Өңiрлiк және апелляциялық комиссиялар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2815. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 232 (V053619) бұйрығымен.

      Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудің тiзiлiмiнде 2004 жылғы 6 сәуiрдегi N 2795 тiркелген "Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және оны өткiзу ережесiн бекiту туралы" Бiлiм және ғылым министрiнiң 2004 жылғы 31 наурыздағы N 264  бұйрығына  сәйкес Бұйырамын:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы бiлiм алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және оны өткiзу жөнiнде өңiрлiк және апелляциялық комиссиялар туралы ереже бекiтiлсiн.

      2. Олардың базаларында 2 (3) курс студенттерiне кешендi тестiлеу өткiзiлетiн жоғары оқу орындарының ректорлары:
      1) өңірлік және апелляциялық комиссиялардың құрамына кандидатураларды Бiлiм және ғылым министрлiгiне бекiтуге ұсынсын;
      2) өңiрлiк және апелляциялық комиссиялардың жұмысын ұйымдастырсын.

      3. Бiлiм берудi дамыту стратегиясы және халықаралық ынтымақтастық департаментi (С.Ә. Ырсалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын.

      4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енедi.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      Министрдің
      мiндетiн атқарушы

"Өңірлік және апелляциялық   
комиссиялар туралы"      
Қазақстан Республикасы     
Білім және ғылым министрінің  
2004 жылғы 9 маусымдағы    
N 532 бұйрығымен бекітілген 

  Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау бойынша өңірлік және апелляциялық комиссиялар туралы
Ереже

  1. Жалпы ережелер

      1. Кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды 2 (3) курстан кейін аралық аттестаттау жөнінде өңірлік және апелляциялық комиссиялар (бұдан әрі - өңірлік комиссия және апелляциялық комиссия) Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесіне сәйкес құрылады.

      2. Өңірлік және апелляциялық комиссиялар базаларында 2 (3) курстан кейін аралық аттестаттау (бұдан әрі - БАА) өткізілетін әрбір жоғары оқу орындарында құрылады.

      3. Өңірлік және апелляциялық комиссиялар өз жұмысында осы ережені, Қазақстан Республикасының кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу ережесін және басқа нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

  2. Өңірлік комиссия

1. Өңірлік комиссияны құру

      4. Өңірлік комиссияның құрамы базаларында аралық аттестаттау өтетін жоғары оқу орындарының ұсыныстары бойынша БАА дайындау және өткізу кезеңінде құрылады.
      Өңірлік комиссияның құрамына студенттері БАА бойынша кешенді тестілеуден өтіп жатқан жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді.
      Өңірлік комиссияның құрамына бақылаушылар ретінде құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кіргізуге болады.
      Өңірлік комиссияның төрағасы болып базасында БАА өтетін жоғары оқу орнының ректоры немесе осы жоғары оқу орнында БАА өткізуге жауапты адам тағайындалады.
      Өңірлік комиссияның құрамын жыл сайын Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекітеді.

  2. Өңірлік комиссияның міндеттері мен функциялары

      5. Өңірлік комиссияның негізгі міндеті - жоғары оқу орындарында БАА өткізу жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

      6. Өңірлік комиссия алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін:
      1) БАА бойынша ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
      2) БАА-ға қатысатын студенттер туралы мәліметтер базасын құруды іске асырады;
      3) студенттерді кешенді тестілеуден өткізуге қажетті жағдай жасайды;
      4) аудиториялар бойынша кезекшілерге нұсқау береді;
      5) емтихан аяқталғаннан кейін дұрыс жауаптардың кодын іледі және кешенді тестілеудің нәтижелерін хабарлайды;
      6) апелляциялық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
      7) мемлекеттік сертификаттар беруді ұйымдастырады;
      8) сынақ кітапшасына нәтижелерді (сынақ бағаларын) қояды;
      9) БАА нәтижелерімен бірге топ бойынша тізімдемелері және тестілеуді қайта өтетін студенттер туралы мәліметтер қоса берілген анықтаманы дайындайды және оны Министрлікке жібереді.

  3. Өңірлік комиссияның құқығы

      7. Өзіне жүктелген негізгі функцияларды іске асыру үшін өңірлік комиссия:
      1) өз құзыретінің шегінде БАА өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асыруға;
      2) БАА мәселелері және өңірлік комиссия жұмысының тиімділігін арттыру бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізуге;
      3) өңірлік және апелляциялық комиссиялардың жұмысына жоғары оқу орындарының қызметкерлерін тартуға құқылы.

  4. Өңірлік комиссияның жұмысы

      8. Өңірлік комиссия төраға бекіткен жоспарға сәйкес жұмыс істейді.
      Өңірлік комиссияның хатшысы жұмыс жоспарын, отырыстардың күн тәртібін жасайды, комиссия мүшелерінің өзара әрекеттерін ұйымдастырады және іс қағаздарын жүргізуге жауап береді.

      9. Егер комиссия мүшелерінің жалпы санының 2/3 қатысқан болса, онда өңірлік комиссияның отырысы өтті деп есептеледі.

      10. Өңірлік комиссияның шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелері санының басым көпшілік дауысымен қабылданады және барлық комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
      Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып саналады.

  5. Апелляциялық комиссия

      11. Апелляциялық комиссия мамандықтар пәндері мен даярлық бағыттары бойынша жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құрылады.
      Апелляциялық комиссияның құрамын Министрлік бекітеді.

      12. Апелляциялық комиссия тестілеу нәтижелерімен келіспеген студенттердің арыздарын қабылдап алады және оны қарайды.

      13. Апелляцияға арыз тестілеу нәтижелерін хабарлағаннан кейін бір тәулік ішінде апелляциялық комиссияға беріледі және апелляцияға берілгеннен кейін бір тәулік ішінде қаралады.

      14. БАА өткізу технологиясын білім алушының бұзуына байланысты мәселелер бойынша апелляция қабылдайды.

      15. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының басым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы шешуші дауысқа құқылы.

      16. Апелляциялық комиссияның шешімін комиссияның барлық мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді және комиссияның төрағасы бекітеді.

      17. Апелляциялық комиссия студенттерді апелляция қорытындыларымен хабардар етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады