Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 1056 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 7 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3335. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы N 561 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007.11.20.  N 561  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  35-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН :
     1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілсін.
     2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге ұсынсын, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
     3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
     4. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде N 21-24, 924-бетте басылған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2795 нөмірімен тіркелген, "Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру ұйымдарында білім алушыларды аралық аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 31 наурыздағы N 264  бұйрығының  күші жойылды деп танылсын.
     5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Г.Гамарникке жүктелсін.

     Министр

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің  
2004 жылғы 24 желтоқсандағы  
N 1056 бұйрығына қосымша   

  Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және
өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасын " іске асыру мақсатында әзірленді.

     2. Ереже тиісті деңгейлердегі және сатылардағы білім беру бағдарламаларын білім алушылардың меңгеруі сапасын мемлекеттік аралық бақылауды (МАБ) өткізу тәртібін белгілейді.

     3. Ереженің күші меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына жүреді.

     4. Білім беру ұйымдарындағы МАБ-тың міндеттері:
     1) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауын жүзеге асыру;
     2) оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігін бағалау;
     3) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстарды пысықтау;
     4) білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметінің сапасын салыстырмалы талдауды жүргізу.

  2. Жалпы орта білім беретін білім
беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу

     5. МАБ білім алушылардың тиісті сатының білім беру бағдарламалары мазмұнын меңгеруін тексеру мақсатында жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында бастауыш (4-сынып) және негізгі (9-сынып) саты аяқталған соң жүзеге асырылады.

     6. Жалпы орта білімнің бастауыш (4-сынып) негізгі (9-сынып) сатысында МАБ оқушылар оқитын білім беру ұйымдары базасында өткізіледі.

     7. МАБ-ты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мақсатында әрбір жалпы орта білім беретін ұйымдарда мемлекеттік комиссиялар (МК) құрылады. МК құрамына облыстық (қалалық) білім басқармалары (департаменттері) немесе аудандық (қалалық) білім бөлімдері, ата-ана қоғамы, мектеп педагогтері өкілдері, сондай-ақ білікті педагогтер арасынан тағайындалатын хатшы кіреді.
     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) уәкілеттік өкілдері МАБ-ты өткізудің бекітілген тәртібінің және оның технологияларын сақталуын жүзеге асырады.

     8. МК-ның төрағасы болып білім беру ұйымының басшысы тағайындалады.
     МК туралы ережені Министрлік бекітеді.
     МК-ның құрамы МАБ-ты өткізуден кемінде 1 ай бұрын МАБ-ты өткізу кезеңіне облыстық білім басқармасы (департаменті) басшысының бұйрығымен бекітіледі.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 ақпандағы N 61   бұйрығымен .

     9. МАБ Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (ББТМСҰО) әзірлеген технология бойынша тестілеу нысанында, сонымен бірге Министрлік бекіткен жазу тапсырмалары бойынша өткізіледі.
     МАБ-ты өткізу технологиясын Министрлік бекітеді және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен келісіледі.

     10. Тест тапсырмаларын жалпы білім беретін пәндер бағдарламалары негізінде ББТМСҰО әзірлейді, олардың мазмұны аталған бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.

      11. 9-сыныптарда МАБ-ты тапсыру үшiн орыс тiлiнде оқытатын мектептердiң оқушылары үшiн - қазақ тiлi, қазақ тiлiнде оқытатын мектептердiң оқушылары үшiн - орыс тiлi мiндеттi болып табылады.
      МАБ өткiзiлетiн басқа да оқу пәндерiнiң тiзбесiн, сондай-ақ мектептердiң, МАБ рәсiмнен өткiзiлетiн оқушылардың тiзiмдерiн жыл сайын министрлiк белгiлейдi.
       Ескерту: 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы  N 610  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз)   бұйрығымен .

     12. МАБ жалпы орта білім берудің бастауыш (4-сынып) және негізгі (9-сынып) сатысында ағымдағы жылы 20 ақпан 20 наурыз кезеңінде өткізіледі.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылады - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 ақпандағы N 61   бұйрығымен .

     13. МАБ-ты өткізу үшін әр тестілеу пәніне 45 минут беріледі.
      Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы  N 610  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз)   бұйрығымен .

     14. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны оқытудың бастауыш сатысында - 20, негізгі сатыда - 30.
      Ескерту: 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 ақпандағы N 61   бұйрығымен .

     15. МАБ-тың нәтижесінде әрбір дұрыс жауап 1 баллмен бағаланады.

     16. МАБ-тың нәтижелері білім алушылардың назарына ол аяқталғаннан кейінгі бір апта ішінде жеткізіледі.

     17. Оқушылардың білім жетістіктері МАБ-ты тапсыру нәтижелері, егер ол Министрлік белгілеген өту деңгейден кем болмайтын баллдар санын жинаса, "игерді" деген белгімен бағаланады.

     18. МАБ-тан өтпеген білім алушыларының саны Министрлік белгілеген санды шегінен асқан жалпы орта білім ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады.

  3. Жоғары кәсіптік білім беретін білім
беру ұйымдарында МАБ-ты өткізу

     19. МАБ білім алушылардың жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының (бұдан әрі - МЖМБС) әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және жалпы бейімді пәндер циклдарына кіретін жекелеген пәндерді меңгеруін тексеру мақсатында жоғары кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарында екінші курсты бітіргеннен кейін (медициналықта - үшінші курсты бітіргеннен кейін) жүзеге асырылады.

     20. МАБ жоғары орындары нысаны мен ведомстволық бағыныстығына қарамастан барлық оқыту нысандарында білім алушы студенттер үшін өткізіледі.
     Жоғары кәсіптік білім алу үшін жеделдетіп оқыту мерзімде қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарында білім алушы студенттер және өнер мамандықтары бойынша білім алушылар МАБ рәсімінен өтпейді.
      Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 7 ақпандағы N 61   бұйрығымен .

     21. Даярлау бағыты топтарының мамандықтардың тізбесін және пәндердің тізбесін, сондай-ақ МАБ-тың тест тапсырмаларын білім алу нысандары бойынша Министрлік бекітеді.

     22. МАБ-ты өткізу үшін даярлау бағытын (мамандықтарды) ескере отырып үлгі оқу бағдарламалары негізінде МЖМБС-ның міндетті компоненттері пәндері бойынша әзірленген тест тапсырмалары қолданылады.

     23. Тест тапсырмалары Сараптама кеңесінде МЖМБС-ға сәйкестігіне сараптамадан өтеді. Сараптама кеңесі туралы ережені және оның құрамын Министрлік бекітеді.

     24. Министрлік республика өңірлері бойынша базасында МАБ өтетін жоғары оқу орындарының тізбесін (бұдан әрі - базалық жоғары оқу орны) белгілейді, ол білім беру ұйымдарының назарына МАБ-ты өткізуден кемінде бір ай бұрын жеткізіледі.

     25. Жергілікті жерлерде МАБ-ты өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіруді мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
     Әрбір базалық жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады.
     Мемлекеттік және апелляциялық комиссиялардың қызметі туралы ережелерді, мемлекеттік комиссияның құрамы мен апелляциялық комиссиялардың төрағаларын Министрлік бекітеді.

     26. МАБ МБСТҰО әзірлеген технология бойынша кешенді тестілеу нысанында (бұдан әрі - тестілеу) өткізіледі.

     27. Студенттерді тестілеу 15-30 маусым аралығында өткізіледі.
     28. Тестілеу қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде өткізіледі.

     29. Тестілеудің нәтижелері тестілеуге қатысқан студенттердің назарына ол аяқталғаннан кейінгі 24 сағат ішінде жеткізіледі.

     30. Студентке тестілеудің нәтижелері негізінде сертификат беріледі. Сертификат қатаң есептіліктегі құжат болып табылады, оның үлгісін Министрлік бекітеді. Сертификат студенттiң жеке iсiнде сақталады.
      Ескерту: 30-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы  N 610  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз)   бұйрығымен .

     31. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген студент апелляцияға бере алады.
     Апелляцияға арыз тестілеудің қорытындысы хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күннің сағат 13-ке дейін беріледі.
     Арызды апелляция бергеннен кейін бір тәулік ішінде апелляциялық комиссия қарайды.

     32. МАБ-ты тапсыру нәтижелері "сынақтан өтті", "сынақтан өтпеді" деген белгімен бағаланады.
     Eгep медициналық мамандықтар бойынша шектi деңгей жалпы тест тапсырмаларының 50 % дұрыс жауаптарына, барлық қалған даярлау бағыттары мен мамандықтар бойынша 35 %-ға тең болса тестiлеудiң нәтижесi бойынша студент сынақ бағасын алады
     МАБ қорытындысы бойынша МК анықтама жазады, оған топтар бойынша емтихандық тізімдеме қоса тіркеледі. Анықтаманың көшiрмесi МАБ аяқталғаннан кейiн 10 күн iшiнде Министрлiкке ұсынылады.
     Емтихандық тізімдеме негізінде МАБ бойынша сынақтан өту туралы белгіні студенттің сынақ кітапшасына факультет деканы (институттың директоры) қояды.
      Ескерту: 32-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы  N 610  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз)   бұйрығымен .

     33. Студент тестілеуге келмеген жағдайда оның емтихандық тізімдемесіне "келген жоқ" деген белгі қойылады.

     34. МАБ-тан өтпеген студенттер базалық жоғары оқу орындарында МАБ-тан қайта өтуге құқылы.
     Қайта тестілеуге МАБ-тан сынақ ала алмаған, ауырып қалуы немесе өзге де дәлелді себептермен тестілеуге келмеген тиісті растайтын құжаттамасы бар студенттер қатыса алады.
     Білім алушыларды қайта тестілеу бір рет Министрлік белгілеген мерзімде өтеді.

     35. МАБ-ты екінші рет тапсырмаған мемлекеттік білім гранттары мен кредиттеріне иегер студенттер мемлекеттік білім гранты мен кредиті бойынша оқуды жалғастыру құқығынан айырылады және ақылы негізде қайта оқу курсына қала алады.

     36. МАБ-тан қайта өтпеген ақылы бөлімнің студенттері ақылы негізде қайта оқу курсына қала алады.

     37. МАБ-тың негiзгi рәсiмдерiнiң нәтижелерi бойынша 7 % оқушылары 25 % және одан да көп мамандықтар бойынша шектi деңгейден өте алмаған бiлiм беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттiк аттестаттауға жатады.
      Ескерту: 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы  N 610  ( қолданысқа енгізілу тәртібін   4-тармақтан   қараңыз)   бұйрығымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады