Абай аудандық Мәслихатының Регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай аудандық Мәслихатының V сессиясының 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 5/37 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 2 ақпанда N 1406 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 30/325 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 12.06.2014 № 30/325 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 9 баптарын басшылыққа алып аудандық Мәслихат шешім етті:
      1. Абай аудандық Мәслихатының Регламенті N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2001 жылғы 30 қазандағы мемлекеттік тіркеу N 473-і, аудандық Мәслихаттың 2001 жылғы 20 қыркүйектегі XIV сессиясының N 14/138 "Абай аудандық Мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешімінің күші жойылсын.
      3. Сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағалары, депутаттар мен Мәслихат аппаратының қызметкерлері өз жұмысында осы Регламентті қатаң түрде басшылыққа алсын.
      4. Осы шешім аумақтық Әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді.

      Сессия төрайымы Н. Николаева

      Абай аудандық Мәслихатының хатшысы Б. Цай

Абай аудандық Мәслихатының
2004 жылғы 8 қаңтардағы N 5/37
"Абай аудандық Мәслихатының
Регламентін бекіту туралы"
шешімімен бекітілген
N 1 қосымша

Абай аудандық Мәслихатының
РЕГЛАМЕНТІ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Мәслихат сессиясында бекітілген Мәслихат Регламентінің тәртібі белгіленді:
      1) Мәслихат органдарының мәжілістерін, сессияларын дайындау және өткізу;
      2) комиссияларға, сессияларға мәселелерді енгізу және қарау;
      3) Мәслихат органдарын құру және сайлау; олардың қызметі туралы есептерді тыңдау;
      4) депутаттардың сұранымдарын қарау, дауыс беру тәртібі;
      5) Аппарат жұмысын ұйымдастыру.
      Регламент Мәслихат жұмыстарының басқа іс жосығын және ұйымдастыру мәселелерін анықтай алады. Регламент нормасы мен заңдардың қайшылығы кезінде соңғысы қолданылады.
      Регламентті айқындау және түсіндіру құқығы әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға беріледі.
      2. Аудандық Мәслихат аудан халқының еркін білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның жүзеге асуы үшін қажетті шараларды анықтайды және олардың орындалуын бақылайды.
      Мәслихат қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңымен реттеледі және жоспар негізінде құрылады. Ол ұжымдық, еркін талқылауға және шешімдерді қабылдауға, олардың орындалуына дербес жауаптылыққа, заңдылыққа, жариялылыққа, олардың алдындағы өздері құрған органдар және сайланған лауазымды тұлғалардың қоғамдық пікір есебіне негізделген. Мәслихат шешімі бойынша оның кейбір өкілдігі тұрақты комиссияларға беріледі.
      3. Депутаттар сайлаушылардың өкілеттік өкілдері болып табылады, олардың еркі мен мүдделерін білдіреді. Олар депутаттық құқық пен міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті материалдық және ұйымдастырушылық жағдайлармен қамтамасыз етіледі. Сессиялардың, комиссиялардың жұмысына қатысуы үшін, аудандық Мәслихаттың депутатының барған жолының шығындары аудандық бюджет есебінен өтеледі.
      Депутаттар Мәслихат мәжілістерінде жарыссөздерге қатысуға, ұсыныстар енгізуге, талқылап жатқан мәселелердің мәні жөнінде ескертулер мен түзетулер енгізуге, үміткерлерді ұсынуға және олар жайында өз ойын айтуға, сұрақтар қоюға, анықтамалар беруге, басқа белгіленген құқықтарды қолдануға міндетті.

