Об утверждении Правил подготовки медицинских и фармацевтических работников в клинической ординатуре, магистратуре, аспирантуре и докторантуре

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 28 июня 2004 года N 509. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июля 2004 года N 2962. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 17 мая 2010 года N 346

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 17.05.2010 N 346.

     "Согласовано"
Министр образования и науки 
Республики Казахстан 
  12 июля 2004 г.

      В соответствии с  Законом Республики Казахстан "О системе здравоохранения" и в целях дальнейшего совершенствования качества подготовки научных и научно-педагогических медицинских и фармацевтических кадров и оказания медицинской помощи населению ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила подготовки медицинских и фармацевтических работников в клинической ординатуре, магистратуре, аспирантуре и докторантуре.

      2. Административному департаменту (Шабдарбаев А.Т.) и Департаменту медицинской науки, образования, развития медицины и международных отношений (Хамзина Н.К.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Административному департаменту (Шабдарбаев А.Т.) после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его официальное опубликование в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого вице-министра Аканова А.А.

      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      И.о. Министра 


Утверждены приказом       
Министра здравоохранения     
Республики Казахстан       
от 28 июня 2004 года N 509    
"Об утверждении Правил     
подготовки медицинских и    
фармацевтических работников   
в клинической ординатуре,    
магистратуре, аспирантуре    
и докторантуре"         


                             Правила 
     подготовки медицинских и фармацевтических работников
    в клинической ординатуре, магистратуре, аспирантуре и                               докторантуре

                    1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с  Законом  Республики Казахстан "О системе здравоохранения" и определяют порядок подготовки медицинских и фармацевтических работников в клинической ординатуре, магистратуре, аспирантуре и докторантуре в организациях медицинского и фармацевтического образования и науки Республики Казахстан (далее - Организации образования и науки), независимо от форм собственности, имеющих лицензию на данный вид образовательной деятельности. K090193
      2. Подготовка специалистов с послевузовским медицинским и фармацевтическим образованием осуществляется с целью обеспечения отрасли здравоохранения высококвалифицированными кадрами.
      3. Подготовка кадров в клинической ординатуре осуществляется по специальностям в соответствии с  приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 19 июня 2003 года № 458 "Об утверждении Номенклатуры врачебных должностей и специальностей" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2391 и опубликованным в Официальной газете 2 августа 2003 года № 31). 
      Подготовка в магистратуре осуществляется в соответствии с Классификатором специальностей бакалавриата и магистратуры, утвержденным приказом Председателя Комитета по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 12 марта 2004 года № 75.
      Подготовка в докторантуре и аспирантуре осуществляется в соответствии с Номенклатурой специальностей научных работников Республики Казахстан, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 марта 2001 года № 174.
      4. Подготовка аспирантов и докторантов осуществляется в соответствии с учебными планами и программами по каждой специальности, разрабатываемыми соответствующими диссертационными советами и утверждаемыми Высшей аттестационной комиссией Министерства образования и науки Республики Казахстан.
      Подготовка клинических ординаторов осуществляется в соответствии с учебными планами и программами по каждой специальности, разрабатываемыми кафедрами и утверждаемыми Учеными советами организаций образования и науки, осуществляющими их подготовку. 
      Подготовка магистрантов осуществляется в соответствии с Государственными общеобязательными стандартами, утверждаемыми Комитетом по стандартизации, метрологии и сертификации Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан.

              2. Подготовка в клинической ординатуре, 
              магистратуре, аспирантуре, докторантуре 

      5. Подготовка кадров в клинической ординатуре, магистратуре, аспирантуре и докторантуре осуществляется на базе высшего медицинского или фармацевтического образования.
      6. В аспирантуру по клиническим специальностям принимаются лица, имеющие не менее 3 лет стажа работы по специальности в системе здравоохранения или клиническую ординатуру. 
      7. Обучение в клинической ординатуре осуществляется по очной форме, срок обучения составляет два года. Срок обучения в клинической ординатуре засчитывается в трудовой стаж врача. 
      8. Обучение в магистратуре по медицинским и фармацевтическим специальностям осуществляется по очной форме, срок обучения составляет два года. Срок обучения в магистратуре засчитывается в стаж научно-педагогической работы.
      9. Обучение в клинической ординатуре, магистратуре, аспирантуре и докторантуре по клиническим специальностям осуществляется на клинических базах Организаций образования и науки.
      10. Объем учебной нагрузки и лечебно-профилактической работы по разделам специальностей определяется индивидуальным планом.
      11. Ученый совет организации, осуществляющей подготовку магистрантов, аспирантов, докторантов, ежегодно проводит их аттестацию.

                   3. Заключительные положения 

      12. Клинические ординаторы, магистранты, аспиранты, докторанты, не выполнившие в установленные сроки индивидуальный план, нарушившие профессиональную этику, отчисляются из клинической ординатуры, магистратуры, аспирантуры, докторантуры.
      13. Уполномоченный орган оставляет за собой право не размещать в Организации образования и науки государственный заказ на подготовку специалистов с послевузовским профессиональным образованием в случаях, если подготовка в аспирантуре и докторантуре не завершается предварительной защитой и представлением научной работы в Диссертационный совет, в магистратуре - защитой магистерской диссертации, в клинической ординатуре - выполнением Индивидуального плана.


              ___________________________________________  

Медицина және фармацевтика қызметкерлерін клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 28 маусымдағы N 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2962. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 346 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.05.17 N 346 Бұйрығымен.

      "Келісілген"        
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
2004 жылғы 12 шілде      

      "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес және ғылыми және ғылыми-педагогикалық медицина және фармацевтика кадрларын даярлаудың және халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын одан әрі жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Медицина және фармацевтика қызметкерлерін клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау ережесі бекітілсін.
      2. Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) және Медицина ғылымы, білім, медицинаны дамыту және халықаралық қатынастар департаменті (Хамзина Н.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Әкімшілік департаменті (Шабдарбаев А.Т.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр А. Ақановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

"Медицина және фармацевтика  
қызметкерлерін клиникалық   
ординатурада, магистратурада,
аспирантурада және       
докторантурада даярлау    
ережесін бекіту туралы"   
Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 28 маусымдағы  
N 509 бұйрығымен      
бекітілген        

  Медицина және фармацевтика қызметкерлерін клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес әзірленген және медицина және фармацевтика қызметкерлерін, меншік нысанына қарамастан, білім беру қызметінің аталған түріне лицензиясы бар Қазақстан Республикасының білім беру және ғылыми медициналық және фармацевтикалық ұйымдарында (бұдан әрі - Білім беру және ғылыми ұйымдар) клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлаудың тәртібін айқындайды. K090193

      2. Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімді мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      3. Кадрларды клиникалық ординатурада даярлау "Дәрігерлік лауазымдар мен мамандықтардың номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 19 маусымдағы N 458  бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімінде N 2391 тіркелген және Ресми газеттің 2003 жылғы 2 тамыздағы N 31 санында жарияланған) сәйкес жүзеге асырылады.
      Магистратурада даярлау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 75 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Бакалавриат және магистратура мамандықтарының жіктеушісіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Докторантурада және аспирантурада даярлау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 16 наурыздағы N 174 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының ғылыми қызметкерлері мамандықтарының номенклатурасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Аспиранттарды және докторанттарды даярлауды барлық мамандықтар бойынша диссертациялық кеңестер әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Жоғары аттестаттау комиссиясы бекітетін оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Клиникалық ординаторларды даярлауды барлық мамандықтар бойынша кафедралар әзірлейтін және оларды даярлауды жүзеге асыратын Білім және ғылыми ұйымдардың Ғылыми кеңестері бекітетін оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      Магистранттарды даярлау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті бекіткен Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау

      5. Кадрларды клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау медициналық немесе фармацевтикалық білім базасында жүзеге асырылады.

      6. Клиникалық мамандықтар бойынша аспирантураға денсаулық сақтау жүйесінде 3 жылдан кем емес жұмыс стажы бар немесе клиникалық ординатурадан өткен адамдар қабылданады.

      7. Клиникалық ординатурада оқу күндізгі нысанда жүзеге асырылады, оқу мерзімі екі жылды құрайды. Клиникалық ординатурада оқу мерзімі дәрігердің еңбек стажына есептеледі.

      8. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша магистратурада оқу күндізгі нысанда жүзеге асырылады, оқу мерзімі екі жылды құрайды. Магистратурада оқу мерзімі ғылыми-педагогикалық жұмыс стажына есептеледі.

      9. Клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада оқу Білім беру және ғылыми ұйымдардың клиникалық базаларында жүзеге асырылады.

      10. Мамандықтардың бөлімдері бойынша оқу жүктемесі мен емдеу-алдын алу жұмысының көлемі жеке жоспармен айқындалады.

      11. Магистранттарды, аспиранттарды, докторанттарды даярлауды жүзеге асыратын ұйымның ғылыми кеңесі жыл сайын оларды аттестаттауды жүргізеді.

  3. Қорытынды ережелер

      12. Жеке жоспарын белгіленген мерзімде орындамаған, кәсіби этиканы бұзған клиникалық ординаторлар, магистранттар, аспиранттар және докторанттар клиникалық ординатурадан, магистратурадан, аспирантурадан және докторантурадан шығарылады.

      13. Уәкілетті орган, егер аспирантурада және докторантурада даярлау алдын ала қорғаумен және Диссертациялық кеңеске ұсынумен, магистратурада - магистрлік диссертация қорғаумен, клиникалық ординатурада - жеке жоспарды орындаумен аяқталған жағдайларда жоғары оқу орнының кейінгі кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты Білім беру және ғылыми ұйымда орналастырмауға құқылы.