Об утверждении Положения о государственной и апелляционной комиссиях по организации и проведению промежуточного государственного контроля в организациях высшего профессионального образования Республики Казахстан

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 апреля 2005 года N 232. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2005 года N 3619. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 26 марта 2008 года N 134.

Извлечение 
из приказа Министра образования и науки 
Республики Казахстан 
от 26 марта 2008 года N 134

      "В целях приведения нормативной правовой базы в соответствие с законодательством ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 апреля 2005 года N 232 "Об утверждении Положения о государственной и апелляционной комиссиях по организации и проведению промежуточного государственного 
контроля в организациях высшего профессионального образования Республики Казахстан", зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 3619, опубликованный в "Юридической газете" от 2 сентября 2005 года N 160-161 (894-895).
      2. ....... .
      3. ....... .
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня подписания.

      Министр                                    Ж. Туймебаев"
________________________________________________________________________    

      В соответствии с Правилами проведения промежуточного государственного контроля в организациях образования Республики Казахстан, утвержденными  приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года N1056,  ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Утвердить прилагаемое Положение о государственной и апелляционной комиссиях по организации и проведению промежуточного государственного контроля в организациях высшего профессионального образования Республики Казахстан.

     2. Комитету по надзору и аттестации в сфере образования и науки (Абдрасилов Б.С.) представить в установленном порядке настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

     3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

     4. Признать утратившим силу  приказ  Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 июня 2004 года N532 "О региональной и апелляционной комиссиях", зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 2915. 

     5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице-министра Гамарника Г.Н. 

    Министр

Утверждено          
приказом Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 11 апреля 2005 года N 232

Положение
о государственной и апелляционной комиссиях по 
организации и проведению промежуточного государственного 
контроля в организациях высшего профессионального 
образования Республики Казахстан

  1. Общие положения

     1. Государственная и апелляционная комиссии по организации и проведению промежуточного государственного контроля обучающихся в организациях высшего профессионального образования после 2(3) курсов (далее - государственная комиссия и апелляционная комиссия) создаются в соответствии с Правилами проведения промежуточного государственного контроля в организациях образования Республики Казахстан, утвержденными  приказом  Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года N 1056, зарегистрированном в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3335 (далее - Правилами ПГК).
     2. Государственная и апелляционная комиссии создаются в каждом высшем учебном заведении, на базе которых проводится промежуточный государственный контроль (далее - ПГК).
     3. В своей работе государственная и апелляционная комиссии руководствуются настоящим Положением, Правилами ПГК и другими нормативными правовыми актами.

  2. Государственная комиссия

     4. Состав государственной комиссии формируется на период подготовки и проведения ПГК по представлению высших учебных заведений, на базе которых будет проводиться ПГК.
     В состав государственной комиссии входят представители высших учебных заведений, студенты которых проходят ПГК. 
     В состав государственной комиссии в качестве наблюдателей могут быть включены представители правоохранительных органов, общественных организаций, средств массовой информации. 
     Председателем государственной комиссии назначается ректор высшего учебного заведения, на базе которого будет проводиться ПГК, или ответственный за ПГК этого высшего учебного заведения.
     Состав государственной комиссии ежегодно утверждается Министерством образования и науки Республики Казахстан (далее - Министерство).
     5. Основной задачей государственной комиссии является организация и координация работы по подготовке и проведению ПГК в организациях высшего профессионального образования. 
     6. Для реализации поставленной задачи государственная комиссия:
     1) проводит организационную и информационно-разъяснительную работу по ПГК;
     2) создает совместно с организацией, осуществляющей по поручению Министерства организационно-технологическое сопровождение ПГК, базу данных о студентах, участвующих в ПГК; 
     3) создает необходимые условия для проведения ПГК;
     4) контролирует явку всех обучающихся, зарегистрированных для прохождения ПГК;
     5) представляет кандидатуры преподавателей для работы в качестве дежурных по аудиториям;
     6) проводит инструктаж дежурных по аудиториям;
     7) организует работу апелляционной комиссии;
     8) доводит до сведения учащихся результаты сдачи ПГК;
     9) проставляет результаты ПГК (зачет) в зачетную книжку;
     10) организует выдачу сертификатов ПГК;
     11) составляет и передает в Министерство справку, к которой прилагаются ведомости по группам с результатами ПГК и сведения о студентах, которые будут проходить повторное тестирование;
     12) контролирует соблюдение установленного порядка проведения ПГК и обеспечение режима информационной безопасности.

     7. Для реализации возложенных на нее основных функций государственная комиссия имеет право:
     1) осуществлять в пределах своей компетенции организацию проведения ПГК;
     2) вносить предложения в Министерство по вопросам ПГК и повышению эффективности работы государственных комиссий;
     3) привлекать сотрудников высших учебных заведений к организации проведения ПГК.
     8. Государственная комиссия работает в соответствии с планом, утвержденным ее председателем.
     Секретарь государственной комиссии формирует план работы, повестку дня заседаний, организует взаимодействие членов комиссии и отвечает за делопроизводство.
     9. Заседание государственной комиссии считается состоявшимся, если на нем присутствует более 2/3 от общего числа ее членов.
     10. Решение государственной комиссии принимается большинством голосов от числа присутствующих на заседании членов комиссии и оформляется протоколом заседания, который подписывается всеми членами комиссии. 
     В случае равенства голосов, голос председателя комиссии является решающим.

  3. Апелляционная комиссия

     11. Апелляционная комиссия формируется из преподавателей высших учебных заведений по дисциплинам направлений подготовки и специальностям высшего профессионального образования.
     Председатель апелляционной комиссии утверждается Министерством.
     12. Апелляционная комиссия принимает и рассматривает заявления от студентов, не согласных с результатами тестирования. 