2. Аудандық Мәслихат сессиясын дайындау
және өткізу тәртібі

      4. Мәслихат қызметінің негізгі нысаны заңдар бойынша оның қарауына жататын мәселелерді шешетін сессия болып табылады. Мәслихат сессиясы, егер оған сайланған депутаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Мәслихат сессиясы пленарлық мәжіліс нысанында өткізіледі.
      Сессия жұмысында депутаттардың шешімі бойынша Мәслихат белгілеген он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге үзіліс жасалуы мүмкін. Сессияның ұзақтығын Мәслихат белгілейді.
      Әр Мәслихат мәжілісінің алдында қатысушы депутаттардың тіркеуі өткізіледі, оның нәтижесін мәжіліс алдында сессия төрағасы жариялайды. Қатынасушылар санының жеткілікті болуы депутаттардың талабы бойынша сессия жұмысы барысында кез келген уақытта тексеріледі.
      Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат сессиясы төрағасының немесе Мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын Мәслихат шешімімен, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізілуге жол беріледі. Мәслихат пен оның органдарының ашық және жабық мәжілісіне аудан әкімінің немесе оның міндетін атқарушылардың қатысуға құқығы бар.
      Мәслихат хатшысы Мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткізілетін орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгізілетін мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және аудан әкіміне - сессияға кемінде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және аудан әкіміне - сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда үш күн қалғанда табыс етеді.
      Мәслихат хатшысы Мәслихат сессиясын мен оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге Мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге құжаттарға қол қояды.
      Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы аудандық Мәслихат ғимаратында және мәжіліс залында тұрақты орнатылады.
      5. Жаңадан сайланған Мәслихаттың бірінші сессиясын осы Мәслихат үшін белгіленген депутаттар санының кемінде төрттен үші болған ретте, Мәслихат депутаттары тіркелген күннен бастап отыз күн мерзімнен кешіктірмей, тиісті аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
      Аудандық Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және Мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі Мәслихат сессиясын Мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
      6. Мәслихаттың кезекті сессиялары кемінде жылына төрт рет шақырылады. Кезектен тыс сессиялар депутаттар санының кемінде үштен бірінің инициативасы, сондай-ақ аудан әкімінің ұсынысы бойынша бес күн мерзімнен кешіктірілмей сессия төрағасымен шақырылады. Сессияны шақыру туралы ұсыныста сессияда талқылау үшін ұсынылған мәселелер болуы керек.
      7. Бірінші сессияның алдында дайындық жұмыстарын өткізу үшін құрамында сайланған депутаттардың жалпы санының екіден бірі қатысқан депутаттардың немесе олардың өкілдерінің жиналысы өткізіледі.
      Жиналыста бірінші сессияның күн тәртібі, оны өткізу тәртібі туралы және Мәслихат хатшысы қызметіне үміткер мен тексеру комиссиясына төраға, сессияның жұмысшы органдарының құрамын сайлау жайында (хатшылық, редакциялық және есептік комиссиялары) ұсыныстар жасалады. Мәслихат аппаратының штаты мен құрылымы, күн тәртібі және сессия төрағасына үміткер туралы, тексеру және тұрақты комиссиясын құру мәселелер талқыланады.
      8. Күн тәртібі Мәслихат жұмыстарының келешектегі жұмыс жоспарына сүйене, аудан әкімінің, депутаттар мен депутаттық топтардың, тұрақты және басқа комиссиялардың, сессия төрағасының енгізген мәселелерінен құрылады.
      Қоғамдық бірлестіктерден, елді мекен азаматтары өкілдерінің жиналыстарынан, басқармалар мен жоғарғы үкімет органдарынан сессия төрағасына күн тәртібіне ұсыныстар жеткізіледі.
      Күн тәртібі оны талқылау кезінде өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Оның бекітілуі туралы Мәслихат шешім қабылдайды.
      Мәслихат мәжілісінде күн тәртібі және сессияның өткізілу тәртібі жөнінде тікелей енгізілген ұсыныстар хатшылыққа беріледі немесе сөз сөйлегенде баяндалады. Жазбаша ұсыныстарды түсуіне қарай сессия төрағасы жариялайды.
      Әр мәселе жөнінде күн тәртібі бойынша дауыс беріледі.
      Егер мәжілісте қатысып отырған депутаттардың екіден бірі дауыс берсе, онда мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі. Әр сессияда депутаттардың сұрағына жауапқа уақыт беріледі.
