"Медицина және фармацевтика қызметкерлерін клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 509 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 17 мамырдағы N 346 Бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Медицина және фармацевтика қызметкерлерін клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 509 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және, мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                Ж. Досқалиев

"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Ж.Қ. Түймебаев
2010 жылғы 18 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады