О внесении дополнений в Регламент районного Маслихата, утвержденный решением V сессии районного Маслихата N 5/37 от 08 января 2004 года, регистрационный номер в Реестре нормативных правовых актов - 1406

Решение VIII сессии Абайского районного Маслихата Карагандинской области от 24 мая 2004 года N 8/77. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 3 июня 2004 года за N 1532. Утратило силу решением Абайского районного маслихата Карагандинской области от 12 июня 2014 года № 30/325

      Сноска. Утратило силу решением Абайского районного маслихата Карагандинской области от 12.06.2014 № 30/325.
      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.
      В соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан N 545 от 14 апреля 2004 года "О внесении изменений и дополнений в Конституционный Закон Республики Казахстан "О выборах в Республике Казахстан", с подпунктом 5 пункта 3 статьи 8 Закона Республики Казахстан N 148 от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" районный Маслихат решил:
      1. Дополнить Регламент районного Маслихата главами 6, 7 следующего содержания:

"6. Порядок образования избирательных комиссий

       54. Внесение изменений в составы избирательных комиссий осуществляется путем принятия решения районного Маслихата, при этом формирование состава проводится на основании предложений политических партий и иных общественных объединений.
      Срок полномочий и количество членов избирательных комиссий осуществляется в соответствии с действующим законодательством.
      55. На замещение освободившейся должности члена избирательной комиссии принимаются предложения от политических партий и иных общественных объединений, представители которых отсутствуют в данной избирательной комиссии. Процедура замещения на освободившиеся должности осуществляется в соответствии с пунктами 56, 57, 58 настоящего Регламента.
      56. Создание временной комиссии по формированию составов избирательных комиссий осуществляется на основании распоряжения секретаря районного Маслихата в срок не позднее чем за 3 дня до опубликования объявления в средствах массовой информации об образовании избирательных комиссий.
      Состав временной комиссии образуется из депутатов и работников аппарата районного Маслихата.
      Не позднее, чем за два месяца до окончания срока полномочий избирательных комиссий, районный Маслихат оповещает в средствах массовой информации о начале работы по образованию новых избирательных комиссий. В сообщении указываются перечень избирательных комиссий, подлежащих формированию, срок и порядок представления предложений по кандидатурам для избрания в состав избирательных комиссий, адрес, куда представляются данные предложения.
      В течение 30 дней со дня опубликования перечня избирательных органов в средствах массовой информации политические партии и иные общественные объединения направляют по форме списки кандидатов с указанием избирательных комиссий, в которые они представлены, прилагая к ним:
      1) выписку из протокола заседания органа политической партии или иного общественного объединения, их структурных подразделений, выписку из решения вышестоящей избирательной комиссии о представлении кандидата в состав соответствующей избирательной комиссии;
      2) копию документа о регистрации политической партии или иного общественного объединения, их структурных подразделений в органах юстиции;
      3) заявление кандидата в соответствующий Маслихат о согласии на участие в работе избирательной комиссии и биографические данные о кандидате.

7. Формирование и избрание избирательных комиссий

       57. Временная комиссия Маслихата занимается сбором и обработкой предложений, поступивших от политических партий и иных общественных объединений, их структурных подразделений, вышестоящих избирательных комиссий по кандидатурам в состав формируемых избирательных комиссий и вносит на утверждение районного Маслихата.
      При подготовке состава избирательных комиссий временная комиссия руководствуется в первую очередь предложениями, поступившими от политических партий.
      При поступлении от политических партий предложений, равных количеству членов соответствующей избирательной комиссии (семь), временная комиссия вносит на заседание Маслихата предложение проголосовать за состав данной избирательной комиссии. В случае, если депутаты Маслихата выскажутся против конкретной кандидатуры, она заменяется другой, представляющей ту же политическую партию либо общественное объединение. Данную процедуру предлагается проводить не более одного раза.
      При поступлении от политических партий предложений, превышающих количество членов соответствующей избирательной комиссии (более семи), временная комиссия предлагает сессии Маслихата провести рейтинговое голосование по избранию данной избирательной комиссии. Временная комиссия готовит для каждого депутата бюллетень голосования, в который включаются кандидатуры, предложенные политическими партиями, с указанием от какой политической партии внесена данная кандидатура. Кандидатуры включаются в бюллетень в порядке, соответствующем очередности поступления предложений от политических партий. Справа от фамилии кандидатур в бюллетене обозначаются квадраты, в которые депутаты вносят отметки (крестик, галочку) только в семи квадратах. Избранными считаются представители политических партий, набравшие большее количество голосов на первые семь мест.
      При поступлении от политических партий предложений по количеству членов соответствующей избирательной комиссии менее семи временная комиссия вносит предложения по недостающим кандидатурам на вакантные места от иных общественных объединений и вышестоящих избирательных комиссий.
      58. После проведения рейтингового голосования председатель Счетной комиссии объявляет о члене избирательной комиссии, который будет вести организационное заседание избирательной комиссии по избранию председателя, заместителя и секретаря избирательной комиссии. Данная кандидатура определяется Счетной комиссией по наибольшему количеству полученных им голосов депутатов. В случае равенства голосов депутатов данная кандидатура определяется открытым голосованием депутатов.
      Председатели, заместители председателя, секретари территориальных, окружных избирательных комиссий избираются на заседаниях избирательных комиссий, которые проводятся не позднее, чем в семидневный срок после их образования.
      Районный Маслихат публикует составы и изменения в избирательных комиссиях в средствах массовой информации. Объем публикуемых материалов должен размещаться в одном номере издания с приложением к нему".
 
 

Председатель сессии

М. Срымбетов

Секретарь Абайского


районного Маслихата

Б. Цай


Аудандық Мәслихаттың 2004 жылғы 8 қаңтардағы V кезекті сессиясының N 5/37 шешімімен бекітілген аудандық Мәслихаттың Регламентіне, нормативтік құқықтық актілер Реестріндегі тіркелу нөмірі - 1406, қосымшалар енгізу туралы

Қарағанды облысы Абай аудандық Мәслихатының VIII сессиясының 2004 жылғы 24 мамырдағы N 8/77 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 3 маусымда N 1532 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/325 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 12.06.2014 № 30/325 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 14 сәуірдегі N 545 Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 8 бабы 3 тармағының 5 тармақшасына сәйкес Абай аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай аудандық Мәслихатының Регламентіне 6, 7 тарауларымен мынадай мазмұндағы қосымша енгізілсін.

"6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі

      54. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу аудандық Мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.
      Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілетік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      55. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы Регламенттің 56, 57, 58 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      56. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссиясын құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде аудандық Мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
      Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және аудандық Мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құрылады.
      Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей аудандық Мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.
      Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:
      1) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасына көшірмені;
      2) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
      3) кандидаттың тиісті Мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау

      57. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, аудандық Мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
      Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетенді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жеті квадратқа белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.
      58. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген дауысының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар даусы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады.
      Аймақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
      Аудандық Мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады".

      Сессия төрағасы                            М. Срымбетов

      Абай аудандық Мәслихатының хатшысы         Б. Цай