты являются политическими государственными служащими с постоянным местом дислокации в Республике Казахстан, уполномоченными Президентом Республики Казахстан представлять Республику Казахстан в отношениях с одним или несколькими иностранными государствами и международными организациями.

      5. Назначение и освобождение от должности послов-нерезидентов осуществляются в порядке внешней ротации персонала дипломатической службы в соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 15 Закона и в сроки, установленные пунктом 4 статьи 15 Закона.

2. Организация деятельности послов по совместительству и послов-нерезидентов

      6. В рамках реализации внешнеполитического курса Республики Казахстан послы по совместительству и послы-нерезиденты представляют, а также защищают всеми законными средствами и методами права и интересы граждан и организаций Республики Казахстан.

      7. Послы по совместительству и послы-нерезиденты на постоянной основе информируют Министерство иностранных дел Республики Казахстан (далее – Министерство) о текущей внутриполитической и социально-экономической ситуации, проводимой внешней политике, основных событиях, происходящих в стране аккредитации и международной организации.

      8. Послы по совместительству и послы-нерезиденты в установленном порядке вносят в Министерство предложения по вопросам развития двусторонних отношений с государством аккредитации либо международной организацией.

      9. По согласованию с Министерством послы по совместительству и послы-нерезиденты оказывают содействие государственным органам и организациям Республики Казахстан в вопросах установления и развития сотрудничества Республики Казахстан с государством аккредитации либо международной организацией.

      В целях реализации указанного в настоящем пункте Правил содействия послы по совместительству и послы-нерезиденты имеют право по согласованию с Министерством запрашивать и получать в установленном порядке от государственных органов и организаций Республики Казахстан необходимые материалы и документы.

      10. Послы по совместительству согласовывают с Министром иностранных дел Республики Казахстан выезды из государства пребывания в служебные командировки, включая выезды в страны аккредитации по совместительству.

      11. В целях реализации своих функций послы-нерезиденты выезжают в служебные командировки в страну аккредитации.

      Продолжительность и периодичность командировок определяются по согласованию с Министром иностранных дел Республики Казахстан.

      12. В государствах, где расположены загранучреждения Республики Казахстан (далее – загранучреждения) и назначены послы-нерезиденты, функции по распоряжению лимитами средств (расходов), предусмотренных планами финансирования, с правом первой подписи документов, служащих основанием для выдачи денежных средств, материальных ценностей, а также кредитных и расчетных обязательств, приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан возлагаются на временных поверенных в делах, поверенных в делах и генеральных консулов соответствующих загранучреждений.

      13. Послы-нерезиденты обеспечиваются командировочными расходами в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      14. В период служебных командировок в страны аккредитации послам-нерезидентам оплачиваются расходы, связанные с наймом автотранспорта и пользованием связью, за исключением случаев командирования в страны, где имеются загранучреждения, либо указанные расходы осуществляются за счет принимающей стороны.

      15. В период служебных командировок в страны аккредитации послы-нерезиденты обеспечиваются денежными средствами на представительские затраты, за исключением случаев командирования в страны, где имеются загранучреждения.

      16. Порядок обеспечения послов по совместительству и послов-нерезидентов транспортом, связью и денежными средствами на представительские затраты в период служебных командировок в страны аккредитации устанавливается в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      17. Обеспечение деятельности послов по совместительству и послов-нерезидентов осуществляется за счет средств республиканского бюджета.

Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 589 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында және
республикалық баспасөзде жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 589 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің және орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерінің қызметін ұйымдастыру
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Қызметін қоса атқаратын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін (бұдан әрі – қызметін қоса атқаратын елшілер), орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілерін (бұдан әрі – бейрезидент елшілер) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және кері шақырып алады.

      2. Қызметін қоса атқаратын елшілер және бейрезидент елшілер өз қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына, 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы 24 сәуiрдегi Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына, "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережеге, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, болатын (аккредиттелген) мемлекеттің заңнамасын не халықаралық ұйымның қағидаларын, сондай-ақ халықаралық құқықтың жалпы танылған нормаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Қызметін қоса атқаратын елшілер, бейрезидент елшілер өз қызметінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министріне есеп береді.