      Айрықша жағдайда ғана сессия жұмысы кезінде күн тәртібіне толықтырулар жасалады.
      9. Аудандық сессия мәжілісіне аудан, қала әкімі, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің лауазымды тұлғалары немесе басшылары және жалпы ақпарат құрал өкілдері шақырылады.
      Шақырылған тұлғаларға мәжіліс залынан арнайы орын беріледі. Шақырылған тұлғалардың Мәслихат жұмысына араласуға құқығы жоқ, олар ұсыныстарды мақұлдауға немесе мақұлдамауға міндетті емес, сессия төрағасының үкіміне бағынуға және тәртіп сақтауға тиісті. Депутат емес тұлғалар тәртіп бұзған кезде сессия төрағасының үкімі немесе көпшілік дауыс талабы бойынша мәжіліс залынан шығып кетуге тиіс.
      Қабылданған шешімдерді прокурорлық заңды қадағалау мақсатында Мәслихат сессияның мәжілісіне аудан прокуроры немесе оның өкілінің қатысуға құқығы бар.
      10. Кезекті сессияның төрағасын депутаттар өз арасынан сайлайды. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін Мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты Мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтізбелік жыл ішінде екі реттен артық сайлана алмайды.
      Мәслихат сессиясының төрағасы:
      1) Мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды, Мәслихат сессиясын әзірлеуге және енгізілетін мәселелерді қарауға басшылық жасауды жүзеге асырады;
      2) Сессия мәжілісін жүргізеді, регламентті сақтауды қамтамасыз етеді, хаттамаларға, сессияда қабылданған немесе бекітілген басқа да құжаттарға Мәслихат хатшысымен бірге қол қояды.
      Сессия төрағасы мәжілісті бастайды және аяқтайды, баяндамашылар мен сөз сөйлеушілерді хабарлайды, шешім жобаларын және басқа да құжаттарды дауысқа салады, мәжілісте қаралатын мәселелер жөнінде депутаттардың ұсыныстарын оқиды, оның атына түскен өтініштер мен ұсыныстарға, сұрақтарға жауап береді, анықтамалар береді, мәжіліс залында тәртіпті қамтамасыз етеді, депутаттар ұсынған мәселелерді дауысқа салады.
      Мәжіліс уақытысында сессия төрағасы талқылап жатқан мәселелердің мәні жөнінде сөз сөйлеп жатқан депутаттарға түсінік беруге құқығы жоқ.
      Сессия төрағасы қаралып жатқан мәселелер бойынша көзқарас жақтарын бір-бірімен ұштастыруға, қарым-қатынас ынтымақтастығын құруға мүмкіндік туғызады. Сессия төрағасы депутаттық топтармен, тұрақты комиссиялармен келіспеушіліктерді жеңу мақсатында кеңестер ұйымдастырады, қажеттігіне қарай депутаттардың келісімімен депутаттық топтардың, комиссиялардың арасындағы келіспеушіліктерді жеңу үшін келісімдік комиссиясын құрады.
      Мәслихат сессиясының төрағасы өзінің қызметін босатылмаған негізде жүзеге асырады.
      11. Аудандық Мәслихат мәжілісі 10.00-ден 13.00 сағатқа дейін өткізіледі. Мәслихат мәжілістің басқа уақытта өткізілуі туралы шешім қабылдай алады. Сессия төрағасы өз ынтасымен немесе депутаттардың ұсынысын дәлелдеу жайында қосымша үзілістер бере алады. Күндізгі мәжіліс соңында депутаттарға, жарыс сөздер болмайтын қысқаша, 2 минуттық өтініштерімен және хабарламаларымен сөз сөйлеу үшін 15 минут уақыт беріледі.
      12. Мәслихат мәжілісінде баяндамаға 25 минут көлемінде, қосымша баяндамаға - 15 минут, жарыссөздерге - 7 минут, үміткерлерді талқылауға - 3 минут, мәжілістің өткізілу тәртібі, дауысқа салу, анықтама және сұрақтар үшін 2 минут уақыт берілді.
      Сөз беру туралы өтініш сессия төрағасының атына жазбаша түрде хатшылыққа, яғни түсу тәртібіне қарай тіркеліп, сессия төрағасына беріледі. Сессия төрағасы ауызша үндеулерімен сөз сөйлеу үшін депутаттарға сөз бере алады.
      Аудандық Мәслихат депутатына бір ғана мәселе үшін екі реттен артық сөз берілмейді.
      Жарыссөздер кезіндегі депутаттық сұранымдар, анықтама сөздер және сұрақтарға жауаптар сөйленген сөз болып есептелмейді.
      Сөйлеу құқығы басқа бір депутаттан екіншісіне берілмейді.
      Егер сөйлеуші берілген уақыттан асып кетсе, сессия төрағасы оны тоқтатады. Қажетті жағдайда ғана сессия төрағасы мәжіліске қатысқан депутаттардың көпшілігінің келісімімен сөйлеу уақытысын создыра алады.
      Жарыссөздер мәжіліске қатысқан депутаттардың көпшілік ашық дауысымен қабылданған шешім бойынша тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселе қойылғанда сессия төрағасы жазылған және сөйлеген депутаттар саны туралы ақпараттандырып, кімге сөз берілетіні белгіленеді.
