Об утверждении Правил выдачи разрешений на обучение в форме экстерната

Приказ И.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 апреля 2005 года N 229. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 мая 2005 года N 3620. Утратил силу приказом Министра oбразования и науки Республики Казахстан от 03 декабря 2007 года N 602.

       Сноска. Приказ И.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 апреля 2005 года N 229   утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 03 декабря 2007 года  N 602  (вводится в действие по истечении 10 календарных дней со дня его первого официального опубликования).

     Во исполнение  распоряжения  Премьер-Министра Республики Казахстан от 30 декабря 2004 года N 383-р "О мерах по реализации законодательных актов Республики Казахстан"  ПРИКАЗЫВАЮ:

     1. Утвердить прилагаемые Правила выдачи разрешений на обучение в форме экстерната.

     2. Внести в  приказ  Министра образования и науки Республики Казахстан от 11 марта 2001 года N 151 "Об утверждении Правил организации деятельности высших учебных заведений" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 1474, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов в 2001 году, N 22 с изменениями, внесенными приказами Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 марта 2002 г. N 200; от 13 февраля 2003 г. N 82) следующее изменение:
     главу 5 Правил организации деятельности высших учебных заведений, утвержденных указанным приказом, исключить.

     3. Департаменту высшего и послевузовского образования (Нургужин М.Р.) представить в установленном порядке настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

     4. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

     5. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
 
 
     И.о. министра 

     Утверждены             
     приказом И.о.Министра образования 
     и науки Республики Казахстан   
     от 11 апреля 2005 года N 229   

Правила выдачи разрешений на обучение в форме экстерната 

     1. Настоящие Правила определяют порядок выдачи разрешений на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее профессиональное образование (далее - Правила). 
     2. Экстернат является одной из форм обучения, при которой обучающийся без регулярного посещения занятий самостоятельно изучает учебные дисциплины согласно образовательной программе.

     3. На обучение в форме экстерната принимаются следующие обучающиеся:
     1) с ограниченными возможностями;
     2) очной формы обучения, находящиеся на обучении за рубежом;
     3) заочной формы обучения, находящиеся в длительной служебной командировке;
     4) наиболее одаренные обучающиеся, занимающиеся научно-исследовательской работой, участники и победители международных и республиканских научных конференций и конкурсов.
     4. Обучающийся, желающий получить высшее профессиональное образование в форме экстерната, подает заявление на имя руководителя организации образования. Несовершеннолетние - по заявлению родителей или иных законных представителей. 
     5. Обучающийся с ограниченными возможностями при зачислении на обучение в форме экстерната к заявлению прилагает соответствующее заключение врачебно-консультационной комиссии.

     6. Обучающийся очной формы обучения, находящийся на обучении за рубежом, при переводе на обучение в форме экстерната к заявлению прилагает копию приказа о его командировании за рубеж.
     7. Обучающийся заочной формы обучения, находящийся в длительной служебной командировке, при переводе на обучение в форме экстерната к заявлению прилагает копию приказа о его командировании и ходатайство с места работы.
     8. Отдельные одаренные обучающиеся могут переводится на обучение в форме экстерната по мотивированному заключению руководителя структурного подразделения. При этом успеваемость за весь период обучения должна быть не ниже, чем на "отлично".

     9. Заявление обучающегося (заявление родителей или иных законных представителей) о зачислении или переводе на обучение в форме экстерната рассматривается в десятидневный срок на заседании ученого совета организации образования.
     По результатам рассмотрения принимается соответствующее решение. 
     При положительном решении вопроса документы обучающегося о его зачислении или переводе на обучение в форме экстерната (личное заявление обучающегося либо заявление родителей или иных законных представителей, справки и другие подтверждающие мотивировку документы, решение ученого совета организации образования, скрепленное печатью) направляются в центральный исполнительный орган в области образования. 

     Центральным исполнительным органом в области образования документы обучающегося рассматриваются в двухнедельный срок. По итогам рассмотрения принимается решение о разрешении либо отказе обучающемуся на обучение в форме экстерната. 
     Основанием отказа обучающемуся на обучение в форме экстерната является несоответствие требованиям, указанным в пункте 3 настоящих Правил.
     После получения разрешения центрального исполнительного органа в области образования о зачислении или переводе обучающегося на обучение в форме экстерната руководитель организации образования издает соответствующий приказ.

_____________________________________________________

Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі N 229 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 5 мамырда тіркелді. Тіркеу N 3620. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы N 602 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007.12.03.  N 602  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін іске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 383-ө  өкімін  орындау үшін  БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
      2. "Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 151  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1474 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2001 жылғы N 22 санында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2002 жылғы 21 наурыздағы N 200, 2003 жылғы 13 ақпандағы N 82 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен бірге жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінің  5-тарауы  алынып тасталсын.
      3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Р. Нұрғожин) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің  
2005 жылғы 11 сәуірдегі   
N 229 бұйрығымен бекітілген  

Экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру ережесі

      1. Осы Ереже кәсіптік жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында білім алуға рұқсат беру тәртібін айқындайды (бұдан әрі - Ереже).

      2. Экстернат білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ, білім беру бағдарламасына сәйкес оқу пәндерін өз бетінше оқитын оқыту нысандарының бірі болып табылады.

      3. Экстернат нысанында оқуға мынадай:
      1) мүмкіндігі шектеулі білім алушылар;
      2) шетелдерде оқитын күндізгі нысандағы білім алушылар;
      3) ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушылары;
      4) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын неғұрлым дарынды білім алушылар, халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар мен конкурстардың қатысушылары мен жеңімпаздары қабылданады.

      4. Экстернат нысанында кәсiптiк жоғары білiм алуға тiлек бiлдiрген бiлiм алушылар білiм беру ұйымы басшысының атына өтініш бередi. Кәмелетке толмағандар - ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша.

      5. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылар экстернат нысанында оқуға қабылданған кезде өтінішіне қоса тиісті дәрігерлік-консультациялық комиссиясының тұжырымын береді.

      6. Шетелде оқу оқитын күндізгі нысанда білім алушылар, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса шетелге іссапарға жіберілгені туралы бұйрықтың көшірмесін береді.

      7. Ұзақ қызметтік іссапарда жүрген сырттай оқитын білім алушы, экстернат нысанында оқуға ауысқанда, өтінішіне қоса іссапар туралы бұйрығын көшірмесі мен жұмыс істейтін орнынан қолдаухатын береді.

      8. Кейбір дарынды білім алушылар, экстернат нысанында оқуға құрылымдық бөлімшелер басшысының берген дәлелді қорытындысы бойынша ғана ауыса алады. Ол үшін білім алушының барлық оқу мерзіміндегі үлгерімі "өте жақсы" деген бағадан төмен болмауы тиіс.

      9. Білiм алушының (ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің) экстернат нысанына оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы өтініші он күндік мерзімде бiлiм беру ұйымы ғылыми кеңесiнiң кеңес мәжiлiсiнде қаралады.
      Қарау қорытындылары бойынша тиісті шешім қабылданады.
      Мәселе дұрыс шешілген жағдайда, білім алушының экстернат нысанында оқуға қабылдануы немесе ауысуы туралы құжаттары (білім алушының жеке өтініші немесе ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, анықтамалары және уәждемелік растайтын құжаттар, білім беру ұйымы кеңесінің шешімі, мөрмен расталған) білім беру саласындағы орталық атқарушы органға жіберіледі.
      Білім беру саласындағы орталық атқарушы орган білім алушылардың құжаттарын екі апта мерзімде қарайды. Қараудың қорытындылары бойынша білім алушыға экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады.
      Экстернат нысанында оқуға білім алушыға келісім бермеудің негізі осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген талаптардың орындалмауы болып табылады.
      Білім беру саласындағы орталық атқарушы органнан білім алушыны экстернат нысанында оқуға ауыстыруға рұқсат алынғаннан кейін, білім беру ұйымының басшысы тиісті бұйрық шығарады.