О внесении изменения и дополнений в приказ и.о. Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года N 269 "Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии"

Приказ Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 19 марта 2008 года N 70. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2008 года N 5199. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 16 апреля 2013 года № 124

      Сноска. Утратил силу приказом Заместителя Премьер-Министра РК - Министра индустрии и новых технологий РК от 16.04.2013 № 124.

      В соответствии с подпунктом 5)  статьи 5 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об электроэнергетике" и с целью организации имитационного режима балансирующего рынка электрической энергии  ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в  приказ и.о. Министра энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 30 ноября 2007 года N 269 "Об утверждении Правил функционирования балансирующего рынка электрической энергии" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за N 5044, опубликованный в "Юридической газете" от 11 января 2008 года N 4 (1404) следующие изменение и дополнения:

      в пункте 3 слова "в 1 квартале 2008 года будет осуществляться работа балансирующего рынка в имитационном режиме, без процедуры взаиморасчетов за купленную-проданную на балансирующем рынке электрическую энергию, механизм финансового урегулирования дисбалансов будет осуществляться со 2 квартала 2008 года" заменить словами "в 2008 году будет осуществляться работа балансирующего рынка в имитационном режиме, без процедуры взаиморасчетов за купленную-проданную на балансирующем рынке электрическую энергию";

      пункт 5 дополнить словами следующего содержания: "за исключением подпунктов 1), 2) пункта 12 вышеуказанных Правил, которые вводятся в действие с момента окончания периода работы балансирующего рынка электрической энергии в имитационном режиме.";

      в Правила функционирования балансирующего рынка электрической энергии, утвержденные указанным приказом:

      пункт 8 дополнить подпунктом 4-1) следующего содержания:

      "4-1) имитационный режим - режим работы балансирующего рынка электрической энергии, при котором не осуществляются взаиморасчеты за купленную-проданную на балансирующем рынке электрическую энергию.";

      дополнить главой 12 следующего содержания:

" Глава 12. Имитационный режим работы балансирующего
рынка электрической энергии

      74. В имитационном режиме Системный оператор, с целью осуществления физического урегулирования дисбалансов, осуществляет приобретение услуг по регулированию мощности. В договорах на оказание услуг по регулированию мощности оговаривается объем услуг и порядок их использования.

      75. На рынке децентрализованной и централизованной торговли электрической энергии в период имитационного режима взаиморасчеты между субъектами рынка осуществляются за фактические объемы потребленной электрической энергии.

      76. Отклонения объемов производства-потребления электрической энергии субъектом рынка от заданных суточным графиком допускаются только при наличии договора с Системным оператором на оказание услуг по организации балансирования производства-потребления электрической энергии.

      77. Порядок осуществления физического урегулирования дисбалансов в имитационном режиме:

      1) Системный оператор определяет объемы и структуру закупаемых услуг по регулированию мощности на основе прогнозных балансов производства и потребления электрической энергии в ЕЭС Казахстана и осуществляет их приобретение;

      2) Системный оператор задействует заключенные договоры на приобретение услуг по регулированию мощности в случае:

      отклонения частоты от номинальных значений в режиме изолированной работы ЕЭС Казахстана;

      отклонения фактических значений межгосударственных сальдо-перетоков электрической энергии ЕЭС Казахстана с энергосистемами сопредельных государств от значений, согласованных в утвержденном суточном графике;

      перегрузок в сечениях;

      предотвращения, локализации и ликвидации технологических нарушений и аварий.

      3) по согласованию между Системным оператором и субъектом рынка, в договоре на оказание услуг по организации балансирования производства-потребления электрической энергии устанавливается диапазон возможных дисбалансов данного субъекта рынка;

      4) дисбалансы допускаются только в пределах диапазонов возможных дисбалансов, предусмотренных договорами на оказание услуг по организации балансирования производства-потребления электрической энергии. При этом алгебраическая сумма (сальдо) дисбалансов за сутки и за расчетный период должна равняться нулю;

      5) Системный оператор осуществляет мониторинг соблюдения субъектами рынка диапазонов возможных дисбалансов и нулевого сальдо дисбалансов и при нарушении субъектом рынка этих условий вводит ограничение на оказание услуг по организации балансирования производства-потребления электрической энергии.".

      2. Департаменту электроэнергетики и угольной промышленности Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан (Бертисбаеву Н. Б.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и последующее его опубликование в официальных средствах массовой информации.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    С. Мынбаев

      СОГЛАСОВАН:
      Председатель Агентства
      Республики Казахстан
      по регулированию естественных
      монополий
      Н. Алдабергенов
      "____"_____________ 2008 года

"Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 269 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 70 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5199 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 124 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 16.04.2013 № 124 бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес және теңгермелі электр энергиясы нарығының имитациялық режимін ұйымдастыру мен реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 269 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5044 болып тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 (1404) Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:

      3-тармақта "2008 жылдың 1 тоқсанында теңгерімдеуші нарықтың жұмысы имитациялық режимде, теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясының өзара есептесу рәсімінсіз жүзеге асырылатын болады, теңгерімсіздіктерді қаржылық реттеу тетігі 2008 жылғы 2 тоқсаннан бастап жүзеге асырылатын болады." деген сөздер "2008 жылы теңгерімдеуші нарықтың жұмысы имитациялық режимде теңгерімдеуші нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысулар рәсімінсіз жүзеге асырылатын болады." деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы сөздермен: "имитациялық режимдегі электр энергиясының теңгерімдеуші нарықтың жұмыс кезеңі аяқталған кезінен бастап қолданысқа енгізілетін жоғарыда аталған Ереженің 12-тармағының 1), 2) тармақшаларын қоспағанда." толықтырылсын:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу ережелерінде:

      8-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) имитациялық режим - теңгермелі электр энергиясы нарығының жұмыс режимі, бұл ретте теңгермелі нарықта сатып алынған-сатылған электр энергиясы үшін өзара есеп айырысулар жүзеге асырылмайды.".

      мынадай мазмұндағы 12-тараумен толықтырылсын:
      "12-тарау. Теңгермелі электр энергиясы нарығы жұмысының имитациялық режимі.

      74. Имитациялық режимде Жүйелік оператор теңгерімсіздіктерді табиғи реттеуді жүзеге асыру мақсатында қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуды жүзеге асырады. Қуатты реттеу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға арналған шарттарда қызмет көрсетулер көлемі мен оларды пайдалану тәртібі келтіріледі.

      75. Имитациялық режим кезеңінде электр энергиясының орталықсыздандырылған және орталықтандырылған сауда нарығында нарық субъектілері арасындағы өзара есеп айырысулар тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін жүзеге асырылады.

      76. Нарық субъектісінің электр энергиясын өндіру-тұтыну көлемінің тәуліктік кестемен берілгеннен ауытқытуына Жүйелік оператормен электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шарт болған жағдайда жол беріледі.

      77. Имитациялық режимде теңгерімсіздіктерді табиғи реттеуді жүзеге асыру тәртібі:

      1) Жүйелік оператор қуатты реттеу бойынша сатып алынатын қызметтердің көлемдері мен құрылымын Қазақстан БЭЖ-дегі электр энергиясын өндіру мен тұтынудың болжамдық теңгерімдерінің негізінде айқындайды және оларды сатып алуды жүзеге асырады;

      2) Жүйелік оператор қуатты реттеу бойынша қызметтерді сатып алуға жасасқан шарттарды:
      жиіліктің Қазақстан БЭЖ-нің оқшауланған жұмыс режиміндегі тұрақты мәнінен ауытқыған;
      Қазақстан БЭЖ электр энергиясының шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен мемлекетаралық сальдо-ағындарының нақты мән бекітілген тәуліктік кестеде келісілген мәнінен ауытқыған;
      қималардағы асқын жүктемелер;
      технологиялық бұзылыстар мен апаттардың алдын алу, өршітпеу және жою жағдайда іске қосады;

      3) Жүйелік оператор мен нарық субъектісі арасындағы келісім бойынша электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуге арналған шартта осы нарық субъектісінің болуы мүмкін теңгерімсіздіктерінің ауқымы белгіленеді;

      4) теңгерімсіздіктерге тек электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулерге арналған шарттарда қарастырылған мүмкін болар теңгерімсіздіктер аралығының шегінде ғана жол беріледі. Бұл ретте тәулік және есептік мезгіл ішіндегі теңгерімсіздіктердің алгебралық сомасы (сальдо) нөлге тең болуы тиіс.

      5) Жүйелік оператор нарық субъектілерінің мүмкін болар теңгерімсіздіктер аралықтарын және теңгерімсіздіктердің нөлдік сальдосына бақылау жүргізеді әрі нарық субъектісі осы шарттарды бұзған кезде электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетулерге шектеулер енгізеді.".

      2. Жүйелік оператор - "КЕGОС" АҚ Ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сай 2008 жылы теңгермелі электр энергиясы нарығының Қазақстан Республикасында имитациялық режимдегі жұмысын және электр энергиясын өндіру-тұтынудың теңгерімделуін ұйымдастыру жөніндегі қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (Бертісбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ары қарай ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           С. Мыңбаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      жөніндегі агенттігінің төрағасы
      ________________ Н. Алдабергенов
      2008 жылғы "__"_________________