     13. Заявление на апелляцию подается в апелляционную комиссию в течение суток после объявления результатов тестирования и рассматривается в течение суток после подачи апелляции.
     14. Апелляция не принимается по вопросам, связанным с нарушением обучающимися технологии проведения ПГК.
     15. Решение апелляционной комиссии принимается большинством голосов от списочного состава комиссии. В случае равенства голосов, голос председателя комиссии является решающим.
     16. Решение апелляционной комиссии оформляется протоколом, который подписывается всеми членами комиссии и утверждается председателем государственной комиссии.
     17. Апелляционная комиссия информирует студентов об итогах апелляции в течение суток с момента подачи заявления на апелляцию.

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 232 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3619. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 134 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 26 наурыздағы N 134 бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді----------------

      Нормативтік құқықтық базаны заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3619 тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 (894-895) жарияланған, "Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 232 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2 ...
      3«...
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж.Түймебаев

___________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу  ережесіне  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
      2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.С.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2915 тіркелген, "Өңірлік және апелляциялық комиссиялар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 9 шілдедегі N 532  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Н. Гамарникке жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы      
Білім және ғылым министрінің   
2005 жылғы 11 сәуірдегі      
N 232 бұйрығымен бекітілген   

Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім
беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды
ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік
және апелляциялық комиссиялар туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды 2(3) курстардан кейін мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия және апелляциялық комиссия) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер тіркеу тізілімінде N 3335 тіркелген Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу  ережесіне  сәйкес құрылады.

      2. Мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар базасында мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) өткізілетін, әрбір жоғары оқу орынында құрылады.

      3. Мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар өз жұмысында осы Ережені, МАБ Ережесін және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

  2. Мемлекеттік комиссия

      4. Мемлекеттік комиссияның құрамы базасында МАБ өтетін жоғары оқу орындарының ұсыныстары бойынша, МАБ-ты дайындау және өткізу кезеңінде құрылады.
      Мемлекеттік комиссияның құрамына студенттері МАБ-тан өтетін жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді.
      Мемлекеттік комиссияның құрамына бақылаушылар ретінде құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кіргізуге болады.
      Мемлекеттік комиссияның төрағасы болып базасында МАБ өтетін жоғары оқу орнының ректоры немесе осы жоғары оқу орнында МАБ өткізуге жауапты адам тағайындалады.
      Мемлекеттік комиссияның құрамын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекітеді.

      5. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарында МАБ-ты дайындау мен өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

      6. Мемлекеттік комиссия алға қойған міндеттерді іске асыру үшін:
      1) МАБ бойынша ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
      2) Министрліктің тапсырмасы бойынша МАБ-ты ұйымдастыру-технологиялық қоса алып жүруді жүзеге асыратын ұйыммен бірлесе отырып МАБ-тан өтетін студенттер жөнінде деректер базасын құрады;
      3) МАБ-ты өткізу үшін қажетті жағдай жасайды;
      4) МАБ-тан өту үшін тіркелген барлық білім алушылардың келуін бақылайды;
      5) аудиториялар бойынша кезекші ретінде жұмыс істеу үшін оқытушылардың кандидатураларын ұсынады;
      6) аудиториялар бойынша кезекшілерге нұсқау береді;
      7) апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      8) МАБ-ты тапсырудың нәтижелерін студенттердің назарына жеткізеді;
      9) сынақ кітапшасына нәтижелерді (сынақ бағаларын) қояды;
      10) МАБ-тың сертификаттарын беруді ұйымдастырады;
      11) тестілеуден қайта өтетін студенттер туралы мәліметтер және МАБ нәтижелерімен бірге топ бойынша ведомостарды қоса беріліп отырған анықтаманы дайындайды және оны Министрлікке жібереді;
      12) МАБ-ты өткізудің белгіленген тәртібін сақтау, ақпараттық қауіпсіздіктің тәртібін қамтамасыз етуді бақылайды.

      7. Өзіне жүктелген негізгі функцияларды іске асыру үшін мемлекеттік комиссия:
      1) өз құзыретінің шегінде МАБ өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
      2) МАБ мәселелері және мемлекеттік комиссия жұмысының тиімділігін арттыру бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізуге;
      3) мемлекеттік және апелляциялық комиссиялардың жұмысына жоғары оқу орындарының қызметкерлерін тартуға құқылы.

      8. Құрамы 7 адамнан кем емес мемлекеттік комиссия, оның төрағасы бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
      Мемлекеттік комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің өзара әрекеттерін ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.

      9. Егер комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысқан болса, онда мемлекеттік комиссияның отырысы өтті деп есептеледі.

      10. Мемлекеттік комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады және комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
      Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.

  3. Апелляциялық комиссия

      11. Апелляциялық комиссия кәсіптік жоғары білім беру мамандықтары және даярлау бағыттарының пәндері бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құрылады.
      Апелляциялық комиссияның төрағасын Министрлік бекітеді.

      12. Апелляциялық комиссия тестілеу нәтижелерімен келіспеген студенттердің арыздарын қабылдайды және оларды қарайды.

      13. Апелляцияға арыз тестілеу нәтижелерін хабарлағаннан кейін бір тәулік ішінде апелляциялық комиссияға беріледі және апелляция берілгеннен кейін бір тәулік ішінде қаралады.

      14. МАБ өткізу технологиялары білім алушылармен бұзылғанына байланысты мәселелер бойынша апелляция қабылданбайды.

      15. Апелляциялық комиссияның шешімін комиссияның тізімдік құрамының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы шешуші дауысқа құқылы.

      16. Апелляциялық комиссияның шешімін комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді және комиссияның төрағасы бекітеді.

      17. Апелляциялық комиссия студенттерді апелляция қорытындыларымен бір тәулік ішінде хабардар етеді.