      4. Бейрезидент елшілер бір немесе бірнеше шет мемлекетпен және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Республикасынан өкілдік етуге Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттік берген, орналасқан жері Қазақстан Республикасында болатын мемлекеттік саяси қызметшілер болып табылады.

      5. Бейрезидент елшілерді лауазымына тағайындау және одан босату Заңның 15-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес дипломатиялық қызмет персоналын сыртқы ротациялау тәртібімен және Заңның 15-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.

2. Қызметін қоса атқаратын елшілердің және бейрезидент елшілердің қызметін ұйымдастыру

      6. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыру шеңберінде қызметін қоса атқаратын елшілер мен бейрезидент елшілер Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының атынан өкілдік етеді, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін барлық заңды құралдармен және әдістермен қорғайды.

      7. Қызметін қоса атқаратын елшілер мен бейрезидент елшілер Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігін (бұдан әрі – Министрлік) ағымдағы ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуал, жүргізіліп отырған сыртқы саясат, аккредиттеу еліндегі және халықаралық ұйымдағы болып жатқан негізгі оқиғалар туралы тұрақты негізде хабардар етеді.

      8. Қызметін қоса атқаратын елшілер мен бейрезидент елшілер Министрлікке аккредиттеу мемлекетімен не халықаралық ұйыммен екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді.

      9. Қызметін қоса атқаратын елшілер мен бейрезидент елшілер Министрлікпен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарына аккредиттеу мемлекетімен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасының ынтымақтастығын орнату және дамыту мәселелерінде жәрдем көрсетеді.

      Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жәрдемдесуді іске асыру мақсатында қызметін қоса атқаратын елшілер мен бейрезидент елшілердің Министрлікпен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан және ұйымдарынан қажетті материалдар мен құжаттарды белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға құқығы бар.

      10. Қызметін қоса атқаратын елшілер қызметін қоса атқаратын аккредиттеу елдеріне сапарларды қоса алғанда, болатын мемлекеттен қызметтік іссапарларға шығуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен келіседі.

      11. Бейрезидент елшілер өз функцияларын іске асыру мақсатында аккредиттеу еліне қызметтік іссапарларға шығады.

      Іссапардың ұзақтығы мен мерзімділігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен келісу бойынша айқындалады.

      12. Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі – шетелдердегі мекемелер) орналасқан және бейрезидент елшілер тағайындалған мемлекеттерде ақшалай қаражатты, материалдық құндылықтарды, сондай-ақ кредиттік және есеп айырысу міндеттемелерін беру үшін негіз болатын құжаттарға бірінші қол қою құқығымен қаржыландыру жоспарында көзделген қаражаттың (шығыстардың) лимиттеріне билік ету функциялары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бұйрығымен тиісті шетелдердегі мекемелердің уақытша сенімді өкілдеріне, сенімді өкілдері мен бас консулдарына жүктеледі.

      13. Бейрезидент елшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іссапар шығыстарымен қамтамасыз етіледі.

      14. Аккредиттеу елдеріне қызметтік іссапарлар кезеңінде шетелдерде мекемелері бар елдерге іссапарға бару не көрсетілген шығыстар қабылдаушы тарап есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бейрезидент елшілерге автокөлікті жалдауға және байланысты пайдалануға орай жұмсалатын шығыстар төленеді.

      15. Шетелдерде мекемелері бар елдерге іссапарға бару жағдайларын қоспағанда, аккредиттеу елдеріне қызметтік іссапарлар кезеңінде бейрезидент елшілер өкілдік шығындарға арналған ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі.

      16. Қызметін қоса атқаратын елшілер мен бейрезидент елшілерді аккредиттеу елдеріне қызметтік іссапарлар кезеңінде көлікпен, байланыспен және өкілдік шығындарға арналған ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      17. Қызметін қоса атқаратын елшілер мен бейрезидент елшілердің қызметін қамтамасыз ету республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.