      Аудан әкімі, Мәслихат хатшысы сөз сөйлеуге регламент шегіндегі кез келген уақытты алады.
      13. Мәжілістің жүргізу тәртібі және дауыс берудің себептері бойынша сөз алдыңғы адам сөйлеп болған соң кезектен тыс депутатқа беріледі. Сессия төрағасы анықтама, депутаттық сұраным; сұраққа жауап үшін және талқылап жатқан мәселе жөнінде түсініктеме беру үшін кезектен тыс сөз бере алады.
      Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақтар сессия төрағасына беріледі және Мәслихат мәжілісінде жарияланады. Сессия төрағасының келісімімен жарыссөзде сөйлеушіге сұрақтар қоюға рұқсат етіледі.
      14. Аудандық Мәслихатта жұмыстар қазақ және орыс тілінде жүргізіледі. Егер депутат қазақ немесе орыс тілін білмесе, оған өзінің білетін тілінде сөйлеуге құқық беріледі. Мұндай жағдайда сөз қазақ және орыс тілінің аудармасымен қамтамасыз етіледі. Депутат басқа тілде сөйлейтіні туралы Мәслихат хатшысына күні бұрын хабарлайды.
      15. Аудандық Мәслихаттың мәжілісінде сөйлеушілердің депутатқа және басқа тұлғаға ар-намысын қорлап, дөрекі сөздер айтуға, конституциялық құрылысты күшпен құлатуға және басқа заңсыз әрекеттерге шақыруға, біреуге негізсіз кінә тағуға құқығы жоқ. Осы айтылғандарды сөйлеушілер бұзған кезде сессия төрағасы ескерту жасап, сөз бермейді.
      Аудандық Мәслихаттың мәжілісінде сессия төрағасының рұқсатынсыз сөйлеуге ешкімнің құқығы жоқ, осы ережені бұзғандарға ескертпестен сөз берілмейді.
      16. Сессия хатшылығы ашық дауысқа қойылып депутаттар санынан және Мәслихат аппаратының қызметкерлерінен сайланады. Хатшылық хаттама-стенограммаларын жүргізуді, сессия атына түскен үндеулермен жұмыстарды ұйымдастырады, қалауы бойынша сөйлеушілердің тізімін жасайды, мәжілісті қамтамасыз ету жөніндегі басқа қызметтерді орындайды.
      Хатшылық сессия төрағасына депутаттардан түскен ұсыныстарды, сонымен бірге жарыссөздерде сөйлеу үшін жазылғандар мен депутаттардың басқа ынталары туралы мәліметтерді ұсынады.
      17. Аудандық Мәслихат ашық дауысқа салғанда депутаттар санынан, аппарат қызметкерлерінен санақ комиссиясын және редакциялық комиссияларды сайлайды, осы мәселелер жөнінде шешім қабылдайды. Сайлау қызметіне ұсынылған депутаттар санақ комиссиясының құрамында болуы тиіс емес. Редакциялық комиссия құрамы қаралып отырған мәселеге мамандығының, біліктілігінің және комиссия мүшесіндегі жұмыс тәжірибесіне белгілі сәйкестігі есебімен құрылады.
      18. Мәслихат хатшысы депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік санымен сайланады және қызметтен босатылады.
      Мәслихат мәжілісінде шешім, басқа құжаттар ашық дауыспен қабылданады. Құпия дауыс беру келесі жағдайларда өткізіледі:
      1) аудан әкіміне сенімсіздік көрсету кезінде;
      2) мәжілісте қатысқандардың көпшілік дауысымен қабылданған шешім бойынша кез келген мәселені қарағанда;
      3) аудан әкімінің ұсынуы бойынша аудандық әкімдіктің дербес құрамының келісімі кезінде.
      19. Ашық дауысқа қою кезінде санақ комиссиясы дауыс бергендердің есебін жүргізеді. Ал құпия дауыс беруді өткізу кезінде санақ комиссиясы бүкіл дауыс беру барысын ұйымдастырады және оған қорытынды жасайды.
      Ашық дауыс берудің алдында сессия төрағасы дауысқа қойылған ұсыныстар санын көрсетіп, олардың тұжырымын анықтайды.
      Ашық дауыс беруге егер ешбір депутаттардың қарсылығы болмаса, көпшілік дауыспен дауыс беру есебінсіз өткізілуі мүмкін.
      Құпия дауыс берудің өткізілетін орны мен уақытысы, өткізілу тәртібі регламент негізінде санақ комиссиясымен белгіленеді және санақ комиссиясының төрағасы хабарлайды. Бюллетеньдер санақ комиссиясының бақылауымен мәжіліске қатысушы депутаттар саны бойынша белгілі түрде жасалып, тікелей дауыс беру алдында таратылады. Белгіленбеген түрдегі бюллетеньдер жарамсыз болып есептеледі.
      Ашық немесе құпия дауыс берудің нәтижесінде, егер өзге заң немесе регламентпен белгіленген болмаса, жалпы депутат санының жартысынан көп дауыс алған тұлғалар - сайланған, бекітілген, қызметтен босатылған үміткерлер болып есептеледі.
      Үйлесімді түрде кез келген комиссия, олардың төрағасы мен мүшелері сайланады, бекітіледі және босатылады.
      20. Құпия дауыс берудің нәтижесі туралы санақ комиссиясы оның барлық мүшелері қол қойған және Мәслихат шешімдерімен бекітілген хаттама жасайды. Дауыс беруде немесе дауыс есебінде қателіктер жіберілсе, Мәслихат шешімі бойынша дауыс қайта өткізіледі.

3. Аудандық Мәслихаттың актілерін қарау және қабылдау.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы мен жоспарларын, бюджетті бекіту

      21. Аудандық Мәслихат шешім қабылдайды. Егер өзге заңмен және регламентпен белгіленген болмаса, шешім жалпы депутаттар санынан көпшілік дауыс алумен қабылданады.
      Мәслихат мәжілісінде қатысқан депутаттардың көпшілік дауысымен процедуралық мәселелер, өтініштер мен үндеулер жөнінде шешімдер қабылданады.
      Аудан әкіміне сенімсіздік көрсету туралы шешім депутаттардың санының үштен екісімен қабылданады.
      22. Аудандық Мәслихат шешімдерінің жобаларын, басқа актілерін қарауға енгізу құқығы сессия төрағасына, хатшысына, депутаттардың тұрақты комиссиясына, аудан әкіміне, оның орынбасарларына беріледі.
      23. Сессия аяғында шешім жобалары, басқа актілер хатшылыққа, ал сессия аралығында сессия төрағасы немесе Мәслихат хатшысына беріледі.
      Қарауға қабылданған шешім жобаларын, басқа актілерді алдын ала қарауға және олармен келешекте жұмыстар туралы ұсыныстар дайындауға сессия төрағасы немесе Мәслихат хатшысы тұрақты комиссияға береді. Сонымен бірге тұрақты комиссияға Мәслихат актілерінің жобалары жөніндегі қорытындылардың дайындығын, сессияға қосымша баяндама, қосымша ақпараттардың жиынтығы мен тексерісін өткізу беріледі. Мәслихат актілерінің жобаларын, оны қабылдау жөніндегі ұсыныстарды немесе алдын ала басқа мәселені қарау мен бірнеше тұрақты комиссиялардың қорытындыларын жіберу кезінде сессия төрағасы немесе Мәслихат хатшысы жетекші комиссиясын белгілейді.
      Жоғарғы айтылған міндетті істердің орындалуы, сонымен бірге қандай да бір мәселе бойынша сессия шешімі жобасының дайындығы қажетті жағдайда, құрамында депутат емес болып есептелетін тұлға болатын дайындық комиссиясын құрған сессия төрағасына немесе Мәслихат хатшысына тапсырылады.
      Тұрақты комиссия акті жобаларымен жұмыс және басқа мәселелерді дайындау үшін, өз құрамынан жұмысшы топтарды құрайды. Мүмкіндігіне қарай бірнеше комиссиямен бірлескен жұмысшы топты құрылады. Қалауына қарай топ жұмысына қай депутат болса да қатыса алады.
      24. Сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы, тұрақты комиссиялар, жұмысшы топтар шешім жобаларын сараптамаға жіберіп, мемлекеттік органдардың қызметті тұлғалардың пікірлерін сұрап, алдын ала дайындалып жатқан мәселелерді еңбек ұжымы мен азамат жиналыстарында талқылай алады. Мәслихат хатшысының шешімі бойынша шешім жобасын жергілікті радио мен теледидар жария етеді, бұнымен ескерту және ұсыныстардың мерзімі мен қарау тәртібі анықталады.
      25. Ұқсас жобалар Мәслихатпен және оның органдарымен бір мезгілде негізгі жобамен бірге қарастырылады. Тұрақты комиссиялар, сессия мәселелерін дайындауға қатысушылар, комиссия төрағалары мен Мәслихат хатшысы арасында қайшылықтар туғанда, оларды жеңу жайында шаралар қолданады. Басқа қайшылықтар Мәслихат депутаттарына мәлім болды.
      26. Қағида бойынша сессия мәселелерін қарап талқылауда баяндама, қажет болғанда жетекші тұрақты комиссияның, басқа тұрақты және уақытша комиссиялардың, жұмысшы топтардың қосымша баяндамасы тыңдалады. Қосымша ережелерімен немесе шешім жобалары жөніндегі қорытындыларымен келіспеуші тұрақты комиссиялар, жекелеген комиссия мүшелері мен жұмысшы топтар, өз пікірлерін қарастырылған мәселе бойынша жалпы жарыссөз басталғанға дейін айта алады.
      27. Депутаттар мен шақырылған тұлғалар шешім жобалары жөніндегі баяндаманы, қосымша баяндаманы және тұрақты комиссияның қорытындысын талқылайды, шешім жобасына түзету түрінде ескертулер мен ұсыныстар айтады. Жобаларға түзетулер, ұсынылған өзгертулермен және толықтырулармен, айқын тұжырымдарымен, шешім жобасының мәтініндегі олардың көрсетілген орнымен сессия хатшылығына жазбаша түрде беріледі. Осы талаптарға қанағаттанарлықсыз түзетулер талқылауға алынбайды.
      28. Мәселелерді және шешім жобасын талқылау соңында Мәслихат оны қабылдайды немесе қабылдамайды. Сонымен бірге шешім жобасын негіз үшін қабылдауға болады және тұрақты комиссия, жұмысшы топ немесе редакциялық комиссия тапсырмасын талқылау есебінен түзетуге алып, оны қайта қарауға ұсынады. Ұқсас жоба болғанда негіз үшін олардың біреуі ғана қабылданады.
      29. Депутаттар тұрақты немесе редакциялық комиссиясында шешім жобасының түзетуіне қатысып, оларды қарауға жазбаша түрде қосымша ұсыныстар мен түзетулер бере алады. Комиссия Мәслихатқа қабылдамаған түзетулер тізбесі мен түзетілген жобаны ұсынады. Түзетілген шешім жобасы Мәслихат мәжілісінде қайта қаралады. Комиссия баяндамасында жобаға кірген және қабылдамаған ұсыныс көрсетіледі, түзетулердің қабылданбаған себептері дәлелденеді.
      30. Шешім жобасына түзетулер болғанда дауыстар келесі жүйеде жүзеге асырылады:
      1) ұсынылған (түзетілген) жоба негізге алынады, оның ауытқуы кезінде дауыс беру тоқтатылады;
      2) дауысқа барлық түзетулер қойылады, қосылмағандары жоба негізіне алынады;
      3) Шешім толығымен қабылданған түзетулер есебімен дауысқа қойылады.
      Ағымдағы сессияда қабылданбаған жоба немесе оған түзетулер бойынша қайта дауыс беруге рұқсат етілмейді.
      31. Түзетулер жеке дауысқа қойылады, олардың дауыс беру жүйесін төрағалық етуші анықтайды. Ең алдымен қабылданбағанын анықтайтын түзетулер дауысқа қойылады. Дауыс беру алдында өзара түзетулер бойынша, оларды төрағалық етуші оқиды. Енгізілген түзетуді дауыс беру алдында ғана алып тастауға құқық бар. Дауыс беру әр тармақ бойынша немесе қабылдаған шешімнің бөлімі бойынша өткізіледі.
      32. Жалпыға міндетті маңызы бар, мекеме аралық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты Мәслихат шешімдері заңда белгіленген тәртіппен Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеу үшін бағыттауға жатады.
      33. Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, Мәслихат шешімдері заңда белгіленген тәртіппен осы аумақ үшін белгілі баспа басылымдарында ресми жарияланады.
      34. Аудан әкімі Мәслихат сессиясында қарап талқылаудан бір ай бұрын, кешіктірмей бюджет жобаларын, жоспарларды, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын, олардың орындалуы туралы есептерді, сонымен бірге шешім жобаларын енгізеді. Мәслихат хатшысы жобалардың жетекшісін анықтай келе, тұрақты комиссияның қарауына жібереді.
      35. Тұрақты комиссиялар осы жобалар бойынша екі аптадан кешіктірмей, сессияға дейін жетекші тұрақты комиссияға өз ұсыныстары мен ескертулерін жариялайды. Жетекші тұрақты комиссия басқа депутаттық комиссиялардың ескертулері мен ұсыныстарын қорытындылайды, оларды құжаттардың жобасына енгізу үшін аудан әкімінің аппаратына береді, сессияға комиссияның қосымша баяндамасын дайындайды. Мүмкіндігіне қарай сессия немесе жетекші тұрақты комиссия ұсынылған жобалардың қосымша сараптамалары туралы шешім қабылдай алады. Мәслихат бюджеттің, жоспарлар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламалардың бекітілуі, олардың орындалуы мен жүзеге асуы жайындағы есептер туралы шешім қабылдайды.
      36. Аудандық Мәслихат дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік Бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасайды. Тексеру комиссиясының жұмыс жоспары сессияда бекітіледі.

4. Мәслихаттың қызметті тұлғалары, комиссиялары мен депутаттық топтары, бақылаулық міндетті істердің жүзеге асуы

      37. Аудандық Мәслихат бірінші сессияда депутаттар санынан тұрақты негізде қызмет атқаратын және оған есеп беретін, қызметтік тұлға болып есептелетін Мәслихат хатшысын сайлайды. Мәслихат хатшысы Мәслихат қызметін қамтамасыз ету және ұйымдастыру жөнінде ағымдағы жұмыстарды орындайды. Мәслихат Мәслихат хатшысының есебін тыңдайды.
      Мәслихат хатшысының болмаған кезде (еңбек демалысы, іс сапар және басқа себептер) оның өкілеттігін Мәслихат тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.
      Оның негізгі қызметтік міндетті істері осы Регламентпен және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңымен анықталады. Мәслихат хатшысы қызметіне үміткерлер жекелеген депутаттардан, депутат топтарынан, депутаттар өкілдері кеңесінің атынан ұсынылады. Ұсынылған депутаттардың саны шексіз болады. Үміткерлер өздерінің алдағы қызметтік бағдарламаларымен сөз сөйлейді. Үміткерлерді талқылау Мәслихат шешімі бойынша тоқтатылады. Егер үміткер ашық немесе құпия дауыс беру нәтижесінде депутаттардың жалпы санынан жартысынан көбірек дауыс алса, Мәслихат хатшысы қызметіне сайланған болып есептеледі. Мәслихат хатшысын сайлау туралы шешім қабылданады.
      Егер Мәслихат хатшысы қызметіне екіден артық үміткер ұсынылған болса және олардың бірде біреуі сайлау талабы бойынша дауыс жинамаса, солардың ішінен ең көп дауыс санын алған екі үміткер бойынша қайтадан дауыс өткізіледі.
      Егер сайлау кезінде жалпы депутаттар санынан бірде-бір үміткер, жартысынан көбірек дауыс жинамаса, жаңа үміткерлер ұсынумен қайта сайлау өткізіледі.
      Сессияға сайланған депутаттар санынан үштен бірінен кем емес депутат топтарының санымен Мәслихат хатшысын қызметтен босату туралы ұсыныс енгізілді.
      Күн тәртібіне мәселелер енгізу үшін, ашық дауыс беру өткізіледі. Сайланған депутаттардың жартысынан көпшілігі дауыс берсе, мәселе енгізілді деп есептеледі. Мәселені күн тәртібіне енгізгеннен кейін құпия дауыс беру өткізіледі. Егер сайланған депутаттардың үштен екісінен кем емес дауыс берілсе, Мәслихат хатшысы қызметінен босатылады. Мәслихат хатшысын мерзімінен бұрын қызметтен босату кезінде, жаңа хатшыны сайлау бастапқыға ұқсас түрде өткізіледі.
      38. Мәслихат өз өкілеттігі мерзіміне тұрақты комиссиялар құрады. Қажет болған жағдайда, Мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Тұрақты комиссияның тізбесі мен сан құрамын Мәслихат белгілейді.
      Сессия жұмысында тұрақты комиссияның құрамын құрған соң, комиссияға төрағасы үміткерін ұсынуға тұрақты комиссияның мәжілісін өткізу үшін үзіліс жасалады. Комиссияға төрағасына үміткерлерді ұсыну, қатысқан комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруімен бекітіледі.
      Комиссия төрағасына үміткерлер, олардың атынан сессияда ұсынылады, үміткерлер саны шексіз. Депутаттың қайсы болмасын комиссия төрағасының үміткерін ұсына алады. Мәслихат мәжілісінде төраға үміткерін талқылау жеке әр комиссияда өткізіледі. Төраға орынбасары мен тұрақты комиссияның хатшысы тұрақты комиссияның мәжілісінде төраға ұсынысы бойынша сайланады.
      Тұрақты комиссиялардың міндеттері мен құқықтары, қызметтерін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңымен анықталады.
      39. Сессиядағы жекелеген мәселелерді қарап талқылау және меңгеру, қоғамдық маңызды мәселелер бойынша зерттеу жүргізу үшін, Мәслихат уақытша комиссиялар құрай алады. Олардың құрамына депутат емес тұлғалар сайлана алады. Уақытша комиссияның жұмысында кеңесші дауыс құқығымен қай депутаттың болса да қатысуға құқық бар. Сессияда уақытша комиссияны құру бойынша дәлелді ұсыныстарды жекелеген депутаттар мен тұрақты комиссия енгізеді. Уақытша комиссия өз қызметінде тұрақты комиссияға тиісті регламент ережелерін басшылыққа алады. Уақытша комиссияның өкілеттігінің көлемі, мерзімі мен міндеттері Мәслихатпен олардың құрылуы кезінде анықталады. Мәселені меңгеру нәтижесі бойынша уақытша комиссия 10 күн ішінде дайын болған сессия шешімінің жобасымен қорытындыны ұсынады және ол 5 күн ішінде барлық депутаттарға беріледі, сонымен бірге сессияда комиссия баяндамасы болуы мүмкін.
      40. Тұрақты комиссия өз бастамасы бойынша немесе Мәслихат шешімі бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізе алады. Өткізу мерзімі және мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге қай депутаттың болса да құқығы бар.
      Көпшілік тыңдауды дайындау және өткізу үшін жұмысшы топтар құрылады, яғни депутаттардан басқа мамандар да қатыстырылады. Тұрақты комиссиясының, жалпы ақпарат құралы арқылы болатын көпшілік тыңдауды халыққа мәлімдеуге, деректер жинауға көмек көрсету туралы сұраныстармен үндеу тастауға құқығы бар. Тұрақты комиссия көпшілік тыңдауға өзі анықтаған тұлғаны шақырады. Көпшілік тыңдауға басқа тұрақты комиссиялардан кеңесші дауыс құқығымен, аудандық Мәслихаттың депутаттары, журналистері, басқа азаматтардың қатысуға құқығы бар.
      Комиссия мәжілісі, мына жағдайларды алып тастағанда ереже бойынша: егер хабарлайтын ақпарат заңнамаға сәйкес, мемлекеттік құпия болатын болса және комиссия шешімі кезінде ашық деп есептеледі.
      Тұрақты комиссиямен құрылған жұмысшы топ көпшілік тыңдауды дайындау және өткізу үшін, 10 күн ішінде, аяқталған соң барлық мүшелер қол қойған жазбаша қорытынды дайындайды, онымен мүдделі тұлғалар танысуға тиісті. Көпшілік тыңдаудың нәтижесі бойынша тұрақты комиссия қаулы қабылдайды.
      Егер көпшілік тыңдау барысында кемшіліктерді жою үшін аудандық Мәслихаттың, аудан әкімінің немесе басқа органдардың қатысы болса, онда қаулы мен қорытынды осы органдарға жіберіледі.
      Мәслихат шешімі бойынша өткізілген көпшілік тыңдаудың нәтижелері сессияда қаралады.
      41. Аудандық бюджеттің орындалуын бақылап, бюджеттік қаражаттарды үнемді және орынды жұмсау үшін, Мәслихат өкілеттік мерзімге Тексеру комиссиясын сайлайды.
      Төраға және комиссия мүшелерін сайлау басқа тұрақты комиссияларға ұқсас өткізіледі. Комиссия құрамын депутат емес тұлғалар болады.
      Тексеру комиссиясының төрағасы депутаттар санынан сайланады және босатылған негізде жұмыс атқара алады. Тексеру комиссиясы жоспарлы және жоспардан тыс, сонымен бірге Мәслихат немесе оның хатшысының шешімі бойынша депутаттардың жалпы санынан үштен бірінің талабымен тексеру жүргізеді. Тексеру нәтижесі бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы Мәслихат пен Әкімиятқа хабарлайды. Тексеру комиссиясының өкілеттігі мен жұмыс тәртібі Мәслихат Регламентімен белгіленеді.
      42. Мәслихаттың депутатының, тұрақты комиссиясының сессия төрағасына, Мәслихат хатшысына, аудан әкіміне және оның бөлімдеріне, Мәслихаттың қызмет бабындағы мәселелер бойынша, аудан аумағында орналасқан мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына сұранымдармен үндеу тастауға құқығы бар. Сұраным - қоғамдық маңызы бар және Мәслихатты басқару мәселелері жөнінде көзқарастарды сессияда баяндауға немесе түсінік беруге қызметтік тұлғалар мен мемлекеттік органдарға қойылатын талаптар.
      43. Бірнеше депутаттар атынан сұранымды ауызша түрде енгізу кезінде, олардың ата тегі мен сайлау округінің нөмірі көрсетілуі керек.
      Бірнеше депутаттар атынан жазбаша түрде енгізілген бірлескен сұранымға барлық депутаттар қол қояды. Аудандық Мәслихаттың уақытша немесе тұрақты комиссиясымен енгізілген жазбаша сұранымға хатшы мен төраға қол қояды. Ал ауызша берілгенде оның тұрақты немесе уақытша комиссияның атынан енгізілгені көрсетіледі. Сұранымды енгізу туралы шешім тұрақты комиссияның атынан, оның мәжілісінде қабылданады және хаттама жасалады.
      44. Сессияның басталуына дейін енгізілген сұранымдар сессия төрағасына беріледі және оларды күн тәртібіне енгізу туралы мәселесін шешу мәжілісте қаралады. Сұранымның көшірмесі Мәслихат органының хатшысына немесе жауаптың тәртібі мен мерзімі, кімге арналғаны көрсетілген қызметтік тұлғаға беріледі. Сессияны жүргізу барысында енгізілген сұранымдар мәжілістің төрағалық етушісіне беріледі. Сұраным жауабын жариялау және ары қарай оны талқылау үшін, Мәслихат хатшысы сұранымда көрсетілген қызметтік тұлғаны немесе мемлекеттік органның өкілін шақырады.
      45. Басқа мәселелермен байланысы жоқ, сессияда қаралатын, Мәслихатпен күн тәртібіне енгізілетін сұраныс сессия жұмысы аяғында, оған бөлінген арнайы уақытта қарастырылады. Мәслихат күн тәртібінде сұраныстармен және сұрақтармен үндеулер үшін қосымша уақыт белгіленеді. Осы мақсатпен, арнайы сұрақтар, сұранымдар енгізуге және оларға жауаптарды жария етуге мәжіліс жоспарланады. Сұранымға жауапқа - 15 минут, сұраққа жауапқа - 5 минут уақыт беріледі. Сессияда қаралатын, басқа мәселелермен байланысты сұранымдар күн тәртібіне енгізілмейді және ол туралы төрағалық етуші жариялайды.
      Сессияда талқыланатын мәселемен байланысты және осы мәселе бойынша жарыссөз барысында енгізілген жазбаша сұранымды, сөз берілген депутат сөйлеп болған соң сессия төрағасы жария етеді.
      46. Егер сұраным мемлекеттік органға жатпайтын немесе аудандық Мәслихаттың қызмет бабынан тыс қызметтік тұлғаға бағытталса, не мемлекеттік немесе қызметтік құпия ақпараттар көрсетілген талаптардан тұрса, не жауап немесе тергеу органдарында жатқан қылмыстық істер жөніндегі мәліметтер болса сұраным қабылданбайды. Жоғарыда айтылған негіздер бойынша сұранымның қабылданбауы Мәслихатпен, ал сессия аралығы кезеңінде сессия төрағасымен жүзеге асырылады. Мәслихат қоғамдық маңызы жоқ депутат үндеуін мақұлдамайды. Бұл жағдайда ол депутаттың басқа үндеу түрлері үшін белгіленген тәртіппен жүзеге асады. Қабылданбаған сұранымдар қолайсыз себептер бойынша жіберілмейді.
      47. Мәслихат сұранымның қаралуын басқа сессияға ауыстыра алады. Күн тәртібін бекіткенге дейін сұранымдар депутаттармен немесе тұрақты комиссиялармен енгізіледі. Күн тәртібі бекітілгеннен кейін сұранымды қараудан алып тастау, тек қана Мәслихат шешімі бойынша жүзеге асады. Жазбаша берілген сұранымдар сессия хаттамасына тіркеледі, ал ауызша сұранымдар хаттамада көрсетіледі.
      48. Мемлекеттік орган басшысы немесе қызметтік тұлға депутаттық сұранымға ауызша жауап беруге міндетті. Ал депутат талабы бойынша егер жауап үшін ұзақ мерзім белгіленбесе, осы Мәслихат сессиясында қойылған мәселенің мәні бойынша жазбаша жауап толық көлемде беріледі. Сұранымға жауап талқылауға қойылады. Сондықтан сұранымға шешім қабылданады. Сұраным жайында талқылаусыз мақсатқа сәйкес шешім қабылдау үшін мәжіліске қатысқан депутаттардың көпшілік даусы мақұлданды. Көрсетілген шешімнің қабылданғанына қарамастан депутаттар, депутат топтары, тұрақты немесе уақытша комиссиялар қосымша түсініктермен, өтінішпен немесе пікірлерімен сөз сөйлеген қызметтік тұлғаға немесе органға көңіл аудара алады.
      49. Депутаттық сұраным, оған жауап, сұраным бойынша қабылданған шешім, немесе жергілікті баспасөзде жарияланатын қысқаша ақпарат радио немесе теледидар арқылы беріледі.
      50. Аудан аумағында сайланған Мәслихат депутаттары депутаттық топтарға бірігеді. Тұрақты және уақытша депутаттық топтар басқа негіздер бойынша құрылады.
      Депутаттар топтары аудандық Мәслихатта қаралатын мәселелер бойынша пікір таластырады, ал депутаттар топтарының бір бөлігі өз өкілін Мәслихат мәжілісінде сөз сөйлеу және депутаттар арасында дайындалған деректерді тарату үшін ұсынады.

5. Аудандық Мәслихат қызметтерін ұйымдастыру және
қамтамасыз ету

      51. Сессияны өткізуге, басшылықты, аппаратты және тұрақты комиссияны орналастыруға аудан әкімі тиісті түрде жабдықталған мәжіліс залын береді.
      52. Мәслихат және оның органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін Мәслихат аппараты құрылады. Мәслихат аппараты Мәслихаттың және оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, депутаттарға өз өкілеттігін іске асыруға көмек көрсетеді. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің іс-әрекеті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Мәслихат өкілеттігі мерзімінің өтуімен, Мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын доғарылса да және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланса да Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметкерлерінің іс-әрекеті тоқтатылмайды. Мәслихат хатшысы аппарат жұмысын басқарады, қызметкерлерді лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. Мәслихат жыл сайын өз қызметін қамтамасыз етуге шығыстар сметасын бекітеді.
      53. Мәслихат сессиясы депутаттар берген жазбаша ақпараттардың тізімдемесін және мерзімділігін бекітеді. Сонымен бірге ақпараттарды беру үшін жауапты қызметтік органдар мен тұлғалар анықталады, осы мақсаттар үшін Мәслихат шығындары сметасында қажетті қаражаттар қарастырылады.
      Депутаттардың сайлаушыларды қабылдауы және олармен кездесуі үшін Мәслихат ғимаратынан орын беріледі.

6. Сайлау комиссияларын құру тәртібі

      54. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу аудандық Мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.
      Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      55. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылданады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы Регламенттің 56, 57, 58 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
      56. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссиясын құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде аудандық Мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
      Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және аудандық Мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құрылады.
      Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей аудандық Мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.
      Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:
      1) саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасына көшірмені;
      2) саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
      3) кандидаттың тиісті Мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
      Ескерту. 6 тараумен толықтырылды - Абай аудандық мәслихатының VIII сессиясының 2004.05.24 N 8/77 шешімімен.

7. Сайлау комиссияларын құру және сайлау

      57. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құрылатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, аудандық Мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
      Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетенді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерінің және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы тек жеті квадратқа белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.
      Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.
      58. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл кандидатураны Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген дауысының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар даусы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады.
      Аймақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
      Аудандық Мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдардың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады.
      Ескерту. 7 тараумен толықтырылды - Абай аудандық мәслихатының VIII сессиясының 2004.05.24 N 8/77 шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады