Об утверждении Правил деятельности оператора вагонов (контейнеров)

Приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 13 сентября 2004 года N 345-I. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 сентября 2004 года N 3088. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 16 марта 2011 года № 146

     Сноска. Утратил силу приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 16.03.2011 № 146 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     В соответствии с подпунктом 17) пункта 2 статьи 14 Закона Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте" приказываю:

     1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности оператора вагонов (контейнеров).

     2. Комитету железнодорожного транспорта Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Байдаулетов Н.Т.) обеспечить представление настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан для государственной регистрации.

     3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Лавриненко Ю.И.

     4. Настоящий приказ вводится в действие с момента опубликования.

     Министр

Утверждены           
приказом Министра        
транспорта и коммуникаций     
Республики Казахстан      
от "13" сентября 2004 года N 345-I 
"Об утверждении Правил     
деятельности оператора     
вагонов (контейнеров)"    

Правила
деятельности оператора вагонов (контейнеров)

     Настоящие Правила деятельности оператора вагонов (контейнеров) (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О железнодорожном транспорте" и иными нормативными правовыми актами в области железнодорожного транспорта, определяют порядок деятельности оператора вагонов (контейнеров) и регулируют его взаимоотношения с участниками перевозочного процесса.

1. Порядок деятельности оператора вагонов (контейнеров)

      Сноска. Заголовок главы 1 с изменениями, внесенными приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 4 июня 2007 г. N  127 .

     1. Целью деятельности оператора вагонов (контейнеров) является предоставление вагонов (контейнеров) во временное пользование для осуществления перевозки пассажиров, багажа, грузобагажа, почтовых отправлений и/или грузов, а также осуществление иной деятельности в области железнодорожного транспорта, в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
     2. Основанием для оказания услуг оператора вагонов (контейнеров) перевозчикам и иным участникам перевозочного процесса является Договор оказания услуг оператором вагонов (контейнеров) (далее - Договор), в котором определяются основные условия, права, обязанности и ответственность сторон.
     2-1. Учет вагонов (контейнеров), принадлежащих операторам вагонов (контейнеров), используемых на магистральных железнодорожных путях осуществляется оператором магистральной железнодорожной сети.
      Сноска. Глава 1 дополнена пунктом 2-1 в соответствии с приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 4 июня 2007 г. N 127 .
     3. При осуществлении деятельности, указанной в пункте 1 настоящих Правил, оператор вагонов (контейнеров):
     1) руководствуется требованиями международных договоров, участником которых является Республика Казахстан, законодательством Республики Казахстан, настоящими Правилами;
     2) содержит парк вагонов, контейнеров в соответствии с Правилами технической эксплуатации железных дорог Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 февраля 2000 года N 109-I, иными нормативными правовыми и нормативными техническими актами, регулирующими отношения в области железнодорожного транспорта Республики Казахстан;
     3) может требовать от участников перевозочного процесса:
     своевременного возвращения своих вагонов, контейнеров после окончания срока Договора;
     обеспечения сохранности своих вагонов, контейнеров в период действия Договора;
     возмещения причиненного материального ущерба, вызванного нарушением условий Договора;
     своевременного получения информации о дислокации своих вагонов, контейнеров на договорной основе.
     обеспечения равного права для использования своего подвижного состава в соответствии с предоставленными заявками грузоотправителей;
     предоставления перевозчику и оператору магистральной железнодорожной сети необходимой информации для обеспечения ведения первичного учета оперативной, статистической отчетности по использованию вагонов (контейнеров) на магистральных железнодорожных путях.
      Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказами Министра транспорта и коммуникаций РК от 6 ноября 2006 года N  284 ; от 4 июня 2007 г. N 127 .
     4. Оператор вагонов (контейнеров) взаимодействует с участниками перевозочного процесса следующим образом:
     1) с грузоотправителем - на основании Договора, при этом указывается в перевозочных документах как владелец вагонов или на основании договора транспортной экспедиции, при этом указывается в перевозочных документах как владелец вагонов или как плательщик перевозки;
     2) с перевозчиком - на основании Договора, при этом указывается в перевозочных документах как владелец вагонов;
     3) с оператором магистральной железнодорожной сети и договора на текущий отцепочный ремонт грузовых вагонов - на основании договора на пользование информационной системой оператора магистральной железнодорожной сети и договора на текущий отцепочный ремонт грузовых вагонов.
      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 4 июня 2007 г. N 127 .

2. Действия оператора вагонов (контейнеров)
в чрезвычайных ситуациях

     5. В случае возникновения чрезвычайной ситуации природного или техногенного характера, а также при введении чрезвычайного положения в стране:
     1) договорные отношения оператора вагонов (контейнеров) на время действия чрезвычайной ситуации или чрезвычайного положения могут быть приостановлены на основании решений государственных органов, принятых в соответствии с их компетенцией;
     2) вагоны, контейнеры, принадлежащие оператору вагонов (контейнеров), могут быть привлечены к осуществлению перевозок специальных или государственных грузов, в порядке и на условиях, установленных  законодательством Республики Казахстан;
     3) все расходы и убытки оператора вагонов (контейнеров), вызванные действиями в чрезвычайных ситуациях, возмещаются из источников и в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан;
     4) оценка компенсации по возмещению расходов и убытков оператору вагонов (контейнеров) может быть оспорена им в судебном порядке.

Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 345-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3088. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 146 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 16 наурыздағы № 146 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
     1. Қоса беріліп отырған Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесі бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Темір жол көлігі комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
     3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар бірінші вице-министрі Ю.И.Лавриненкоға жүктелсін.
     4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

"Вагондар (контейнерлер) операторы 
қызметінің ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Көлік және 
коммуникациялар министрінің     
2004 жылғы 13 қыркүйектегі      
N 345-І бұйрығымен бекітілген    

Вагондар (контейнерлер) операторы
қызметінің ережесі

     Осы Вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және темір жол көлігі саласындағы өзге нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленген, вагондар (контейнерлер) операторы қызметінің тәртібін белгілейді және оның тасымалдау процесіне қатысушылармен өзара қарым-қатынасын реттейді.

  1. Вагондар (контейнерлер) операторының
қызмет ету тәртібі

     1. Вагондар (контейнерлер) операторының қызмет ету мақсаты жолаушыларды, багажды, жүкбагажын, почта жөнелтімдерін және/немесе жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін вагондарды (контейнерлерді) уақытша пайдалануға ұсыну, сондай-ақ бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темір жол көлігі саласында өзге де қызметті жүзеге асыру болып табылады.

     2. Вагондар (контейнерлер) операторы тасымалдаушыларға және тасымалдау процесін өзге де қатысушыларына қызмет көрсетуі үшін вагондар (контейнерлер) операторының қызмет көрсету шарты (бұдан әрі - Шарт) негіз болып табылады, онда тараптардың негізгі шарттары, құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіледі.

     2-1. Магистралдық темір жол желісінде пайданылатын вагондар (контейнерлер) операторларына тиесілі вагондарды (контейнерлерді) есепке алуды магистралдық темір жол желісінің операторы жүзеге асырады.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2007.06.04. N 127 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

     3. Осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген қызметті іске асыру кезінде вагондар (контейнерлер) операторы:
     1) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың талаптарын, Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Ережені басшылыққа алады;
     2) вагондар, контейнерлер паркін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 17-ақпандағы N 109-I бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Темір жолдарын техникалық пайдалану ережесіне, басқа нормативтік құқықтық кесімдерге және Қазақстан Республикасының темір жол саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік техникалық кесімдерге сәйкес күтіп ұстайды;
     3) тасымалдау процесінің қатысушыларынан мыналарды талап ете алады:
     Шарттың мерзімі аяқталған соң өз вагондарының, контейнерлерінің дер кезінде қайтарылуын;
     Шарт күшінде болған кезеңде өз вагондарының, контейнерлерінің сақталуының қамтамасыз етілуін;
     Шарт талаптарын бұзудан туындаған, келтірілген материалдық залалдың өтелуін;
     Шарттық негізде өз вагондарының, контейнерлерінің орналасқан жері туралы дер кезінде ақпарат алуды;
     жүк жөнелтушілердің ұсынылған өтінімдеріне сәйкес өз жылжымалы құрамын пайдалану үшін тең құқықты қамтамасыз етуді;
     магистралдық темір жол желісінде вагондарды (контейнерлерді) пайдалану бойынша жедел, статистикалық есептiлiкті алғашқы есепке алудың жүргізілуін қамтамасыз ету үшін тасымалдаушыға және магистралдық темір жол желісінің операторына қажетті ақпаратты беруді.    
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 284 ,   2007.06.04. N 127 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

     4. Вагондар (контейнерлер) операторы тасымалдау процесінің қатысушыларымен мынадай қарым-қатынаста болады:
     1) жүк жөнелтеушімен - Шарт негізінде, бұл ретте тасымалдау құжаттарында вагондар иесі ретінде көрсетіледі немесе көліктік экспедиция шарты негізінде, бұл ретте тасымалдау құжаттарында вагондар иесі немесе тасымалға төлемші ретінде көрсетіледі;
     2) тасымалдаушымен - Шарт негізінде, бұл ретте тасымалдау құжаттарында вагондар иесі ретінде көрсетіледі;
     3) магистралдық темір жол желісінің операторымен - шарт бойынша магистралдық темір жол желісі операторының ақпараттық жүйесін қолдану шарты және жүк вагондарын ағымдағы жөндеу шарты негізінде.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2007.06.04. N 127 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Вагондар (контейнерлер) операторларының
төтенше жағдайлардағы іс-әрекеті

     5. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай пайда болған жағдайда, сондай-ақ елде төтенше жағдай енгізілген кезде:
     1) олардың құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің негізінде төтенше оқиға немесе төтенше жағдай уақытында вагондар (контейнерлер) операторының шарттық қатынастарының қолданысы тоқтатылуы мүмкін;
     2) вагондар (контейнерлер) операторына тиесілі вагондар, контейнерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіпте және шарттарда арнайы немесе мемлекеттік жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға тартылуы мүмкін;
     3) төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттен туындаған вагондар (контейнерлер) операторының барлық шығыстары мен зияндары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген көздерден және тәртіппен өтеледі;
     4) вагондар (контейнерлер) операторына шығыстар мен зияндарды өтеу жөніндегі өтемді бағалауды олар сот тәртібімен даулай алады.